Болашақ маман тәрбиелеуде ақпараттық технологияның рөлі


                                                            Садуева Амангул Уатқанқызы

          тарих пәнінің оқытушысы

                    Астана қаласы әкімдігі «Құрылыс – техникалық колледж» МКҚК

 

Презентацияны көшіріп алу

Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық-мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады.  Сондықтан қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – білім беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай білім беру жүйесіне жаңа инновациялық үрдістердің енуі мұғалімнің жаңашылдығын дамытып, кәсіби өсуіне алып келді.

«Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек»- деп елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында атап көрсетіп өтті.

Бүгінгі студент келешектегі маман иесі, қоғамдағы  болып  жатқан тез  өзгеріп тұратын әлеуметтік – экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге  тез  төселгіш, жаңаша  ойлау жүйесін  меңгерген  жеке  шығармашылық кәсіби  түрде   ортақ  тіл  таба  алатын  педагогикалық үрдісте жүйелі  бағыттармен  жұмыс  істей алатын  болу керек.

Кәсіби білім беру саласының ең басты мәселесінің бірі – кадр мәселесі. Өйткені кез-келген саланың деңгейін білікті маман ғана көтеретіні анық. Сондықтан да, білім деңгейі мен педагогтік шеберлігі жалпы білім беру мекемелерінің табыстарын айқындайды.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық міндеттерді шешу үшін педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу қажет болады.

Білім, білік, қабілеттілігінің бірлігі негізінде – шеберлік – кәсібиліктің жоғары дәрежесі пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің шебері болу – оқу мен тәрбиенің заңдылықтарын терең түсіну, оларды практикада пайдалана алу, тәрбиеленуші тұлғасының дамуындағы нәтижелерді сезіне білу.

Кез-келген субъектінің кәсібилігінің қалыптасу нәтижесі – оның кәсіби шеберлігінде. Шеберлік – қандай да бір саладағы жоғары өнер түрі ретінде айқындалады, ал шебер – бұл өз ісінде жоғары өнерге жеткен маман.

Кәсіби шеберлік кәсіби іс-әрекеттен көрінеді және ең алдымен, кәсіби мақсаттылық, жеке шығармашылықпен, құралдар таңдаудағы оңтайлықпен сипатталады. «Біліктілік»  сөзі  нормативтік мәнде, айталық, «жұмыс жоғары біліктілікті» талап етеді дейтін мәнде, сондай-ақ «бұл адам – жоғары біліктілік иесі» дегендей, нақты адам сипаттамасы мәнінде де қолданылады. Алғашқы жайтқа байланысты біліктілік қызметкерге қойылатын кәсіби іс-әрекетінің сандық және сапалық талаптарын белгілейді.

Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі деп педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін түсінеміз. Ұстазымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деп  білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.

Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады. Ғалымдар кәсіби тұлғаны «біліктілік» және «шеберлік» ұғымдары тұрғысынан сипаттауды ұсынады. Олар педагогтың кәсіби біліктілігінің мынандай компоненттерін көрсетеді: тұлғалық-адамгершілік бағдар, педагогикалық шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау, қазіргі заманғы технологияны меңгеру.

Қазіргі заман білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің бұл төрт құрылымдық компоненті тағы үш компонентпен толықтырылады:

– тәжірибемен ұштастыру білігі, яғни өз іс-әрекетін әлемдік педагогиканың деңгейіне сәйкестендіру қабілеті, әріптестерінің тәжірибесімен алмасу, өзінің тәжірибесін қорытып, басқаларға бере білу білігі;

– оқыту мен тәрбиенің үнемі өзгеріп отыруы жағдайында педагогтың қажетті нормативтік сапасы ретінде оның кәсібіндегі болмыс тәсілі, әр түрлі білім процесі мен жүйелерінің мазмұны, түрі және әдістері деңгейінде жаңа педагогикалық шындықты туғызу білігі;

– кәсіби білікті мұғалім рефлексияға, яғни ойлаудың ерекше тәсіліне  қабілетті.

Сонымен, педагогтың кәсіби іс-әрекеті мен біліктілігінің (шеберлік деңгейі) ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру керек болады. Педагогика мен психологияда «білік» ұғымының әр түрлі түсініктемелері бар. Олардың бірінде білік меңгерілген іс-қимыл  ретінде, енді біреулерінде бар білімді пайдалану тәсілі ретінде, дағды жиынтығы ретінде немесе әбден қалыптаспаған дағды немесе дағдыны қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылады. Білік – іс-әрекетті саналы түрде меңгеру, сол меңгеру нәтижесінде іс-әрекетті тиімді орындау мүмкіндігі туады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі деңгейінде оны педагогикалық іс-әрекетке даярлау оның педагогикалық білігімен айқындалады. «Білік» ұғымы оқу іс-әрекетінің тұжырымдамасында қазіргі заман талабына сай және болашағы бар аса маңызды ұғым түрінде берілген.

Арнайы пән оқытушысының кәсіптік даярлығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, оның кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге, арнайы пән оқытушысының кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер арнайы пән оқытушысы қоғамдық ортада  белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңы «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп, кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін меңзейді. Өйткені, болашақ маман тәрбиесі мен жоғары білім деңгейі Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми – техникалық процестің алғы шарттарының бірі екендігін қазіргі кездің өзі айқындап көрсетіп отыр.

Кәсіптік білім беру елімізде алға қойылып отыр. Бәсекеге қабілетті маман даярлау – әр өндірістік оқыту шебері үшін маңызды.

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол.

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.

Жасөспірім – өте белсенді, қызығушылығы мол, тұнып тұрған бойы жанып тұратын, білуге ұмтылатын жан. Өндірістік оқытудың жас маманға берері мол.

Өндірістік оқытудың мүмкіндіктері:

  1. Жауапты, пайдалы еңбекке, яғни өндірістік еңбекке белсендіріледі.
  2. Өз ісі мен жұмысына деген адал, берік болуға үйретеді.
  3. Атқарған ісі мен жұмысының сапалы болуына баулиды.
  4. Ұжымдық топта жұмыс істеуге баулып, топта өзін керек екенін сезіндіріп, беделді болуға ұмтылдырады.
  5. Өндірістік оқыту қызметі білім алушылар бойына жоғары талап, өз бетімен еңбектенуге талпындырады.
  6. Техникаға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік мәселелерге араласуға ұмтылдырады.
  7. Техникалық, музыкалық және басқа да жан – жақты біліммен сусындырады.
  8. Балалықты қойғызып, өз ісіне жауап беретін, ақылға келетін оқуға, білімге ұмтылдырады.
  9. Қабілеттілікке, танымдық іс-әрекетке, ізденуге, есте сақтау, ойын айту, өзіне қабылдауға машықтанады.
  10. Өз мамандығына деген қызығушылығы артады.

Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім.

Біз ХХІ ғасырда өмір сүреміз. Бізге қазір қандай болу қажеттігін, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов былай деп айтып отыр: Сапалы болу – адамның адамдық қасиеттері: адалдығы, беріктігі, мәдениеттілігі, жоқтан бар жасай білетін іскер қабілет керек.

Егемен  еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстар бүгінгі жастарымызға -білім сапасы, өркениеттік сана. Бойында осындай қасиетті бар жастарымыз елімізді әлемге таңытытып, отаның мақтан тұтатын патриоттары болмақ. Әрине, бұл мақсатқа жету үшін жастарымызды әлеуметтік  қолдау, мемлекеттік көтермелеу шаралары қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қ.Р.Білім туралы заңы  Астана 2008.

2.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» жолдау.

3.Жанпейісова М.М.ХХІ ғасыр оқытудың инновациялық технологиялары.Алматы 2002.

  1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

5.Қ.Р. білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *