Бал ара шаруашылығы


Тынышқалиев Жансерік Сағынтайұлы

«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ның  студенті

Жетекшісі: Байтханова Ақмаржан Әмірбекқызы

 ІІ-санаты «Ветеринария» мамандығының оқытушысы

Жоспары:

1.      Кіріспе

2.      Негізгі бөлім

2.1. Араның көбеюі

2.2. Араның  қорегі

2.3. Ара семьясының жыл  маусымындағы тіршілігі.

2.4.Ара шаруашылығынан  алынатын өнімдер

3.      Қорытынды.

1.       КІРІСПЕ.

 

Аралар тек қана  үлкен семья болып тіршілік  етеді. Көктемде  бірқалыпты  ара семьясы  омартада  ондаған мың жұмысшы  арадан және аналық арадан  құрылатын бір семьядан тұрады. Жұмысшы  ара  мен аналық  ара-ұрғашылары,  ал еркектері – трутни деп аталады.  Олар  семьяда  көктемнің  соңында  және жаздың  басында пайда болады да,  аз тіршілік етіп, күздің  аяғында  өліп қалады.  Мұның бәрі  еркек  аралар  тек қана жас аналық араларды ұрықтандыру үшін қажет.  Омарта  тұрғындары бір семья болып тіршілік етеді де, омартада  қалыптасқан  белгілі заңдар мен ережелерге  бағынады. Мұнда тұратын  әрбір  ара  өзінің  жұмыс орны  мен міндеттерін жақсы біледі. Және оны  мүлтіксіз  орындайды.

 

2. Негізгі бөлім.

2.1   Араның көбеюі.

Ара семьясының тіршілігіндегі  қызықты  бір мәселе – олардың көбеюі. Ол екі  процестен тұрады: біріншісі  жеке  аралардың  көбеюі,  екіншісі семьялық  көбеюі.

Ұрғашы  араның  көбею жыныс мүшелері  құрсаққа  орналасқан. Олар оң  жақ  және сол жақ  екі жұмыртқадан, екі жұп, бір  дара  жұмыртқа өткізгіштен, тұқым қабылдағыштан тұрады. Аралар  омартадан тыс, ауада  ұшып жүріп  ұрықтанады  және басқа  семьяның  еркек арасымен шағылысуы  ықтимал.

Еркек  араның  көбею жыныс  мүшелері  аталық екі ұрық безінен тұрады. Ұрық безінде  тұқым  жасушалары – сперматозоидтар пайда болады. Ұрықтану  кезінде  еркек  араның жыныс мүшесі  қатты жабысып қалады да, еркек ара  сол жерде өледі, ал ұрғашы  ара  оны құрсағынан жұлып алып, өз бағытына  ұшып кетеді.

Жұмысшы  араның көбею жыныс мүшелері ұрғашы  аралардікіне  ұқсас. Барлық  айырмашылығы жетілмеген және тұқым  қабылдағыштың тек жұрнағы  ғана қалған. Олардың жыныс  мүшелері  шағылысу жағынан бейімделмеген. Сондықтан ол қараңғы  жерде жатып алып даяр қорекпен қоректенеді. Личинканың ең жақсы  жетілген мүшесі – ас қорыту  мүшесі. Личинкадан кейін  қуыршақтану  мерзімі   келеді. Жұмыртқадан  жаңа  шыққан  араның қай түрі  болмасын  жақсы  жетілмейді. Жұмысшы  ара мен  еркек  аралар  өте  әлсіз , қозғала  алмайтын күйде  болады. Ал ұрғашы  ара еркек  немесе  жұмысшы  аралар сияқты  әлісіз болмайды. Олар ширақ , өз бетімен жүреде,  ұша  да  алады.

 

2.2 Араның  қорегі.

Араның  тіршілігі  гүлдермен тығыз байланысты. Аралар  негізгі  қорегі – гүлдерден  тәтті  шырындар мен гүл  тозаңдарын жинайды. Өз тарапынан  аралар да өсімдікке  үлкен пайда келтіреді. Олар бір  гүлден екінші  гүлге  ұшып қонып жүріп айқас тозаңдану  жұмысын жүргізеді. Аралардың жұмысына  қарай  сол өсімдіктердің өнімділігі  анықталады.

Тәтті шырын (нектар) жүзім,  жеміс және қамыс  қанттарының  аздап қышқыл,  минералдық тұздар,  сол сияқты  эфир  майы мен  ароматты  заттар  қосылған  қою ертіндісі. Тәтті  шырынның құрамында 94 пайыздан 34 пайызға  дейін су  болады.  Судың  мөлшері  өсімдіктің  түріне,  ауаның  ылғалдылығына және  температураға  байланысты.

Барлық  қанттың орташа  мөлшері тәтті шырында  35-40 пайыз болады. Тәтті  шырынның  түсі  әр түрлі: мөлдір , қызыл, қоңыр, жасыл,  сары  т.бю. болып келеді.

Бал- тәтті  шырынды  ара ағзасында қайта өңдеу  нәтижесінде пайда болған  өнім.  Ара ағзасында  жүретін негізгі  процесс – судың  булануы  және қамыс  қантының  жүзім қантына  айналуы, ал жеміс  қантының ферменттері  арқылы   инвертазаға  айналуы.

Жақсы балда  су 18-20 пайыз,  декетриндер мен минералды тұздар 5 пайызға  дейін  және  қант шамамен 75%. Қант  ерітіндісінің  осындай  концентрацияда  болуы  балдың  жақсы  сақталып, ашымауына  себін  тигізеді.

Гүл тозаңы  мен перга. Гүл тозаңын жинайтын уақыт-көктем  мен жаздың  басы. Осы уақыт кезінде  ара  семьясы  ұрпақ тәрбиелеуді бастайды. Сонда  жаңа  өсіп келе жатқан ара денесінің дұрыс  жетілуі  үшін ақуызды заттар керек, ал ол  ақуызды  заттар гүл тозаңында  көптен  кездеседі. Мысалы, ақ қайыңның гүл тозаңында  ақуыз 24  пайыз, орман жаңғақшасының гүл  тозаңында 30 пайыз болады.

Гүл тозаңындағы  ақуыз  араның негізгі  қорегі. Сонымен бірге  тозаңның құрамында май,  крахмал, қант, гүл және басқа  заттар да бар.  Мысалы, ақ қайыңның  гүл тозаңында 3,33% май, 18,5% қант, бақбақтың гүл  тозаңында 12,87% май, 40,17% қант кездеседі.

Аралар дұрыс  өсіп-жетілуі  үшін тек  гүл тозаңымен ғана қоректеніп қоймайды,  пергамен  да қоректенеді. Перга  немесе  ара  наны  дегеніміз  ара  ұяшықтарына  нығыздалған, үстіне  күрделі  ферменттік процестен өткен бал құйылған  гүл тозаңы.  Бұл өнім  гүл  тозаңына  да, балға да  ұқсамайды («перга» деген славян сөзі, басқа  тілге  аударылмайды). Пергада ақуыз өте көп  кездеседі. Араның бір личинкасын тойдыру  үшін 0,145 грамм перга  қажет,  ал 11000  личинканы тойдыру  үшін 1,6 кг  перга  болуы керек. Сонда да ара  семьясына  бір жылға 16-20 кг перга қажет.

Су. Араға  су ішу үшін және личинкаға  қорек  дайындау  үшін қажет. 1000 араның  личинкасын өсіруге 33 грамм су  кетеді.  Демек, 7-9 мың  личинка өсіретін орташа  семья үшін, тәулігіне 40-50 грамм су қажет, ал құрғақ желді  күндеоі  судың қажеттілігі  артып, тәулігіне 150-200 грамға  дейін су керек болады.  Суды  аралар  өзеннен, су  қоймаларынан  және  т.б.  су  көздерінен алады. Ара  шаруашылығында  қосымша  су ішетін науалар жасап қояды.

 

2.3.   Ара семьясының жыл  маусымындағы тіршілігі.

Көктем. Қар еріп  күн жылынады. Таңертең омартаны қыстақтан шығарып,  алаңға  орнатады. Содан соң  ара  өсіруші  омартаның  ара  ұшып шығатын есігін  ашады. Осы сәтте  гуілдеп ұшқан араларды  көресің. Олар омарта  маңында ұшып жүріп, оның  сыртқы  пішінін, сол  ортадағы заттардың орналасу  жағдайын жадына сақтап  қалуға  тырысады.

Көктемде бірніші рет ұшып шыққанда, олар қыс бойы  қорытылмай ішектерінде жиналып қалған керек  емес  заттардан құтылады.

Содан кейін  аралар  өздері  тұрған жерлерін  тәртіпке келтіреді: көгерген  пергаларды балауыз  ұяшықтардан шығарады, қыс бойы жиналып  қалған  шаң-тозаңдардан тазалайды,  қыстан шыға  алмай өліп қалған аралардың өлімтігін шығарады.

Осыдан соң тездетіп рамкаларға  балауыз ұяшықтарды сала  бастайды, ұрғашы  ара болса  оларды  жұмыртқамен толтырады. Содан   кейін  еркек араларға  арналған балауыз ұяшықтарды жасауға кіріседі. Ара тіршілігі  одан әрі  өлімтігін  шығарады.

Жаз бен күз.  Жаз айындағы  ара жұмысының сипаты – тыным таппай гүл тозаңын жинау.  Оған негізгі  себепші сол жердегі бал көп беретін өсімдіктердің  уақытында  гүлдеп, балды  көп бөлуі.

Жаз айының тағы бір ерекшелігі – ара семьясының тіршілігінде еркек араларды омартадан қуып шығу.  Күзге  қарай  аралар тіршілігі  бәсеңдеп бірте-бірте  төмендей береді. Олар балауыз  ұяшықтардың  аузын жетіліп келе жатқан  личинкаларымен бірге  бекітіп жауып  тастайды.

Осыдан кейін жерде  аралар жарты  жыл ұшпай, тіршілігін омартада  өткізеді. Бұл уақыт ішінде  аралар ұйқыға  кетпейді. Өйткені  олардың  денесінде  жиналған қорек   қоры  жоқ (анабиоз). Ара семьясы жыл құстары  сияқты жылы  жаққа  ұшып та кете  алмайды. Сондықтан өздерін  сақтап қалу  үшін араларда  бір-ақ әдіс бар. Ол ұяларына  бүкіл  суық кезеңге  жететін  қорек (бал) жинау  және сол қоректі  тиімді пайдалана  отырып, ара семьясын сақтайтындай жылылық  туғызу.  Жақсылап күтіп, қыстайтын  жері  таза, жылы , құрғақ болса, құнды азықпен  қамтамасыз етілсе аралар қыстан қысылмай шығады. Тек  әлсіз, қартайған аралар ғана  өледі.

 

2.4. Ара шаруашылығынан  алынатын өнімдер.

Бал. Басқа  азықтық өнімдермен  салыстырғанда балдың артықшылығы  ерекше  ор. Ол сүйкімді  дәмдік қасиетін  былай  қойғанда, құнды дәрулік зат болып табылады. Бір сөзбен  айтқанла  ара балы  табиғаттың ғажайып сыйы.  Бүгінгі  таңда  ғылыми зерттеулер,  дәрігерлер мен философтардың ара балын ұзақ өмір сүру  диетасы  деп есептеп, сонша  жоғары бағалауының  негізсіз емес екені дәлелденген. Лабораториялық зерттеулер, эксперименттік  деректер  және  клиникалық  байқаулар  негізінде балдың  құрамы  өте  күрделі. Оның құрамында глюкоза, левулеза, витаминдер,  ферменттер,  мүшейкалық  қышқылдар, микроэлементтер, минералдық, гармондық антибактериялық заттар мен басқа  да адам  ағзасына  қажетті жүзден астам құнды  компоненттер бар.

Бал арасы – табиғи дәрі-дәрмектердің  қайнар көзі. Одан  алынатын бал ара  уы,  перга,  аналық сүтше, балауыз  және  ара желімі  сияқты  өнімдер қазіргі  медицинада кеңінен қолданылады. Бал өте  қоректі ,  ағзаға жақсы сіңетін шипалы өнім. Оның құрамында  көптеген минералды  тұздар, мүшейкалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер  мен ақуыз бар. Бұдан жүздеген  жылдар бұрын-ақ  адам баласы  балдың  шипалық қасиетін білген. Қазіргі  бал асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе және жүйке ауруларына, сондай-ақ  суық тигенде, басқа  да толып жатқан  дертке  қолданады.  Қант диабетімен  ауыратын  адамдар  мен семіз адамдарға  ғана бал жеуге болмайды.  Алыну  және өңдеу  тәсіліне қарай бал балауыздың және  ағызылатын  бал болып екіге  бөлінеді. Ұяларға  құйылып, ауыздары балауыз  қақпақтармен жабылған  бал-балауыздың  бал деп аталады. Балдың  кейбір сорттарын түсі, хош иісі  мен дәмі  арқылы  ажыратуға болады.  Оның  түрлі сорттары бір-бірінен тек түсі  арқылы  ғана емес, басқада көптеген ерекшеліктерімен  ажыратылады.  Мөлдір бал жоғары  сапалы бал қатарына  жатады. Алайда  қоңыр балдың құрамында  минералды  тұздар, темір, мыс, марганец көп  болады. Сондықтан ағза үшін мөлдір балдан гөрі  қоңыр  бал құнды.  Оның кейбір  сорттары  нәзік,  жағымды  иісті болады.

Ара  балауызы. Балауыз дегеніміз – араның  балауыз өндіретін безінен шығатын өнім. Ара  балауызы қатты, тез  жұмсаратын өте жақсы  зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы  өте зор  және өнеркәсіпте  кеңінен қолданылады.

Балауыз сумен және басқа  сұйықтармен бірікпейді. Суға  және  глицеринге  ерімейді,  спиртке  салғанда  да өте  нашар  ериді. Өндірістік  әдістер  бойынша  балауыздың  төрт сорты: омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты  сорттары бар. Омарталық балауыз  ең жоғарғы сортты, сапалы.

Престелген балауыз – балауыз өңдейтін  зауыттарда  жасалады.

Экстрактілік  балауыз – балауыздардың ішіндегі  нашарлауы. Ол  экстрактілік зауыттарда балауыз шығаратын зауыттың  қалдықтарынан өндіріледі. Ағартылған балауыз – күнге  қыздырып ағарту  жолымен  немесе  химиялық жолмен өңдеу арқылы  алады. Балауыз медицинада  да үлкен орын алады.  Пластырлер, майлар және  кремдер  тек қана  ара балауыздарынан  дайындалады. Балауыз  косметикада да кеңінен қолданылады. Ол сіңімді, тұтқыр, тазартқыш,  ағартқыш, кремдердің,  бетті сылайтын майдың көптеген косметикалық  дәрі-дәрмектің құрамына  кіреді.

Прополис ара семьясы үшін үлкен роль атқарады. Аралар  прополиспен  тесіктен ұяға  кіретін  жолды  тарылтады. Сондай-ақ ұяның  жарықтарын  бітейді. Ұялардың  қиюларына рамалардың  иіндерін  бекітеді. Балмен  гүл тозаңына қойма болатын және личинкаларға  тәрбетпелі орын үшін балауыз  ұяшықтарын өңдейді. Прополис омартаның мыңдаған тұрғын араларын  жағымсыз  иіс-қоқыстан бактериялы  өсімдіктерден   қорғап, балдың іріп,  шіруіне бөгет  жасайды. Прополис  өте күрделі  зат,  оның құрамынла  эфир майы,  витаминдер темір, марганец, калий, алюмений, кремний бар.  Прополис  техникада  да қолданылып келеді. Мұнан  арнаулы  лак  жасайды. Халық медицинасында  көпке  дейін  жазылмайтын жара мен сүйелді  емдеу үшін  дәрі  ретігнде қолданылады. Прополис  майы  мен некробацулезбен  ауырған малды  емдейді.

Араның  уы.  Халық медицинасында  ерекше  ғажайыбы – араның  уы  апитаксин. Көптеген дәрігерлер араның  уын  шипалы  деп санайды. Араның  уы-улы  безден бөлінетін түссіз,  мөлдір ерітінді.  Бір араның  у сақтағыш  бездерінде орта  есеппен 0,2-0,4 мг у болады.  Араның  уы  бал иісіндей хош иісті, бірақ  ащы  келеді.  Ара  уының  маңызды  қасиеті , оның  құрамында  биологиялық  активті  айрықша  ақуыз болады. Фармацевтика өндірісінде  ара уынан  венапиомин, токсапин, апизартран және  верапин  сияқты  препараттар шығарады.  Бұл дәрі-дәрмек құяңды, ревматизмді,  жүйке жүйесін, демікпені, бронхит, бас  сақинасын (мигрен), қан тасуды және  басқа  ауруларды  емдеуге  қолданылады. Кейде  араны  денеге  қойып  шақтырады, кейде  ара  уынан жасалған дәрмай  түрінде  жағылады немесе  сұйық  ерітінді  түрінде  егіледі.

 

 

3.      Қорытынды

Қазіргі  кезде Қазақстанда  300 мыңнан  аса ара  семьясы бар. Оның  жүз мыңға  жуығын ара өсіруші  әуесқойлар мен тәжірибелі  омарташылар ұстайды. Омарта  шаруашылығы  әсіресе  тәжірибелі  омарташылар ұстайды. Омарта  шаруашылығы  әсіресе  Шығыс Қазақстанда  дамыған. Мұнда ара өсіретін  арнаулы  төрт шаруашылық  бар. Республика  бойынша  әр ұядан  орта  есеппен жыл сайын 40-50 киллограмнан бал жиналады. Сондай      -ақ Алматы және басқа  облыстардың шаруашылықтары мен жеке  әуесқойлары да араны  көптеп өсіруде.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *