«Жаңғырту жағдайында жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы»


Бигалиева Самал Сабитовна
Бастауыш сынып мұғалімі
«№26 орта мектебі» КММ

«Жаңғырту жағдайында жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасы» тақырыбы аясында өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыммен төмендегі мәселеллер төңірегінде сөз қозғамақпын:

–         Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасының ерекшелігі

–         Білім беру салалары мен пәндері

–         Сабақта қолданған жаңашыл әдіс-тәсілдерім

–         Бағалаудың түрлері

–         Сабақ беру кезіндегі жетістіктерім

Осы жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтардың қыр-сырын зерттей отырып, ондағы өзгерістердің бұрынғы дәстүрлі сабақ берумен мүлдемге ұштаспайтындығында. Бүгінгі бастауыш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік артып отыр. Мектепке келген баланың бойында білік-дағдыны қалыптастыратын ең алдымен ұстаз – бастауыш сынып мұғалімі. Қазіргі заман талабына сай, ондағы болып жатқан өзгерістер мен қиындықтарға төтеп бере алатындай оқушымыз қабілетті болуы керек. Бұл сәтте бастауыш сынып мұғалімі көп рөль атқарады.

Бағдарламаның мақсаты: Кең ауқымды білім беру дағдыларын меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуына қолайлы білім беру ортасын құру.

Бағдарламаның міндеттері:

– сын тұрғысынан ойлау;

– зеттеу жұмыстарын жүргізу;

– АКТ-ны қолдану;

– коммуникативті қарым-қатынасқа түсу;

– жеке, жұппен және топпен жұмыс жасау;

– тиімді оқыту әдіс – тәсілдерін қолдану;

Бағдарламаның  өзектілігі:

Жаңартылған білім беру бағдарламасы әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту.

Бағдарламаның нәтижелігі:

-Бағдарламаның құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігін өсу ретін, мазмұнын, мақсатын білу, түсіну;

-Педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдану;

-Оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіну, қолдану;

-Оқушылар бойында дағдыны қалыптастыру.

Білім беру салалары мен пәндерінде өзгерістердің болуы жаңаша атаумен аталуы, яғни әліппенің сауат ашу атауына өзгертілуі, жаңа  жаратылыстану пәнінің енгізілуі, бұрынғы еңбек пен суретті қосып, көркем еңбек етіп аталуында, сонымен қоса математика дүниетану пәндері бойынша сабақ беріліп, жұмыс жасалуда. Осы пәндер бір-бірімен ажырататындай емес, бір-бірімен сабақтасып байланысып жатыр. Оларды ортақтастыратын: ортақ тақырыптың болуы, топтық, жұптық және жекелей жұмыстың жасалуы. Сондай-ақ критериалды бағалаудың болуы. Бала бүкіл өмір бойы шешім қабылдауға, дамуға, АКТ пайдалана білуге үйренеді. Жаңаша әдіс-тәсілдерді әр сабақта қолданып отыру баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, білімін тереңдетеді. Оқу пәндер баланың жалпы шығармашылық дамуына, өз ойын жеткізе алуына, өмірден өз орнын табуына аса қажетті пәндер болмақ. Бұрынғы дәстүрлі сабақтардан бөлек төрт дағдыны; оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылымды дамыта отырып, жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ өте тиімді. Осы жаңаша әдіс-тәсілдерді әр сабақта қолданып отыру баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырып білімін тереңдете түсетінінде. Түрлі аудио, бейне жазбалар тыңдатылып, көрсетіліп отырылуы. Осы арқылы сабақтың эмоциалық реңі арта түседі. Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Сабақтың жоспарында өзара әрекеттестіктің болуы; үш тілде сәлемдесу, ширату- сабаққа деген қызығушылықтарының артуы; зерттеу жұмыстарының жүргізілуі- жаңа білім алудағы шығармашылық қабілет, жаңа әдіс-тәсілдерді жаңа форматта жоспарлау, рефлексия, бағалаудың болуы. Сабақ бойы түрлі жаңаша әдіс-тәсілдердің болуы арқылы, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Қолданылған әдіс-тәсілдерім: «Жигсо» «Ыстық орындық», «Өрмекшінің торы»,  «Алтын балыққа арналған аквариум», «Венн диаграммасы», «Галерея», «Т кестесі», «Даналық ағашы», «Микрофон» тағыда басқада көптеген әдістерді қолданып келемін. Ең маңыздысы жаңартылған бағдарламадағы бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Мен үшін ащы болса да шындық. Алғашқы кезде осы бағалау түрлерін толық түсінбей, сабақ барысында қолдана келе, оның мазмұнын толықтай түсіндім. Бастапқы бірінші жартыжылдықта қалыптастырушы бағалаумен бағалап отырдық. Бұл тоқсан бойы жүйелі түрде өтіліп отырды. Екінші жарты жылдықтан бастап қалыптастырушы бағалаумен қоса жиынтық бағалауға да көштік. Бұл жерде әр пәннің бөлімі аяқталғаннан кейін алынып отыратын бағалаудың бір түрі. Мысалы, сауат ашу пәнін алып көрсетер болсам, бұл пән екі бөлім және тоқсандық бағалаудың спецификасынан тұрады. Осы үшеуінен шыққан ортақ балл тоқсаннық қорытынды бағасы болмақ. Бұл баланың тоқсан бойы алған нақты айқын бағасын көрсетеді. Бұл жерде ата-аналар тарапынан да ешқандай қарсы пікірлер болмады.

Қорыта айтқанда осы бағдарлама маған несімен ұнады? Ең бастысы білім мен тәрбие бір-бірімен ұштасып жатыр, бала білімді тек теория жүзінде  ғана алып қоймай, өмірмен тығыз байланыстыра отырып білім алады, бала қабілеті жан-жақты ашылады, балаға барынша еркіндік беріледі. «Білім – теңіз, мектеп – кеме» деп жатамыз. Сол кеменің бағыт-бағдар бергені іспеттес мұғалімде бұл жерде балаға бұрынғыша өзі түсіндірмей, бағыт – бағдар беріп отырады. Бала жан-жақты іздене отырып, бір-біріне үйренеді. «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *