«Қосмекенділермен таныстыру» (суреттерді қарастыру, бейнефильм көрсету)


Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базар-шолан ауылының

«Балдәурен» бөбекжайының II-санатты тәрбиешісі

Кабашева Анаргуль Амирбекова

Тобы: Ортаңғы «Балапан»

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қосмекенділермен таныстыру» (суреттерді қарастыру, бейнефильм көрсету)

Мақсаты: Балаларға кейбір қосмекенділер (бақа), бауырымен жорғалаушылар (кесіртке), олардың сыртқы түрінің ерекшеліктері, мекен ету ортасы, шығаратын дыбыстары туралы түсінік беру. Жануарлар әлемімен және оған қамқорлық қатынаспен байланысты мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу.

Кіріктірілген білім беру салалары: «Коммуникация» ( жұмбақ жасырып, өлең оқу)

«Денсаулық»  «сергіту сәті арқылы балалардың денелерін шынықтыру)

«Шығармашылық» («Кім бірінші», «Жалғасын тап» ойындары арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.Шарты: бөлшектелген қағаз қиындыларынан кесірткені құрастыру)

«Әлеумет» (балаларға бақа мен кесірткенің тіршілігі туралы түсінік беру)

Билингвальді компонент: Бақа-лягушка, frog (фрог) кесіртке-ящерица, lizard (лизард)

Іс-әрекет

Кезеңдері

                   Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Армысың алтын күн!

Армысың жер ана!

Армысың достарым!

Қайырлы күн достарым!

Балалар шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберіг орындайды

 

Ұйымдастыру

шылық-іздестіру

Жұмбақ шешу

Өзі қорқақ,

Аяғы талтақ

Көзі тостақ

Ол не балалар?

(Бақа)

Ғажайып сәт

–          Балалар, міне бізге қонаққа бақа келіп тұр.

–          Балалар, сендер бақа туралы не білесіздер?

–          Оның көзі, аяғы қандай?

–          Бақа қандай дыбыс шығарады?

Қане осы бақадан оның басы неге жалпақ екенін, көзі неге үлкен екенін және бұты неге талтақ екенін сұрайық

«Бақа, бақа» өлеңінен диалг

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?  (тәрбиеші)

Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.  (Қадырбек)

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?  (тәрбиеші)

Көрінгенге  көп қарап,

Көзім содан тостақ. (Қадырбек)

Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?  (тәрбиеші)

Көп отырдым ерініп,

Бұтым содан талтақ.  (Қадырбек)

Ия, балалар бақа терісі бұдырлы,

мүйізді болғандықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Бақа денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз орманда ылғалды жерлерде: жапырақ, шөптердің астында, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып жатады, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, ұлумен қоректенеді. Бақалар күз айында қысқы ұйқыға кетеді. Бақалар қыста ауаны өкпе арқылы емес, терісі арқылы қабылдайды.

–          Балалар, біз бақаны секіреді дедік. Неліктен олар  секіреді?

–          Бақа бізге секіріп көрсетші

–          Ой, бақа саған рахмет. Біз сен туралы көп мағлұмат білдік. Сен бізбен бірге әрі қарай, басқа да бауырымен жорғалаушылармен танысқың келе ме?

–          Онда бізбен бірге бол.

«Жалғасын тап» ойыны

Шарты: Аталған құстардың, жануарлардың қалай қозғалатындарын жалғастарып айту.

Құс-… (ұшады)

Балық-… (жүзеді)

Бақа-… (секіреді)

Жылқы-… (жүгіреді)

Сергіту сәті:

Қане, қане тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Отырамыз, тұрамыз

Орнымызды табамыз.

«Кім бірінші?» ойыны.

Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдарынада бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды.

– Балалар ненің бейнесін құрастырдыңдар,

– Бұл-кесіртке.

Кесіртке жер шарының  суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде Қазақстанда 6 тұқымдасы кең таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (батбат кесіртке). Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген.

Тілінің құрылысы да әртүрлі.

Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын, ұшы екі айырлған болып та келеді.

Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып, бұрынғы қалпына келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Түрлі  жәндікдермен, өрмекшілермен, құрттармен, құстардың жұмыртқасымен, түрлі өсімдіктің жұмсақ бөліктермен, жемісімен және тұқымымен қоректенеді.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма:

Суретке қарап кесірткенің ерекшеліктерін әңгімеле

2-тапсырма:

Суреттен кесірткенің немен қоректенетінін тауып белгіле.

3-тапсырма:

Суреттен құрбақаның мекенін тауып, белгіле.

4-тапсырма:

Суреттен құрбақаның немен қоректенетінін тауып  белгіле

Бақа- лягушка, frog

Кесіртке – ящерица, lizard

Жекеше-көпше түрі: Бақа – бақалар, кесіртке – кесірткелер

 

 

Жұмбақ щешімін табады

Бақа

 

 

 

Бақаны көріп таң қалады

 

Бақа туралы білетіндерін айтады

Көзі үлкен, артқы аяғы ұзын және алдыңғы аяғы қысқа

Бақылдайды

 

 

 

 

Тәрбиеші баламен «Бақа, бақа» өлеңін диалг ретінде айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдыңғы екі аяғы артқы екі аяғына қарағанда қысқа

Бақа секіріп көрсетеді

 

Бақа балалармен бірге бауырымен жорғалаушымен танысады

 

 

 

Ойынға белсене араласады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен жасайды

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысады

 

 

 

Кесірткенің

 

Кесіртке

 

Тәрбиешіні тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыстанып тапсырмаларды орындацйды

 

Суретке қарап әңгімелейді

 

Кесірткенің қорегін табады

 

 

Бақаның мекенін табады

 

 

Бақаның қорегін табады

 

Қайталайды

 

Жекеше-көпше түрде айтады

Рефлексивті-

түзетушілі

Балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау. Сұрақтар қоя отырып пысықтау. Балалар алған әсерлерін айтып көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Бақаны, кесірткені танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын.

Түсінеді: Кесірткені, бақаны таниды, ажыратады, олардың тіршіліктері туралы түсініп айта алады. Немен қоректенетінін және олардың қайда тіршілік ете алатындарын біледі.

Қолданады: Шығаратын дыбыстарын, жануарларға қамқорлықпен қарауды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *