Үйірме сабақтарында тәрбиеленушілердің бейімділіктеріне қарай кәсіптік бағдар беру


Айешов  Сагат   Толеуович
бөлім менгерушісі
КМҚК «Балалар мен  жасөспірімдер сарайы» 

Қазақстан Республикасы  демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Бәсекелік механизміне негізделген нарық, еңбек адамынан ерекше іскерлік пен кәсіби шеберлікті  талап етеді.
Бүгінгі таңда кәсіптік бағыт беру әлеуметтік сұранысқа айналып отыр. Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты кезең ,сондықтан дұрыс қадам жасау үшін жастарға  кәсіби бағдар берудің маңызы зор .Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты.   «Кәсіби бағдар беру» дегеніміз  өзге мемлекеттердегі жастарға кәсіби бағдар беру жүйесін қарау; кәсіби бағдар берудің қалыптасу механизмін меңгеру;  кәсіби бағдар берудің мазмұны мен қазіргі кәсіби бағдар берудің әдістерін талдау;  кәсіби бағдар беру жүйесіндегі мәселелер, кәсіби бағдар беру әрекеті деп білуіміз керек.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық негіздері: Кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт-бағдары әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты:

-балалардың бойындағы  ішкі психологиялық – әлеуметтік мәнділікті реттеу; -түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу; -кәсіпті өз бетінше, саналы түрде таңдауға бағдарлау;

Міндеттері: білім, білік, дағдыға негізделген әрекет, шебер жұмыс,еңбек функциясын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру арқылы жұмыстық кәсіп негіздерін қалыптастыру.

Кәсіби бағдар берудің  принциптері :Танымдық , cайкелушілік, белсенділік, даму деп бөлінеді.

Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы   еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
Сай келушілік принципі.Қызығушылығы,икемділігі,ынтасы, таңдаған мамандығына сай болуы.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін-өзі тануы.
Даму  баланың  бойында ішкі психологиялық – әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет болып  есептеледі.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі   жастардардың қолында. Қоғамдағы қайта дайындау, міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясы, республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкерлік   мамандықтардың көбеюі мамандық таңдауды қиындатып  отыр. «Мамандық» профессия – деген латын сөзінен шыққан.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық дегеніміз қоғамдық пайдалы іс-әрекет, жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі; өзінің өмірлік позициясын қорғай білуі; қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алуы; құқықтық мәдениетті дамытуы.

Кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары. Кәсіптік бағдар берудің  мағынасы – оқушының ерекшеліктерін ашу. Кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары:
–       тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену;

–       икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу;

– белгілі бір практика кезінде кәсіптік қызығушылығын анықтау;
–       оқушыларды республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлерімен

таныстыру;
–       белгілі бір кәсіп және мамандыққа  қоятын талаптармен бірге білім, іскерлік,

қиындықтарды игерту;

–       еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастармен таныстыру;

–       қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты мамандық таңдау жөнінде консультациялар беру;

Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:

– кәсіптік бағдар жұмыстарын бастауыш сыныптардан бастау;
–         кәсіптік бағдар барлық  балаға қажет және ол түлғаның дамуына жағдай жасауы  керек;

–  кәсіптік бағдар барлық оқу-тәрбие жұмыстарының интегралдық бөлімі;
Мамандықты еркін әрі саналы таңдау үшін, болашақ буынның барлық оқу-тәрбие процесі кезінде кәсіптік қызығулықтары, икемділіктері, мотивтері,
оқу барысы кезінде тәрбие және өнімді еңбек жан-жақты болғанда ғана іске асады;
Мамандық таңдау – жауапты да күрделі іс-әрекет. Таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие ме? Мамандықтың   қоятын талаптарын, яғни еңбекке даярлығын анықтау, мамандыққа оқыта отырып   қаблеттілігін білу. Бала  мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады.

Кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, әңгіме, демонстрациялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл – кеңестің алатын рөлі  зор . Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастарға айтарлықтай қамқорлық жасалынып жатыр. Кәсіби таңдауға дайындық мәдениеті оқушыны еңбек етуге баулиды.  Үйірме сабақтарында   бейімділіктеріне  қарай кәсіптік бағдар  беруді жүзеге асыру сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Зерттеу үшін зертханалық және табиғи экспериментқолданылады. Арнайы  зерттеуде әр-түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады.

Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөлуге болады:

a) өндірістік практика;  б)сабақтан тыс жұмыстар барысы.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл – кеңестің алатын рөлі зор.
Балаларды мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда
кәсіп түрлерімен таныстыруға арналған ұжымдық іс-шараларын өткізу қажет. Атап айтқанда , тәрбие  сағаттары :    «Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» тақырыбы бойынша әкемнің (немесе  анасының  , қалауы бойынша) мамандығы; оның мазмұны туралы айтылады. Бұған әрбір  бала  мамандықтар жайлы ақпарат және хабар дайындайды. «Өмірдің мақсаты» мен «Өмір жолын саналы таңдап алу» , «Менің болашақ мамандығым»,«Кәсіптік еңбекте шеберлікке жету үшін не қажет»?  Мамандық таңдағанда өз жеке басыңның талап-талғамын ғана есепке алу керек пе? мәселелерін  талқылау кезінде белгілі ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мамандық  таңдауы туралы айту;

Үйірме мүшелері  мынадай құндылықтардың бар екенін білуі керек :

1. еңбек ұжымындағы беделі;

2.жақындарының, достарының, таныстарының құптауы;

3.өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі көрсетуі;

4.білімін, қабілетін пайдалану;

5.еңбектің шығармашылық сипаты;

6.өз ісінің шебері болу;

7.жеке адамды қанағаттандыратын лауазым мен   болашақтың болуы.

Құндылықты таңдағанда мотив үлкен роль атқарады. Ал оның өзі

1 – жалпы мотивтер;

2 – мамандықтың романтикасы;

3 – танымдық сипаттағы мотивтер;

4 – мамандықтың қоғамдық мәнділігі басым мотивтер;

5 – мысалға сілтеу;

6 – мотивін көрсетпеген таңдау.

Мотивтердің сипатына қарай 4 топқа  бөлуге болады:

мамандықты таңдаудың себебін анық және дәлелді қылатын мотивтер;

анық емес, жеткіліксіз мотивтер;

дәлелсіз, нақты емес мотивтер;

ешбір дәлелі жоқ мотивтер.

Балалардың жауаптары мұғалімдердің, ата-аналардың осы бағытта жұмыс жүргізу

қажеттігінен туады.

Сонымен  кәсіптік бағдар беру – көп салалы,әрі қиын үрдіс.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір  баланың психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандыққа икемі, қабілеті мен  мінездемесін зерттеу
алынған мәліметтерді  салыстыруға, сараптауға негізделеді.
Еліміздің жаңа экономикалық жағдайында, адам өз игілігіне өзі жауапты, өскелең ұрпақтың білімі ,әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажеттігін ұғынуымыз керек. Бәсекелік механизміне негізделген  « нарық еңбек  »      ерекше іскерлік, шеберлік,  адамдармен тұрақты қарым-қатынас жасау үрдісін қалыптастырады.
Үйірме  сабақтары  барысында және  машықтандыру (практикалық) сабақтарында  еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік,шыдамдылық ,өзара түсінушілік, ынтымақтастық т.т қасиеттер   қалыптасады.  Көптеген шет елдерде кәсіби бағдар беру бюросы дамыған.  Кәсіпті таңдағанда басты құндылықтардың бірі – материалдық-практикалық  құндылық, келесі құндылық – қоғамда өз орнын табу, халық шаруашылығына қажет болу.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

— оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;

— кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;

— мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;

— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу (профотбор), кәсіптік бейімделу жатады. Кәсіптік ақпарат — орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Ол әрбір экономикалық ауданның мамандарға қажеттілігі мен оның даму келешегі ескеріле отырып жүргізіледі. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу керек. Мәселен, бастауыш класта мамандық таңдау емес, еңбекті сүю,құрметтеу бағытында жүргізілу керек. 5-8 сыныптарда оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейту, оларды сол экономикалық ауданға қажетті кең тараған мамандықтың түрлерімен таныстыру керек. Ал 9-11 сыныптарда әрбір мамандықты терең оқытуға көңіл бөлініп, белгілі бір кәсіпке қызықтыру қабілеттілігін дамыту керек болып табылады. Бұл кездегі оқушылармен жұмыстың негізгі түрлері-факультативтер, техникалық үйірмелер, әр — түрлі мамандық таңдауға бағытталған клубтар, т.б.

Кәсіптік ақпараттың өте көп тараған түрлерінің бірі — өндіріске саяхат жасау, әр түрлі мамандық иелерімен кездесу және кештер өткізу, жоғары сынып оқушылары мен өндіріс ұжымдары және кәсіптік-техникалық мектептердің оқушыларымен бірік-кен конференциялар, кәсіптік бағдар беру университеттерін ұйымдастыру, т.б. болып табылады. [5, 103 б]

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты — балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата-аналар құрамынан, шефтік мекемелер мен өндіріс орындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл-кеңес жұмысы өндіріс орындарында, кәсіптік техникалық училищелерде өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізіледі.

Кәсіптік іріктеу — (профотбор) мамандықты меңгеруге жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде болса, кәсіп-тік іріктеудің (профотбор) негізіне оның гуманистік, тәрбиелік мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.

Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек әрекетінде іске асады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз — мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол сонымен қатар өндіріс ұжымында, еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. [6, 96 б]

А.С.Макаренко тәрбиенің осы сияқты кейбір күрделі мәселелерін педагогикалық теорема деп атады. Мұндай теорияның қатарында «үш күш одағы»- мектепті, үйелменді, жұртшылықты жатқызуға болады. Мектеп оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыратын-мұғалім, сынып жетекшісі, еңбек сабағының оқытушысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни, бүкіл педагогикалық ұжым. Сынып жетекшісі барлық бағдар беру жұмысын басқарады. Оқушыларды белгілі мамандықты тыңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрылымына сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы: кәсіптік ақпаратты ұйымдастыру, кәсіптік ақыл-кеңес беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру, т.б.

Еңбек пәнінің оқытушысы — еңбек тәрбиесі, оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі тұлғасы. Еңбек сабақтарында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, мамандықты таңдауға бағыт береді. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. [7, 152 б]

Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады. Кітапханада кітапхана меңгерушісі еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, сңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды күні бұрын іріктеп алуға тиіс. Осылардың бәрі мектеп бітірушілер үшін қажетті ғылыми еңбектер және құжаттар болып есептеледі.

Мектепте кітапхана меңгерушісі жұмысының негізгі бағыттары:

— мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көмек көрсету. Ол үшін кесіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасау, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасау;

— мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесін ұйымдастыру, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасау, ілу;

— әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясын, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастыру, т.б.

Кітапхана жұмысын осы бағытта ұйымдастыру кәсіптік бағдар беру ісін жетілдіруге мүмкіншілік жасайды. Әрбір ата-ана кәсіптік бағдар беру жұмысын өздерінің мамандықтарымен таныстырудан бастауы керек. Оларды өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы еңбектің мазмұны мен механизмдерімен, өндірістің принципімен және технологиялық мроцестерімен таныстырады. Тәрбие жұмысының мұндай түрлері ата-аналардың еңбек іс-әрекетіне балалардың ынтасын көтереді. Балалардың кәсіби ынтасын дамыту үшін ата-аналар әр түрлі мамандықтар жөнінде олармен әңгіме өткізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Баширова Ж.О. Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар. Алматы,
Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. Алматы, 1980.

2.     ҚР-ның «Блім туралы» Заңы.

3.     Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Іскерлік. Алматы, 1986.

4.     Мектептегі тәрбие жұмысы. Ред. басқ. В.М. Коротов. Алматы, 1978.

5.     Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде.

6.     Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990.

7.     Пекелис В. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976.

8.     Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред. басқ. А.В. Петровский.

9.     Педагогика тағылымдары. Алматы, 1993.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *