Ашық сабақ жоспары «Отбасы-бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері»


Мукатова Шынар Нурлановна  
 педагогика  пәндерінің оқытушысы
«Павлодар инновациялық көп профильді колледжі» ББҰМ

Сабақтың тақырыбы:  Отбасы-бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отбасы-бала тәрбиесі ұғымымен таныстыру,  отбасының   қасиеттері туралы білімдерін  қалыптастыру.

Дамытушылық: Отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы, қоғамдағы рөлін, мәселелерімен танысу. Тіл байлығын,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Отбасын  құрметтеу, сыйлау, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ типі: дәстүрлі,  тәжірибелік сабақ

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Әдісі: интербелсенді, сұрақ жауап,

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, кітаптар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, үш топқа бөлініп отыру (Мектеп, отбасы, отбасы және мектеп)

Оқушылардың қызығушылығын ояту.  Ролик қарау

II. Оқушылардың білімін бақылау -барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру. Мұғалімнің міндеттерін талдау.

Бағалау парағымен таныстыру

Ш. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:

1. Тапсырма: Мәтінмен жұмыс (әр жұпқа мәтін беріледі, сол мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру)

 

1 топқа арналған:

Отбасы тәрбиесі

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны-отбасы. Отбасында баланың мәнез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады.Отбасыға педагогикалық-психологиялық зерттеу жүргізіп, 5 топқа бөлуге болады:

1.Отбасында адамгершілік қарым-қатынас деңгейі жоғары. Жағымды моральдық ахуал қалыптасқан, балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған.

2.Отбасында жағымды қарым-қатынас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз қамқорлық нәтижесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуын талап етеді.

3.Қарама-қайшылықты отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналар балаларымен ісі болмайды, себебі өздерінің бір-бірімен қарым-қатынасын шеше алмайды. Бұл жерде дұрыс тәрбие туралы сөз де болуы мүмкін емес. Отбасындағы жағдайды өзгерту үшін белсенді педагогикалық ықпал ету қажет.

4. «Сырттай дұрыс» отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен-кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. Мұндай отбасымен жұмыс жүргізу өте қиын.

5. «Қиын» отбасылар, оларға дөрекілік, ұрыс-керіс тән. Балаларды қорғау үшін педагогтардың мұндай отбасыларына қоғам зейінін аударуына тура келеді.

Отбасы мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Тек қана жасы ғана емес, жеке психологиялық ерекшеліктері, білімі, т.б.

Күн тәртібі – өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасының бала тәрбиесімен айналысу деңгейіне қарай үш топқа бөлуге болады:

1 топ-бала тәрбиесін білетін және онымен айналысатын ата-аналар. Сынып жетекшісі өз жұмысында бұл ата-аналарды өзіне сүйеніш етуі керек.

2 топ-бала тәрбиесімен айналысқысы келетін, бірақ дұрыс тәрбие беруге педагогикалық білімі жетпейтін ата-аналар.

3 топ-бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын, айналысқысы да келмейін ата-аналар. Бұлардың саны аз, олардың балалары мектептегі «қиын» балалардың санын құрайды.

Сұрақтар:

1.Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі және олардың түрлері

2.Күн тәртібі не үшін құрастырылады?

3.Отбасының бала тәрбесімен айналысу  деңгейіне қарай қалай бөлінеді?
2 топқа арналған:

Мектеп тәрбиесі

Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.

Осы жұмыстарға басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Сұрақтар:

1. Мектеп дегеніміз не?

2. Мектеп тәрбиесі дегенді қалай түсінесің?

3. Мектеп бала тәрбиесіне арналған қандай жұмыстар жүргізеді?

 

3 топқа арналған:

Мектеп және отбасы

Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы – ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
1. Баланың отбасына бару-міндетті түрде мақсат қойып барады. Мысалы. отбасымен танысу.

2.Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу.

3.Ата-ананы мектепке шақырту. Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай ақ түрлі шараларға, тәрбие сағаттарына қатысуы үшін де шақырылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есіктер күндері өткізіледі.

4.Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы  белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұрғысында болуы керек.

5.Педагогикалық білімдер университеті – бұл ата-аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Университеттің сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, конференция, т.б.

6.Ашық сабақтар- ата-аналар пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ашық сабақтар көбінесе бастауыш сыныптарда өткізіледі.  Көптеген Мектептерде ата-аналар сыныптан тыс  жұмыстарға жиі қонақ болады. Бұл спорттық шаралар «Әкем, шешем және мен», «8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған  көгілдір от», т.б. Мұндай шараларға ата-аналарға өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі.

7.Педагогикалық пікірталас-Педагогикалық мәдениетті көтерідің , ең қызықты формасы. Маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың маңызды бөлімі-талқы.Кез келген қатысушының көзқарасын сыйлау керек. Тақырыбы: Мектеп, отбасы тәрбиесіне байланысты болады. Мысалы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?» т.б.

8.Ата-аналармен  өткізілетін конференциялар. Белгілі бір тақырыпқа орай ата-аналардың және мұғалімдердіің дайындалуымен өткізіледі.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы.

Сұрақтар:

1.Мектеп және отбасы ынтымақтастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Мектептің отбасылармен қандай жұмыстар жүргізеді?

3.Бұл жұмыстар қандай мақсатпен жүргізіледі, мағынасын ашындар?

 

IV. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:

 

2 тапсырма: Ата- аналар жиналысының хаттамасын құру, күн тәртібін құру, мерекелік іс-шара құрастыру

 

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

/Күні, айы, жылы. Уақыты /

Кімдер қатысты ……………………………………………………………………………………………………

Тақырыбы…………………………………………………………………………………………………………….

/ Немесе /                                               Күн тәртібінде:

1)     …………………………………………………………………………………………………………………..

2)     ……………………………………………………………………………………………………………………

3)     ……………………………………………………………………………………………………………………

Жарыс сөзге қатысқандар…………………………………………………………………………………….

…………………………………………………………………………………………………………………………

……………………………………………………………………………………………………………………………

Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар……………………………………………………………………………………………………………..

……………………………………………………………………………………………………………………………    …………………………………………………………………………………………………………………………….

Ата-аналардың сұрақтары, ескертпелері ұсыныстары…………………………………………………………………………………………………………. ……………………………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………………………….

Қабылданған шешім……………………………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………………………………………………………….

Төраға………………………………………………………………………/

Хатшы……………………………………………………………………../

 

3 тапсырма:  Жағдаяттар (Ата-аналармен бала, ата-анамен ұстаз, ата-анамен ата-аналар)

қ ысқаша көрініс

 

V. Сабақты қорытындылау. Сурет салу «Менің отбасым», «Менің мектебім»,  «Мектеп және отбасы»

Сұрақтарға жауап беру

1.      «Қиын» балалар қандай отбасынан шығады?

2.      Баланың алғашқы тәрбие алатын орны-

3.      Мұғалімнің зейінің үнемі өзіне ғана назар аударуын талап ететін бала қандай отбасында тәрбиеленеді?

4.      Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын-

5.      Ата-ананы қандай мақсатпен мектепке шақырасыз?

6.      Ата-аналар жиналысы дегеніміз не?

7.      Педагогикалық білімділер университеті дегеніміз не?

8.      Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары?

(Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді)
Рефлексия

Смайликтармен

Мұңайған- уақытты бекер өткізсе

Жымиған-көңіл күйі жай болса

Күлімсіреп тұрған-көңілді уақыт өткізсе

VI. Бағалау

Бағалау парағын жинап, ақылдасып тиісті бағаларын қою
VII. Үйге тапсырма

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері талдап келу, отбасылары жайлы шығарма жазып келу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *