«Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»


Шарипова Ажаргүл Овцеводовна

Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК тәрбиеші

Білім беру саласы:  Қатынас.

Бөлімдері: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Қуыршақ Әйгерімнің туған күні!

Мақсаты: Білімділік:.Балалар ойыншық туралы әңгіме құруға , өз ойларын, толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге, рөлдерге бөліне ойнай білуге үйрету.

Дамытушылық:  Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын арттыру. Ойыншықтарды  ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақтар, жұмсақ ойыншық –аю, резиналы ойыншықтар, пластмассалы машина, үнтаспа, ұлттық киім киген қуыршақ т.б.

Әдіс-тәсілде: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Сөздік жұмысы: қуыршақ, ойыншықтар, туған күн, сыйлық.

Билингвальды компонент:  қуыршақ –кукла, туған күн-день рождения, сыйлық-подарок.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың  іс-әрекеті
 

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

 

Балалар бірігіп шаттық шеңберін жасайды.
 

Ұйымдастыру іздестіру
Амансыңдар балалар!

Амансыздар қонақтар!

Арайлап атқан таңымда,

Шырқар күнде ән болсын!

Өмірімізде мән болсын! – деп бір-бірімізбен құшақтасып,амандасып келген қонақтарға сәлеметсіздер ме дейміз.  Сәлеметсіздер ме!

Ғажайып сәт:

Залда әдемі үй тұрады.-Балалар, бұл кімнің үйі екен?

-Балалар бұл қуыршақ Әйгерімнің үйі екен Оның құрбылары бар екен

Бүгін оның туған күні екен

– Балалар, Әйгерімнің құрбыларының есімдерін мен білмеймін , онда бәріміз бірге оларға есімін қояйық.

-Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?

-Қуыршақтарға  есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш», «Әлия».

-Қуыршақтарға  есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық.

-Кәне, бәріміз бірге:

-Енді Әйгерім  қуыршағымызға тоқталайық.

-Әйгерім  сендерге ұнады ма? Несі ұнады?

(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы,үкісі)

-Әйгерімнің шашы қандай?

(Қою қара шашты)

-«Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.

-Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды)

-Көздері қандай?

(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді)

-Ал, Әйгерімнің  көйлегі қандай?(Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)

-Балалар қуыршақ Әйгерімнің неше құрбысы бар?

-Ия, дұрыс ал барлығы осы жерде неше қуыршақ болды?

Балалар сендер білесіңдер ме?- бүгін Әйгерімнің туған күні екен…

– Ал енді бәріміз туған күнді тойлайық

Әйгерімге туған күнімен құттықтап әдемі тілектер айтайық.  Қане кім бастайды?

Сергіту жаттығуы:

«Көңілді күн»  (әнімен теледидарға қарап, қимыл-қозғалыс арқылы бойымызды сергітеміз)

Сұрақтарға жауап алу.

-Балалар, «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс –аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жата ма? Әлде ойыншықтарға ма?

-Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар?

Дидактикалық ойын:

«Ойыншықты тап»

Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.

Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер.

Мысалы, балалар алдымен көздерін жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен педагог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық жоқ?

-Ойыншық жасалуына қарай, жұмсақ па? Қатты ма? Әлде созылмалы ма? Ал сол ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың?

Ұжымдық жұмыс

Балалар дайындалған тұзды қамырдан кішкене ләпөшкелер жасайды да, тарелкеге қызыл қамыр мен сары қамырды кезектестіре отыра тау қылып орналастырады, содан соң торттың үстіңгі бетін әшекейлейді де, ортасына төрт санынан жасалған майшамды орналастырады. Жасалған тортты Әйгерімге туған күніне сыйлайды.

Балалар қызыға қарайды.

Сәлемдеседі.

-Білмейміз.

2-3 бала шығып есімін сұрайды.

Өз ойларындағы есімін айтады.

-Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз.

Өз ойларын жеткізеді. Оның шашы ұзын, әдемі.

-Шашын ол өріп қойыпты.

-Көздері дөңгелек күлімдеген.

-Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.

-Бөрік бас киімге жатады.

-Бөріктің төбесінде үкісі бар.

-төрт құрбысы бар

-бес қуыршақ болды

-құттықтаймыз

-төрт саны ол төртке толды

-балалар тілектерін айтады

 

(Сергіту жаттығуын қимыл – қозғалыс арқылы орындайды)

-ойыншыққа жатады

-балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды

 

Балалар қамырмен қызыға жұмыс жасайды

-балалар сыйлықтарын сыйлайды

Рефлексивті  түзетушілік
Ал балалар енді осы туған күннен естелік ретінде суретке түсейік .

Әйгерімге әсем ән айтып берейік.

«Мереке»

1.Би билейміз, ән салып,

Қол ұстасып жүреміз,

Мерекені қарсы алып.

Ойнаймыз да, күлеміз.

Қ-сы:

Пампарам, пампарам

Мерекені қарсы алып,

Пампарам, пампарам

Ойнаймыз да, күлеміз.

2.Содан кейін тағы да,

Үйге қайтып келеміз.

Ата менен апаға,

Концерт қойып береміз!

-кезектесіп суретке түседі

-барлығы қосылып ән айтады

Балалар қуыршақ Әйгерім де сендерге көп тәттілер әкеліпті, келіңдер алыңдар,қонақтарға беріңдер .Әйгерімге сау бол дейік ,қонақтарға да келгендеріне рахмет айтып, сау болыңыздар дейік.
 

-Әйгерім  сау бол!

Сау болыңыздар қонақтар!
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:  ойыншықтардың неден жасалғанын білу;

Қандай түсініктерді игерді: толық сөйлем құрауды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қонақ күту, қонақжайлылық дағдыларын қалыптастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *