Мен неге тәрбиеші мамандығын таңдадым…


Тынгышева Айсулу Бериковна   тәрбиеші

Қарағанды  қаласы «Жұлдыз»балабақшасының «Бота» тобы

Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам,кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып,балаларымның ыстық ықыласын,маған ұмытылған үміт толы көздерін,тәтті қылықтарымен,сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір “Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам,ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді.Өйткені,бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Көзін ашып,тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.Оның адамгершілік ар-ожданын,намысын,тұлғасын жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту.

Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні.

Балалармен жұмыс жасау- үлкенбақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым – қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты.

Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай,бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *