Мұғалімнің қазіргі қоғамдағы мәртебесі


Баратова Бактыгул Абдилхасымовна оқытушы

Азамат Күнсәуле студент

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары балаларға берілер батаның үлкені «айналайын, мұғалім бол!» болатын. Себебі, ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады. Қазір мұғалім сол мәртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның сүреңсіз дәлелдері көп-ақ, Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен әр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес.

Қазіргі заманда мұғалім болу  өте қиын.  Мұғалімнің  мәртебесі өте төмен.  Өйткені

балаға үйде ата-аналар тәрбие бермейді. “Мектепке не үшін барасын? Әрине, білім алу үшін. Мұғалімді тыңда, сабағыңды оқы, тәртіпсіздік қылықтар жасама” деген тәрбие аз қазіргі балаларда. Мұғаліммен байланыс аз. Ата- аналар балаларының жағдайын, үлгерімін сұраудан бейхабар, сөйтіп отырып, үйінде мұғалімдерді балаларына жамандай береді, содан мұғалім қайдан “СЫЙЛЫ” болсын? Балалары бірдеңе  бүлдірсе тек мектеп пен мұғалімдерді кіналап, балаларын жақтап шыға келеді.Бала кінәлі ма балаға тиісті жазасын үйден ата-анада беру керек, мұғалімнің көзінше оның кінәлі екендігін түсіндіру керек. Мектептің әкімшілік тарапынан да қыспаққа түседі, қазір “Шаш ал десе, бас алатындар” өте көп (тексеріс, қызғаныш). Жалақысын айтпай -ақ қояйын.

Соңғы уақытта мұғалімдердің әкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналатындықтан, науқандық жұмыстардың бәрі мұғалімдердің белсенділігімен атқарылады. Мысалы, алаңдардағы митингілер мен үлкен залдардағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрерменіне айналуы, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаздарының өзіне кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін педагогтардың негізгі сабақ  өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты қызметін талапқа сай өткізетіндігіне күші жете бере ме деген сұрақ туындайды.

Мұғалімнің сынаушылары өте көп. Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерін, мектептің өз басшыларын айтпағанның өзінде ата-аналар мен оқушылардың өзі білімі мен тәрбиесіндегі кемшілікті мұғалімнен іздегісі келетіні жасырын емес. Төмендегі мәселелер шешілген жағдайда мұғалім мамандығының мәртебесі жоғарлармеді  деген сауал бар.

·                     мұғалімнің жағдайы төмендесе, халық білімсіздікке ұшырайды;

·                     елімізде әр мамандыққа дұрыс жағдай жасау керек;

·                     мұғалімдерді бәрі сыйлайды әрі мұғалімдер өте таза жүреді, бәріне үлгі бола алады;

·                     басқа мемлекеттерде дәрігер мен мұғалім ең беделді мамандық.

·                     қазір қоғамда мұғалімнен мәртебесі төмен мамандық иелері жоғары еңбекақы алады;

·                     жоғары мәртебеде отырып, оңай олжа тапқандардан гөрі, еліміздің болашағына білім беріп жүрген ұстаздарына көңіл бөлінсін дер едім;

·                     кейбір мұғалімдердің білімдері төмен немесе берген білімдері мемлекет тарапынан бағаланбай жатыр;

·                     30 баланы оқытып шығару әркімнің қолынан келе бермейді. Мұғалімнің жұмысы ауыр, жалақысы төмен, т.б. жұмыстары өте көп. Мұғалімнің ақылын балалар кеш түсінеді, қадірлемейді;

·                     басқа тәуелсіз, дамыған елдердегі сяқты ең сыйлы, ең беделді әрі сұранысы көп, жалақысы жоғары мамандық: ұстаздық және дәрігер болуы керек. Елге қызмет еткен жақсы, бірақ, дұрыс бағаланса;

·                     жоғарыда отырғандар мұғалімді ойлауы керек;

·                      мұғалім болу қиын;

Мұғалім мәртебесі жайлы ұстаздардың пікірі қандай?

1.                 Мұғалім мәртебесі дегенде ең бірінші әлеуметтік-материалдық жағдайымызды, проблемаларымызды ойлаймыз. Пайыздық үстемемен жалақымызға қосылып жатқаны рас, соңғы 2-3 жылдың көлемінде денсаулықты сақтау мақсатында да жылына бір рет төлем жасалынып жүр. Мұның бәрі көзге көрініп жатқан жоқ. Неге? Айтсаң, мұғалімдер тойымсыз деп ойлайтын шығар… Бірақ, жалақы 30%-ға көтеріледі екен дегеннен бұрын, тұтынуға қажетті бұйымдар мен азық-түлігіміз 50-60%-ға қымбаттап кетеді. Мұғалімдер жалақысын  жинап үй алыпты, машина алыпты дегенге сену қиын. Бір айлықты екіншісіне жеткізе алмай жүреміз. Әр мұғалімнің басында бірді-екілі кредиті бар десем қателеспейтін шығармын.

Мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі қарастырылып жатыр дейді ғой. Оның жетістігін де инфиляция арқылы сезіне алмай қалмасақ болғаны…

кезекке тұратын болса, жастарда стимул бола ма?

2.                Менің таң қалатыным: 100 пайыздық үстеме жалақы алу талаптарына қызықпайтын мұғалім жоқ. Бірақ, оның талаптарының біріншісі – ағылшын тілін білу. Мысалы, орта мектеп жағдайында сабақ беретін математика пәні мұғаліміне мұның қаншалықты қажеттілігін түсінбеймін.

3.                Біздің пәннің мұғалімдері ешқашан толық ставкамен сағат алып көрген емес десем болады. Мысалы, өз басым әлі күнге 24 жылдан бері толық жүктемемен сабақ берген емеспін. Былтыр бейнелеу өнері мамандығын оқып диплом алдым. Соның өзінде екі пәннің мұғалімі болсам да толық жүктемеге қол жеткізе алмай келем.

Мұғалім мәртебесі туралы айтатын болсам: мұғалімге әлеуметтік жағдай жасау үшін жалақыны көбейту керек дегендей… Біздің мектепте де Астанаға оқуға жіберіліп жатқан мұғалімдер бар. Соларға  төлейтін шығар.

4.                 Менің ойымша, мұғалімге төленетін ақшаны емес, мұғалімге деген сыйластықты, мұғалімді құрметтеуді, мұғалімнің құқығын көтеру керек. Себебі қазіргі кезде барлық праваны оқушымен ата-анаға беріп қойған. Ата-анамен оқушы сөйлеген кезде мұғалімнің сөзі далада қалады. “не имеете права” деп шыға келеді. екі қойсанда, сабақ оқымай, сыныпта шулап, оқитын сыныптастарына кедергі жасап жатқанда ескерту жасап тұрғызып қойсанда. мұғалім кінәлі. осының бәрі қазіргі өмірден алынып отырған жәйттар. Оны өзімнің 8 сыныпта оқитын қызымнан мектептегі сыныптастарының және оның ата-аналарының мұғалімдерімен қалай сөйлесетінін қынжылып айтып келгеннен біліп отырмын. Бір күні қызым айтады, пән мұғалімі ереже жаттауға қосымша тапсырмалар орындауға сабақтан кейін алып қалды дейді. Сол кезде бір сыныптасы мұғалімін тындамай сыныпта жүріп жүрді, қағазлақтырып ойнады дейді. Сол үшін мұғалім орнынан тұрдесе тұрмаймын депті, содан кейін мұғалімі орындығын алып (арине ашулы түрде) тақта жаққа қарай итеріп жіберген, сондағы оқушының айтқа сөзі вы не имеете права менің орындығымды алуғадеген. Сол кезде оқушы шуласа сабақ оқымаса мұғалімі не істеу керек? шулай беріндер деу керек пе әлде пожалуйста шуламашы орындығынды бере қойшы деп жалыну керек пе.(онын алдында да тыныш отыр деп ескерту жасалған дейді) Мұғалім егер де ешқандай ескерту айта алмаса, ешқандай ескертуге құқығы болмаса онда ол жерде не үшін отыр. Қазіргі таңда мұғалімдер даже оқушыларға 2 де қояалмайды. өйткені олардың үстіндегілер 2 қойса, мұғалімге оқушыны өзін оқыта алмадын деп шыға келеді. Сонда мұғалім не істеу керек?

Айтылған пікірлерден кейін ұстаздардың  жағдайын түсінгендей болдым.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының бұрынғы  нұсқаларында да педагог мәртебесі туралы қарастырылған болатын. Алайда, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі» туралы арнайы қарастырған.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Мұғалім бүгінгі таңда министрлік, әкімдік, өрт сөндіру, СЭС, полиция, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларының және тағы әлеуметтік қорғау салаларының және тағы да басқа мекемелерге 100-ден аса есеп толтырады екен осы секілді басқа да есептерден мұғалімді босатып, қағазбастылықты жойса мұғалім жұмысы азаяр еді. Жалпы  мемлекет  тарапынан  мұғалімге көмек беріліп жатса қиындықтар аз болар еді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр” деген болатын. Ұстазға жүктелген ауыр міндеттерді жеңілдету үшін қоғам мен мемлекет тарапынан келетін қолдауларға ұстаздар зәру. Мұғалім мамандығына қай заманда да сұраныс бар. Оның жұмысын қоғамдық тұрғыда бағалау үшін көп жұмыстар жасалынып жатыр. Осы алған бетімізден қайтпасақ, әлі-ақ бала мұғалім болуды армандайтын, мектеп түлегі сүйсініп таңдайтын мамандықтардың қатарынан көретініміз сенімдімін.

— Қазір оқу бітірген жас мұғалімдер үшін «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы мол мүмкіндік туғызып отыр. Осы  секілді бағдарламалар көп болса мұғалім мерейі жоғарлайды деген сенімдеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *