Ауа және оның қасиеті


Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы

Ахмет Байтұрсынов атындағы  №20 мектебінің дүниетану пәнінің мұғалімі

Манасбаева Айгуль Сейлхановна

Мақсаты: Ауаның құрамы туралы түсінік беру. Ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып,жер бетін ауа қоршағанын,тірі табиғат үшін пайдасын алу ,тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу. Сөздік қорын кеңейту,өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.Табиғатты қорғай білуге,аялауға өз үлесін тигізе білетін азамат болуға баулу.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері :Оқушылардың ауаның құрамы, қасиеттері туралы білімдері толығады, өз пікірін айтып үйренеді, алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Сабақ түрі:Аралас сабақ
Әдісі:Түсіндіру,тәжірибе жасау

Көрнекілігі:Тірек сызба,доп,шар,интерактивті тақта

Үш тілділік :Ауа-воздух-air

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» тілек айту.
Топқа бөлу:Су,ауа, топырақ (шар түстері арқылы бөліну)
Топ ережелерін еске түсіреді.

ІІ.Өткенді қорыту: «Сұрақ күтемін» Денелер.Заттар.Табиғаттағы құбылыстары.

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды.

І-топ- ІІ-топқа ( Денеле туралы)

1.Дене деген не? (Адамды жан – жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады)
2.Дене нешеге бөлінеді? (Табиғи және адам қолдан жасап шығаратын жасанды денелер болып бөлінеді)

ІІ-топ ІІІ-топқа (Табиғи дене жайлы)

1. Табиғи денені атап шық? (Күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс)

2.Табиғи дене нешеге бөлінеді?(Табиғи денелер тірі және өлі денелерге бөлінеді)

ІІІ-топ І-топқа (Табиғат құбылыстары)

1.Табиғат құбылыстары деген не? (Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады)

2.Табиғат құбылыстарын ата? (Өсімдіктердің гүлдеуі, жеміс беруі, жапырағының түсуі, жануарлардың ұйқыға кетуі, найзағай, жаңбыр, кемпірқосақ, қар т.б)

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

– Барлық топтар өз сұрақтарының  жауабын алды. Әр тапсырма бойынша топтарды бақылап отыруды ұмытпаймыз.Олай болса менің де әр топқа сұрақтарым бар

І-топ (су тобы)

-Тірі және өлі денелердің айырмашылығы неде?

– Тірі денелер қоректенеді, өніп – өседі,

– Өлі денелер қоректенбейді, өніп – өспейді, көбеймейді.

ІІІ-топ ( топырақ тобы)

-Адам өзіне қажетті заттарды қайдан алады?
-Адам өзіне қажетті заттарды табиғаттан алады.
– Адам өміріне ең  қажет нелер?
-Тағам,жарық,су,жылу,және ауа.

-Ауа не үшін қажет?

-Ауа бізге тыныс алу үшін қажет.

-Алдарыңдағы шарға қараңдаршы, ол неге ұшып тұр деп ойлайсыңдар?

-Өйткені оның ішінде ауа бар

– Ауа, яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді?
– Ішімізден, яғни адамда ауа болады.
-Ол қалай келеді? Дем алу арқылы.
-Қане бәріміз аузымызды жауып,танауларыңды қысып іштеріңнен онға дейін санап көріңдер. Ауа жоқ болса біз тұншығамыз. Ауамен біз тыныс аламыз.

-Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Ендеше біздің сыныпта да ауа бар, бірақ  бізге ол көрінеме?

-жоқ

-неге?

-Өйткені ауа көзге  көрінбейді.

-Дәптерлеріңді көтеріңдер,оның аржағындағыны көресіңдер ме?

-Керегенің ар жағындағы көрші сыныпты  көре аламыз ба?

-Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

-Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

-Ауау мөлдір ,түссіз.Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.

– Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?

– Ауаның дәмі бар ма?

– Сонымен оқушылар, бұл тәжірибелерді жасау арқылы не түсіндіңдер?
– Ауа туралы не білеміз?

-Оқушылардың жауабы.

-Не білгілерің келеді?

-Оның құрамын, тағы қандай қасиеті бар екенін, неден тұратынын?

– Осы білгілерің келгендерді бүгінгі сабақта білуге тырысамыз.

– Олай болатын болса бүгінгі өтетін біздің тақырыбымыз қандай болмақ деп ойлайсыңдар?

– Ауа және оның қасиеті.
–         Ауа (үш тілде айтқызу)

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр.  Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін Джозеф Пристли зерттеді.  Ауаның құрамында 78% азот, 1% көмірқышқыл газы, 21% оттегі болады. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды. Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.  Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады

 

Жұптық және топтық жұмыс

Оқулықтағы«Ауа және оның қасиеті» деген мәтінді 3абзацқа бөліп, топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты жұппен және топта талқылайды. Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.

Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады

Сергіту сәті

–         Доп лақтыру ойыны

– Ауа не үшін қажет?

– Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?

– Қай жерлерде ауа таза болады?

– Ауа қалай ластанады?

– Ғарыштағы ауа қажеттілігін айт?

– Биік таудағы ауаның қажеттілігі?

– Доп лақтырғанда не байқадыңдар?

– Яғни ауа серпіледі.

– Бұл тәжірибеден не бақылыдыңдар, ауаның қандай қасиеттерін білдіңдер?

– Ауа серпіледі, сығылады.

– Тағыда ауаның қасиеттерін білу үшін тәжірибе жасайық.

V. Тәжірибе жасау, дәптермен жұмыс.

1 – тәжірибе

– Бір стакан суға топырақ салу.

2 – тәжірибе

–                Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру.

3 – тәжірибе

–                     Майшамды үшке бөліп, жағып біреуін стаканмен жауып, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.

–                     Қай шырағдан бұрын сөнеді?

Қорытындыны оқушыларға жасату.

 

VI. Бекіту. Суретпен жұмыс

І – топ. Ауаны ластау көздері

ІІ – топ. Ауаның қасиеттері.

ІІІ – топ. Ауаны ластанудан сақтау үшін сендер қандай үлес қосар едіңдер?

VII. Бағалау. Топтар бірін – бірі бағалайды.

 

-Балалар,қазақта мынадай сөз тіркесі бар «Ауадай қажет»деген.
-Сендер бұны қалай түсінесіңдер?

– Ауа адам өміріне ең қымбат, қасиетті нәрсе болғандықтан ауаны ерекше бағалаған. Өте қажет затты ауаға теңеген. Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көп болса, ауада соғұрлым таза болады. Сыныптың ауасын тазартайық, ол үшін мына тілек ағашына жасыл жапырақтарды жабыстырайық.

VIII. Сабақты қорыту. Тілек ағашына тілек жазып ілу.
Үйге тапсырма. Ауа және оның қасиетін оқу, қосымша мағлұматтар жинақтау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *