«Түйенің жүн өнімділігі»


Кәрібай Нұрлыбек

“Ветеринария”  мамандығының студенті

Жетекшісі: а.ш.ғ.к, доцент,

Жолшыбек Тұрсынбек

Тақырыптың өзектілігі. Түйеден өндірілетін  жүн  өз сапасына байланысты өте жоғары  бағаланады.  Түйе  жүні  өнеркәсіп үшін  таптырмайтын шикізат болып  табылады. Бұл жүннен тоқылған  матаға  деген  сұраныс  та көп. Оның  мықтылығына, жеңілдігіне  және жұмсақтығына  жүн жетпейді. Түйе жүнінен  тоқылған  орамал, кеудеше, шұлық суық  өткізбейді, ал одан  дайындалған  күпілер  жиырылып  қалмайды.

Шығармашылық жұмыстың мақсаты. Түйе жүнінің қасиеттерін, құрамы мен сапасын зерттеу. сонымен қатар әртүрлі түйе түрлері мен тұқымдарының және олардың будандарының жүнін зерттеу.

Түйе  жүні мынадай  түрлерге  бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, жай  қылшық,  шуда. Түйе жүнінде өлі қыпшық және шайыр болмайды. Оның созылымдылығы мен таза  жүн түсімі  бойынша  жүннің  барлық түрінен  артық,  ал түбітінің  жіңішкелігі 15,5-17,4 мкм.

1-кесте

Түйе түрлеріне байланысты жүн өнімділігі мен жүнінің таза талшықтарының шығымы

Түйе түрлері Қырқылған түе саны Орташа жүн өнімділігі, кг

 

Жүннің таза талшық-тағы  шығымы, %
Айыр түйе 9 5 – 6 86,5
Аруана 8 3 – 4 78,6

 

Қос өркешті  түйеден  жүн көп  алынады. Бір  рет қырыққанда  5-6 кг  жүн алуға  болады.  Ал аса  ірі  буралардан 16-18  кг жүн  қырқылады.  Түйенің  жүн өніміне  баға  бергенде оның  физикалық, техникалық  қасиетін  анықтайтын ұзындығы, жіңішкелігі,  біркелкігілі, серпінділігі  сияқты  сапалық  көрсеткіштерге мән  беріледі.

2-кесте

Түйе жүнінің таза талшықтарының шығуы (пайыз)

 

Түйе және будан түйе түрлері Мал саны Жуылмаған жүннен шығатын таза талшық Механикалық қоспасыз алынған таза талшық
Орташа Ауытқуы Орташа Ауытқуы
Айыр түйе 33 86,5 42 – 89 82,0 73 – 89
Аруана 30 78,6 38 – 86 86,2 65 – 90
Нар мая 13 74,4 61 – 86 84,3 81 – 89
Күрт  Ғ2 20 74,6 54 – 81 83,7 78 – 88
Күрт  Ғ3 11 73,8 55 – 86 87,9 81 – 97

 

Жүн өнiмдiлiгi түсiмi бойынша қазақ бактриандары өздерi қатарлас қазақ дромедарларынан жоғары болатыны белгiлi. Бiр жасар қазақ бактриандарының орташа жүн түсiмi 3 кг шамасында болып, оның iшiнде 2,7 кг жұмсақ жүннен, 0,3 кг шудадан тұрады.  Бiр жасар еркек дромедар тұқымды боталардың жүн өнiмдiлiгi 2,6 кг болса, оның iшiнде 2,1 кг жұмсақ жүн де, 0,5 кг шудадан құралған. Ұрғашы дромедар боталардың бiр жасарында олардың орташа жүн түсiмi 2,5 кг құраса, оның iшiнде 2,0 кг жұмсақ жүн, 0,5 кг шуда болады.

 

 

 

 

3-кесте

Түйе жүнінің беріктігі

 

Түйе және будан түйе Бір жастағы жас төл Ересек түйелер
Мал саны Жүнінің беріктігі Мал саны Жүнінің беріктігі
Айыр түйе 8 9,2 9 8,4
Аруана 7 10,1 6 7,4
Нар мая  (Ғ1)   – 4 7,7
Иір мая  (Ғ1) 7 8,8 5 8,3
Қоспақ 2 8,2 4 7,7

 

Түйе жүнiн жұмсақ және шудаға жiктеу келесi белгiлерге байланысты жүргiзiлдi. Жұмсақ жүн, құрамында шамалы мөлшерде өскелең қылшықты жүн талшықтары бар, түбiт пен ауыспалы талшықтан тұратын, қысқа және жiңiшке тұлымша түрiнде болады. Шуда, құрамында түбiт, ауыспалы талшық және қылшығы аздау болып келетiн қатқыл тұлымшалардан құралады.

Бактриандарда жұмсақ жүн жалпы денесiнен қылшықты жүн өркешiнiң 2/3 бөлiгiнен, жал өркешiнiң 1/3 бөлiгi мен мойын бөлiгiнiң алқымынан қырқылады. Қылшық жүндi жалдың қарқынды өсуi мал екi жастан асқанда басталады.

Түйені қырқу. Түйені қырқу – еңбекті көп қажет ететін ауыр да жауап-

ты іс. Түйені жылына бір рет – көктемде қырқады. Наурыз айынан бастап

түйенің жүндері ұяңданады және көтеріліп шудада ұсталып тұрады. Егер жүнді түлегеннен бастап күнде жинап тұрмаса, көп түбіт шығынға ұшырайды.

Түйе жүнінің ластанбауы және қоқыстанбауы үшін қырқым алдында алдында берілетін суды шектейді және 10 – 15 сағат азықсыз ұстайды. Түйелерді қолмен және қой қырқуға арналған машиналы электрлік агрегатпен қырқады. Қолмен қырқу кезінде түйелерді шағын топпен жақсылап тазаланған тақыр жерге кіргізеді. Бұл жерде оларды ұстап жығып, жандарынан бекітіп, қайшымен қырқады. Ал машинамен қырқуға алдымен қырқу агрегаты, қырқу құралдары және қажет бөлшектер дайындап алынады.

 

Қорытынды

 

Қос өркешті  түйеден  жүн көп  алынады. Бір  рет қырыққанда  5-6 кг  жүн алуға  болады.  Ал аса  ірі  буралардан 16-18  кг жүн  қырқылады. Жүн өнiмдiлiгi түсiмi бойынша қазақ бактриандары өздерi қатарлас қазақ дромедарларынан жоғары болды. Бiр жасар қазақ бактриандарының орташа жүн түсiмi 3 кг шамасында болып, оның iшiнде 2,7 кг жұмсақ жүннен, 0,3 кг шудадан тұрады.  Бiр жасар еркек дромедар тұқымды боталардың жүн өнiмдiлiгi 2,6 кг болса, оның iшiнде 2,1 кг жұмсақ жүн де, 0,5 кг шудадан құралған. Ұрғашы дромедар боталардың бiр жасарында олардың орташа жүн түсiмi 2,5 кг құраса, оның iшiнде 2,0 кг жұмсақ жүн, 0,5 кг шуда болды.

Түйе жүнiн жұмсақ және шудаға жiктеуге байланысты, Бактриандарда жұмсақ жүн жалпы денесiнен қылшықты жүн өркешiнiң 2/3 бөлiгiнен, жал өркешiнiң 1/3 бөлiгi мен мойын бөлiгiнiң алқымынан қырқылды. Қылшық жүндi жалдың қарқынды өсуi мал екi жастан асқанда басталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жолшыбек Т. Мал шаруашылығы. Астана, «Фолиант» 2009 ж
  2. Бозымов К. Жылқы және түйе шаруашылығы. Алматы, «Қайнар», 1993ж.
  3. Қолда мал өсіру. Алматы, «Қайнар, 1995ж.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *