Психикалық дамуы тежелген балалардың даму ерекшеліктері және технология пәнінің маңызы


Ахметова Рымкуль Токтарбековна
Технология пәні мұғалімі
КММ «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернаты»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және   адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды, мағыналы өткізу үшін барлық жағдай бар. Әр сабағын оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру   мұғалімге байланысты.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық.

Технология сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.

Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол – білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды   техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық  өнерді  жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіпке баулу жолында үйірменің маңызы зор. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты тәрбилеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылықпен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық –технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.

Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты – әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау.  Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті – жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған  кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді,  ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік  мазмұнын  анықтай  отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет.

Қазіргі  кезде  мектепте  оқушыларды  еңбекке  баулу  технология

пәні   бойынша  жүргізіледі. Қыз   балалар  тоқыма, кесте  тігу, тамақ  пісіру, киім  тігу  сияқты  жұмыстарды  үйрене  отырып, олардың  тарихымен  танысады  және өңдеу, жасалу  технологиясын   оқып-біліп, әр  түрлі  бұйымдарды  жасауды, түрлі  ас  даярлауды  үйреніп,  жұмыс  түрін  дер  кезінде  аяқтауды  толық

меңгереді. Тігін  өнерімен  қатар  бисер тоқу, су  моншақпен  жұмыс  жасау, қағазбен  жұмыс  істеу, жіппен  өрнектеу, мата  қалдықтарымен  ойыншық  жасау, өмірге  қажетті   бұйымдар  тігу, табиғи  заттармен  жұмыс  жасау  оқушылар  қиялын  кеңейтіп, жұмыс істеуге  деген   қабілеттерін  арттырады. Сабақ барысында   бұл  өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері,  математика, геометрия, биология  пәндерімен  тығыз  байланыста   жүргізіледі. Оқушы өзінің  қабілетіне    қарай  өнердің  белгілі  бір  түрін  меңгеруге   табандылығы, таланты, қиялымен  алдына  мақсат  қоя  білуі  арқылы  жетеді.Заман талабынасай   оқушыларды  оның  ішінде  қыз  балаларды  тігін  өнеріне  баулу  арқылы  сән  үлгісіне  деген  қызығушылығын,  эстетикалық  сезімін  арттырып,  еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке  тәрбиелеу басты мақсат. Оқушылардың  компьютер, интернет  арқылы   өзіне  қажет  ақпараттарды  алуына  және  сән  журналдары  мен  әртүрлі  оқулықтарды  пайдаланып  қабілеттерін  өз  беттерінше  дамытуға,  шығармашылықтарын   көрсете   білуге  бағыттау міндетіміз.

Жұмыс барысында ұстаздың міндеті – ПДТ оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата-анамен тығыз байланыс орнатып, үйірмеге қатысып жүрген оқушының жұмыстарын көрсетіп,  ақылдасып отыру. Үйірме сабақтары басқа пәндер сияқты толық дидактикалық кезеңдерді қамтымай, мұғалім шеберлігіне  қарай  кіріспе, негізгі және қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Үйірмеге қатысатын оқушыларға таным мен дағдыны қалыптастыру барысында олардың басқа пәндер бойынша білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы, құрақ құрау, ою ою кезінде математика, геометрия, бейнелеу өнері пәнімен байланысы болса, әр түрлі материалдардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттерін  білу, салыстыруда физика, биология пәндерімен байланыстырылып, оқушылардың  қызығушылықтарын арттырады.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс.

Технология пәні – жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін,  ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Міне,  ұлттық ерекшеліктерді  оқушыларымыздың санасына сіңіруде қазіргі технология пәнін оқытуда жан-жақты ақпараттық технологияны толық пайдала отырып, білім берсек, осы заман талабына сай тұлға тәрбиелей алатынымыз айқын.

Технология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.

Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы  сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Дарынды  оқушыны анықтау,  қабілетін  арттыруда  белгілі  бір  мақсатта  жұмыстар  ұйымдастырылады.

Атап  айтар  болсақ,мектеп  қабырғасында  ұйымдастырылатын    көрмелер,  шығармашылық   кештер,  апталықтар   оқушының   ары  қарай  дамуына   жол  ашады.

Өз  елінің  еңбекқор   өнер  адамы  болып  қалыптасуына   әсер  етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2002ж. 11 шілде № 343-ІІ тарау

2  Қ.С. Тебенова, А.Р. Рымханова Арнайы психология негіздері

3. Диагностика и коррекция психического развития дошкольника [Текст]./ Под ред. Я.Л. Коломинского, Е.А. Панько. – Минск, Попурри, 1997 ж, 315б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *