«Түрлі көніл – күйлер» сабағы


Хабилбобоева Азиза Абдурахмоновна

Көкшетау қаласы “Амина” №13 балабақшасы” МКҚК психологі

Сабақтың   мақсаты  :

 

Ø Қуаныш сезімі  және ашу  ұғымы  туралы түсінік  беру , олардың жүйелі   бейнесін  көрсету .

Ø Заттардың   қабылдауын, кеңістікті   бағдарлай білуін , назарын  және  ойлауын  дамыту .

Ø Балаларды  ұжым боп  бірігуіне   жағдай жасау.

 

Терминдердің сөздігі:

 

Сезім – ол біздің өміріміздегі  оқиғалардың  әсері мен  көңіл –күйі .

Қуаныш –  қашанда бізге жақсы бірдеңенің істелгендігі. Көңіл – күйдің жақсы болуы .

Ашу – ол адамдардың ызаланып ашуланғаны.

 

Қажетті құралдар  : конверт хатпен ;  әр-түрлі заттары бар  кішкентай сиқырлы қап, магнитофон , сандықшада  әр-бір балаға арналған медалькалар, түрлі түсті картоннан жасалған үш алақан  .

 

Сабақ барысы:

 

Қуаныш шеңбері ” Күлкі сыйлайық  ”

 

Шеңберге тұрайық және жылы күлкімізді досымызға  сыйлайық  .

( тарсыл естіледі , хатпен хат тасушы кіреді )

 

Хат тасушы:

– Сәлеметсіздер ме , балалар !  Бұл  ” Таншолпан ” тобының балалары ма?

Мен сендерге арнап, көңіл-күй елінен,  Күлкі ханшайымынан   хат әкелдім.

 

Психолог:

Хатты оқимыз  ба? Ықылас  қойып  тыңдаңыздар .

 

 

Хат

Сәлеметсіздер ме балалар ! Сендерге хатты көңіл-күй елінен Күлкі ханшайымы жолдап отыр. Егерде мені кім де кім  білмесе, мен өз  суретімді  жолдап отырмын.  Менің жақсы көретін ісім- түрлі коллекциялар құрастырып жинақтау:  фантиктердің , гүлдердің , кактустардың .  Өз колекцияма  қажет  заттарды  барлық жерде іздеймін : тауларда , теңізде , тіпті қараңғы  орманда . Күндердің күнінде коллекцияға бір жаңалықты іздеймін деп, осындай бір орманға кезіктім. Алаңға шықсам ,онда әдемі сарай көріп , қызыға сол сарайдың ішіне кірдім. Онда әр-түрлі көңіл-күйлер мекендейді екен:  қуаныш , ашу , қорқу , таң қалу және басқалар.

 

Бұл күні осы хандыққа  зұлым сиқыршысы  Зұлымбек  баса көктеп  кірген екен. Ол барлық  көңіл-күйлерді  өз-ара  араздатты. Ал мен болсам ондайды жақтырмаймын, сондықтан мен оларды өз-ара татуластырдым. Сол себептен Зұлымбек маған ашуланып  мені қараңғы бөлмеге қамап менің күлкімді алып қойды. Ал мен болсам күлкіні өте жақсы көремін. Маған қараңғылықтан  шығуға және күлкімді  қайтаруға көмектесу  үшін  Зұлымбектің  тапсырмаларын орындауға  көмектесіңдер. Тапсырманы  оңайлықпен  орындайтындарыңа  сенемін.

 

Психолог:

Ал, балалар  Күлкі ханшайымына көмектесеміз бе ?

Тапсырманы орындаған сайын біз Зұлымбектің сарайына жақындай түсеміз.

– Бірінші тапсырмаға кірісейік .

 

Тапсырма ” Көңіл-күйді көрсет  ”

 

-Балалар сендер  қуанып көрдіңдер ме?

-Сендер қай кезде қуанасыңдар?

-Қуанғанда  адамның жүзінде қандай өзгерістер болады?

Барлығымыз бірігіп , анамыз сыйлаған сыйлыққа қуануымызды көрсетейік.

 

-Балалар, сендер ренжіген сәтте жүздерің қандай болады?

Ал енді  ренжігендегі  күйімізді  көрсетейікші.

 

2 тапсырма:

 

Ойын ” 3 түсті алақан ”

 

– Балалар, Зұлымбек келесі тапсырманы  орындау біздің қолдан келмейді деп ойлайды. Ал біз керісінше зейініміз  жақсы дамыған екенін көрсетеміз. Мұқият тыңдаңдар.

Қызыл түсте –шапалақ ұрамыз,

Сары түсте- дыбыс шығарамыз,

Жасыл түсте- секіреміз.

 

 

 

 

 

3 тапсырма

Ойын ” Сиқырлы  қапшық ”

 

Балалар , келесі тапсырманы Зұлымбек  қиындатып, қапшықтың ішіндегі заттарды  қөзге көрінбейтіндей етіп сиқырлатып тастады. Затты  көзбен көрмей қолмен сезе  отырып  атау.

 

4 тапсырма

Психомедитация ” көбелек ”

Тынық күйдің сүйемелдеуімен  балалар  жаттығуды орындайды

 

Қызыл қанат көбелек

1, 2 , 3

Жасыл қанат көбелек

1, 2, 3

Гүлден – гүлге қонамыз

Ұстатпаймыз не керек

 

5 тапсырма

Тапсырма  ” Айырмашылықты  тап ”

 

 

6 тапсырма

Жаттығу ” Қуаныш  тауы ”

 

Барлығымыз бірігіп «Қуаныш тауын»  құрастыруымыз керек. Кезектесіп , кімге не ұнайтынын айта отыра  , қолдарымызды  бірінің үстіне бірін қоямыз.

 

Күлкі  ханшайымы :

– Сәлеметсіңдер ме, балалар – !

Алғысым ретінде  сендерге және қонақтарға өз суретім  салынған  медальды  ұсынамын  . Медальдың екінші жағында  «Күлімсіре»деген сиқырлы сөз . Көңіл –күйлеріңіз болмаған  сәтте, осы медаль  сіздерге  жақсы көңіл-күй  сыйлайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *