Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру


Тынгышева Айсулу Бериковна   тәрбиеші

Қарағанды  қаласы «Жұлдыз»балабақшасының «Бота» тобы

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде  ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында  мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да балабақша өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

І. « Біз біргеміз!»  жаттығулар

Мақсаты: отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

  • «Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

 

  • «Біз бақытты жанұямыз!»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

  1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
  2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

  • «Үшеуіміздің суретіміз!»

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы  суретті аяқтау керек.

Талдау:

  1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
  2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?

4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлығының қалыптасуында үлкендерге,ата-әжесі,әке –шешесіне еліктеушілік басым болады.Сол себепті ата-аналарға  рөлдік ойындар, әдеби шығармаларды пайдалануға ұсыныс жасаймын.Оларға балаларды ынталандыратын нақты тәсілдерді ұсынған жөн: арнайы жаттығулар-ертегілердің соңын ойлап табу,пішіндер мен бөлшектердің суретін салуды аяқтау және т.б.Сәбидің елеусіз жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау,оның жетістіктеріне мән беру арқылы тәрбиеші ата-аналардың өз сәбиіне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді,сәбидің қол жеткен табыстарын қадағалауға ,оларды дұрыс реттеп отыруына үйретеді.Сонымен қатар , отбасында тәрбие беруді сараптаушы жаднама қолданамын.Жаднамада келесідей сараптау бағыттары ұсынылған:

-салауатты өмір үлгісін көрсету

-мәдени гигиеналық және өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру

– баланың денсаулығын есепке алып сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыру

– қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру

– дұрыс сөйлеу үлгілерін беру

– халық ауыз әдебиетімен таныстыру

– балаға«үй шаруашылығын жүргізу дағдыларын» қалыптастырушы жағдайлар құру

-қазақ және басқада халықтардың музыкалық шығармаларын тыңдау

– еңбек әрекеттеріне жағдай жасау.

Балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып,  ізденуге үйретуді. Мұнайда  сөйлеу тақырбы – үй  жануарлары мен жабайы аңдар, бөлмедегі, үйдегі ойыншықтар мен мүліктер, өсімдіктер жайлы болған жөн.

Ауызша сөйлеуге және әңгімелеп айтуға үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен өте қарапайым түрде әңгімелейді және тек сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен ғана жауап береді.

Сөйлеуге үйретедің негізгі әдістерінің бірі ата-ананың баланы жетекші сөздер арқылы әңгімеге қатыстыра білуі. Балаға бір шығарманың мазмұнын әңгімелеп беруге үйретуде тәрбиеші, не ата-ана шығарма мазмұнына  сай сұрақтар бере білуі керек. Қойылған сұрақтар балаға ой салатындай, жауап беруге мәжбүр етерліктей, шығарма мазмұнын ашатындай, әңгіме желісін бұзбайтындай болуы керек.

Баланың дұрыс сөйлуінің дамуын тексеріп отыру үшін онымен жиі әңгімелесіп, жиі сұрақтар қойып жауап алып отыру керек. Әрине оның нәтижесін алу үшін де көп ізденіп, көп оқу да керек.

Біз балаға жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер, тақпақтар, әңгімелер, суретке қарап әңгіме құрастыру т.б. тілін дамытуға қажеттішығармалар оқып беру керектігіне кеңес береміз.

 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына » орай  «Менің елім-Тәуелсіз-Қазақстан» атты суреттер байқауын ұйымдастырып,стенд жасадық.Ата-аналар арасында «Мен болашақ Қазақстан азаматының анасымын» атты эссе конкурсын ұйымдастырдым.

Сонымен бірге ересек топтарда, ересек топтарда оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі.балабақша әдіскері ата-аналармен педагогтармен  тығыз байланыста әр түрлі іс-шара  мен байқау,дөңгелек үстел,отырыс.семинар,жиналыс ұйымдастыруға ұйытқы болып жур. «Мемлекетке құрмет», «Ана тілің –арың бұл!» тақырыптарына арналған тақпақтар байқауы , «Әкем,анам және мен» атты отбасылық жарыс өткізілді.

Мұндай шараларға ата-аналар бірге атсалысып, балалар өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамына енгізілді.

Жемқорлық секілді жолсыздыққа жолл бермеу мақсатында қолжетімді жерге  «Сенім жәшігі» қойылған.Оған түскен ақпараттарды балабақша директоры мен әкімшілік сараптан өткізіп, тиісті шара қолданып отырады.

Ата-аналармен жұмыс түрлерін кеңейту,отбасы мүшелерін тәрбие-білімдік жұмысқа белсене қатысуларына тарту үшін, жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қорыта келгенде балалардың ата –аналары мен мектепке дейінгі ұйым, балаға тәрбие мен білім беруде бірлесіп жұмыстар атқарып жатыр.Осылай балабақша ұжымы мен ата-аналар ынтымақтаса жұмыс жүргізсе,балаларға тиісті көңіл  бөлсе, сана-сезімін оятуға септігін тигізсе елдің болашағы арқасүйер адал,жанашыр азаматын тәрбиелейміз деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.Астана-2016

2.Наурызбаева Б.Ж.,Омар Б.С. «Мектепке дейінгі ұйым әдіскері»     әдістемелік құрал. «Педагог»әдістемелік кеңес орталығы 2015 жыл.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *