Қарағанды облысының «Вайнах» атты шешен және инғуш этномәдени бірлестікте мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі


Умирзакова Бахит Ерембековна

№101 мектеп-лицейінің орыс тілі мұғалімі

Қарағанды қаласы

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы ана тілі екені даусыз.  Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті.

Мемлекеттік тілдің күнделікті қолдану аясын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру бүгінгі күн талабы екені талассыз шындық.

Елбасы айтқандай, мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы.

Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Қазақстан Республикасында 120-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Бұл өз кезегінде, әр ұлт өкілінің төл мәдениетін, ана тілін сақтап, ұлттық салт-дәстүріне қызығушылығын арттыру, оларды игеруге ұмтылысын күшейту қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, өз мәдениетімен қоса ортақ Отанға, мемлекеттік тілге құрметті арттыру, халықтың этностық-мәдени мүдделерін іске асыру – білім беру саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі екендігі сөзсіз.

Казіргі уақытта этномәдени тұрғыда толыққанды дамыған, көпмәдениетті ортаға бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған этнос субъектісін қалыптастыру күн тәртібінде тұр. Мұның барлығы қазіргі таңда этномәдени білім берудің зәру тақырып екендігін айқындай түспек.

Осы салада өзімнің «Вайнах» атты шешен және инғуш этномәдени бірлестікте қазақ тілі пәнінен қосымша білім беру тәжірибемді айтқым келеді.

Алғашқы кездерде оқушылардың теориялық білімін тереңдету мақсатында жүйеленген жаттығу жиынтығын іздестіре бастадым. Қазақ тілін оқыту әдістемелері көптеп кездескенмен, басқа ұлт оқушыларды мектептен тыс бағдарламамен оқыту үшін  арналған тілдік материалды қорытындылауға жаттығулар жеткіліксіз. Сондықтан, көмекші құрал ретінде әрбір оқулықтан іріктелген жаттығулар жиынтығын құрастыруды жөн көрдім.

Оқушылардың санын көбейту мақсатында шешен және инғұш сайтында он-лайн сабақтарды жүргіздік.

2013 жылы Әкім облысының «Тіл майталманы» номинациясына ЧИЭКО «Вайнах» 1 орынға ие болды. Мемлекет жағынан біз үшін үлкен жәрдем, көңіл бөлудің бір түрі болды, қуанышпен бірге жауапкершілікті арттыратын сезіну болды.

Жұмыс барысында тағы бір мәселе туындады. Ол, қалай тілді үйретуге болады?

Мысалы, бір мәселеге қазақ пен шешен және инғуш әр түрлі қарайды, сондықтан, әр түрлі ойлайды, соны білу керек. Оны білу үшін вайнахтардың ортасында жүру керек, оларды жақсы білу керек.

Басқа тілдің синдромы бар, артикуляциялық базаны естен шығармау керек. Қиындық осы жерде туындайды. Мақсатымыз -тындаушыны жоғалтпау. Шешен және инғуштардың тілі мен қазақ тілінде ұқсастықтар бар. Мысалы, қазақ тілінде қаз, вайнахтарда ғаз. Дүние оларда дүнен көр- терезе деген мағынаны білдіреді, «найна мотт –дүнен көр»- «ана тілі-дүниенің көзі».

Неміс философы Хайдегер «Тіл менің болмысымның үйі» деп бекер айтпаған. Қазақ тілін үйрену үшін қазақтың болмысын білу керек, салтын-дәстүрін, ойлау жүйесін.

Қазақ тілі – елдің қазынасы. Тіл –көңілдің бұлағы, ой – қоңырауы. Екі сөзінің бірінен мақалы мен өсиеті қалмайды. Сол байлықты көрсете білу керек.

Қазақ тілін оқыту методикалардың кемшілігі менің ойымша – тек тіл заңдарды меңгеру. Оқушы мәтінді оқиды, бірақ мағынасын түсінбейді.

Тіл дегеніміз ғылымның негізі. Міндетті түрде пәнаралық байланыстар болу керек. Және әрбір әрекеттен адам пайдасын көруге тиіс, қазақ тілін не үшін үйренемін? Осы сұрақтарға жауап беру керек. Білім ешқашан артық болмайды. Білімнің нәтижесі ақпарат жиынтығы емес.

Жүсіп Баласағұн айтқандай,- «Әрбір бала жарқыраған жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет».

2014 жылы Қостанайда профессор Бейсембаевтың «Көптілдік -бәсекеге қабілетті тұлға кепілі» тақырыбында Республикалық   семинар-тренингке қатыстық. Сондай семинарлар мемлекеттік тілді оқытушыларға ауадай қажет.

Тіл мәселеге арналған нұсқауларды жазып, тілге қызығушылық мәселені көтеруді жөн көрдім.

Шешен және инғуш халқы бастан өткен саяси-құғын сүргін кездерін әлі осы уақытқа дейін жадынан шығармайды.

Қазақ тіліне деген, қазақ халқына деген құрметін, таусылмас ризашылығын осы уақытқа дейін көріп келе жатырмыз.

Қиын заманда соғыс кезінде барлық халықтарды бауырына тартып, бір нанды бөлісіп, мейрімі таусылмайтын кең пейіл қазақ халқы әлемге әйгілі көпұлттық тату-тәтті мемлекетті құрып отыр.

Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы.

2015 жылы ақпан айында вайнахтар мен қазақтардың арасындағы достық туралы  «Дружба на века» атты кітабым жарық көрді. Достық үйінде кітаптың тусау кесу рәсімі өтті. Ата –бабаларымыздың бізге өсет етіп қалдырған достықты шын мәнінде іске асырудың нәтижесі. Бүл біздің ұлтараластық келісімге қосқан үлесіміз. Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісім.

«Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп Елбасымыз алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *