Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу-рухани жаңғыртудың басты мәселесі


Байшукенова Гульнара Жанжумановна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
КММ «Психикалық дамуы артта қалған

балаларға арналған мектеп-интернаты»

ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына жалпы  әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономика-лық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміз-дің туын биікке көтерер  келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу –  адамзат алдындағы басты міндет.

Адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор.      Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік» адамның санасындағы,оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы.

Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан-қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады.  Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері ең алдымен дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу, өзара сыйласу, қарапайымдылық, кішіпейілділік,салмақты да сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді аямау,біреудің жақсылығын бағалау,оны қанағат тұту. Қазақта «Айналаңда досың көп болуы үшін жақсы бол, арың таза болсын» деген сөз бар.

Сондай-ақ «жамандық-жамандықпен аяқталады», -дейді.

Қай жерде болса да біреуге жамандық жасасаң қашан да болса да өмірі алдыңнан шығады.  Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын,адам да өзгереді.Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.

«Көргендінің қылығы,көңіл марқайтады»,-деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан,сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы-адамгершілікті бойға сіңіре білу. Осы мақсатта біздің №101 мектеп-лицейінде  «Өзгені сыйлау үшін, әуелі өзіңді сыйлай біл», «Әдеп жолы әріден басталады»деген тақырыпта шығармашылық жұмыстар, «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады» атты анкеталық сұрақтар, «Имандылық-инабаттылық мұраты», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы» атты баяндамалар, «Сәлемдесе білесің бе?»,«Ар-абыройыңды жасыңнан сақта» т.с.с өнеге сағаттар өткізу арқылы жас жеткіншек бойында адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға баулудамыз.

Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі.

Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі күресте болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.

«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр.

Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді. Сондықтан да,білім берудің барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн.

Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің: жүректің,ақылдың,қолдың келісімі.

Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін.  Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте,оқу пәндерінде,тәрбиелік іс-шараларда,ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс.

Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді. Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.

«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», – деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі  – тәрбие.

Тәрбие түрлі болады. Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан –жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп, адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады. Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады.

Мұғалім балаларға сыныптан  тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді.

Баланың адамгершілік қасиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады. Ол турасында «Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап, суретін бейнелесе де жеткілікті.  Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен, ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.

Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.

Елбасы Н.Назарбаев «Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын.

Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жас     кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, жанашырлықты  және басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай мүмкіндіктері бар:

1.                    Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.

2.                    Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей  бағытта ұйымдастыру.

3.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.

Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса кез-келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Үлкен адам қай жерде де болмасын өзі рухани сабағында балаларды жай ғана қосуға, көбейтуге және бөлуге үйретудің орнына мұғалім адамгершілік қасиеттерді шешуге арналған есептерді ойлап таба алады.

Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтары бар фильмдер, бейне таспалар және компьютерлік ойындар бар.  Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда тапқырлық таныту қажет.  Балаларға спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, концертке бару, осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезетін тамаша ойларға жетелейді.  Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Баланың адамгершілігін, рухани жан дүниесін оятып, дүниетанымын төмендегіше іріктеп алуға болады.

 

Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Әннің терең мазмұнды мәні оятар.»,- деп Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына олардың маңызы зор.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу үлкен міндет. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрлерімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет.

Рухани-азаматтық тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін  тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қо-ғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және қалыптастыруды болжайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014ж 17 қаңтар.

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *