Үш тілді білу заман талабы


Аженева Жанелла Муратовна

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 26 орта мектеп» КММ

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді  меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан  біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.  Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше  тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатыр.» Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушылардың ізденуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге, өз пікірін дәлелді жеткізуге дағдыландыру. Мемлекеттік тілді білу –парыз,өзге тілдерді үйрену–құқық. Мағжан Жұмабаев: «… Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт  – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы  –ұлттың құри басталғанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен  қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын сабырлы мінезі  –бәрі көрініп тұр. Қазақтың  сары даласы кең, тілі де бай» деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Үш тұғырлы  тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренуіміз қажет. Бүгінде  ағылшын тілі бастауыш тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла басталады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күштерімізді жұмсауымыз керек», –деген болатын. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі  – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде  қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Мысалы, мен қазақ тілі мен әдебиет маманы ретінде өз сабағымда балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдер қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал –мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардың мағынасын түсініп, негізгі қасиеттерін анықтау, қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңестікке дұрыс орналасуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте көп. Оларды жүйелі түрде қолданып, мазмұнын тереңдеру және орындау әдістемесін қиындату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытып нақты бейнелі ойлаудан біртіндеп сөздік– логикалық түріне қарай жетелеуге мүмкіндік туады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бүгінгі заман талабы. Жалпы айтсақ, Қазақстанға үш тілді жүйенің  пайдасы көп тиеді. Балалар үш тілді балалық шағынан бастап үйренсе, жаңа жүйеге көшу оңайырақболады, өйткені балалар кіші кездерде тілдерді тез үйреніп алады. Қазақ тілін деңгейін көтеріп, оны әр саланың ішіндебасты орынға қозғау керек.

 

Андатпа

Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді  меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан  біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.

В статье рассматривается вопрос о актуальности поликультурного и полилингвиального обучения, оно должно стать конкурентноспособным, высокакачественным , таким, чтобы выпускники казахстанской школы могли легко продолжать обучения в зарубежных вузах.

The questions about actualization of polycultural and polylingual education, examne in this artide. That have  to be  competitive, high quality so,  that Kazakhstan graduates can proceed their  education in international institutions easily.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *