Биология сабақтарында функционалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары


Бояубаева Аяулы Комековна
Биология пәні мұғалімі
КММ «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернаты»

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлә саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолдаанбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.

Сондықтан қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс.

Мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Биология -бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады.Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді.

Биология пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптары мынандай:

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық  тапсырмалар орындату арқылы  қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгері, оны пайдалану арқылы өзінің  материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының  стратегияларын  пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйәымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею мүшелері», «гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағысабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады.

Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi – сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту барысында  әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:
– оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл – ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Сондықтан психикалық дамуы тежелген оқушының рухани өсуіне, функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.

Психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескеріп отыру қажет. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын, функционалдық сауттылығын  арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Н.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы «Егемен Қазақстан» 10 шілде, 2012

2.     Е.Имангалиев Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары, 2012

3.     Е.Очкур,Р.Жумабаева «Биология» әдістемелік нұсқау, Алматы, мектеп, 2016

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *