Математика сабағы “Кері тригонометриялық функцияларға есептер шығару”

Пән мұғалімі: Қалиева Маниғаш Смағүлбековна

 Мектеп: Шәкәрім атындығы облыстық дарынды балаларға арналаған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп Семей қаласы

Презентацияны көшіру

Сабақ тақырыбы: Кері тригонометриялық функцияларға есептер шығару
Жалпы мақсат: Кері тригонометриялық функция тақырыбы бойынша қайталау, білімдерін бекіту, тереңдету.
Сілтеме:
  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
  2. Оқыту әдістемесі
  3. Оқулық Алгебра, 10 сынып, А.Әбілқасымова
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Кері тригонометриялық функция тақырыбы бойынша  алған  білімдерін есептер шығаруда қолдана білу.Салыстыру , жұмыс дәтерімен  жұмыс істей алу, әңгімелесу, баяндау.
Негізгі идеялар: Кері тригонометриялық функция
Сабақта қолданылатын материалдар:
  1. Үлестірмелі материалдар
  2.  жұмыс дәптері, оқулық
  3.  Интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерАКТСТО 1. Диалог2. Жеке жұмыс3.Жұптық жұмыс
Дерек көздері: Оқулықтағы материалдар: Интернет желісі
Тапсырмалар: Сызбанұсқа, сұрақтарға жауап беру, салыстыру.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау 
«Қызығушылық ты ояту»Психологиялық ахуал (2 мин) Аңыз: (слайд 1, баяу әуен естіледі).Бұл оқиға ерте заманда болған. Бір қалада ақылды Ғалым деген данышпан  мен оның сөзін қызғанып көре алмайтын Асан деген қатыгез адам өмір сүреді. Асан данышпан  Ғалымға жауап бере алмайтындай бір сұрақ ойлап тапқысы келеді. Ол үшін ол шалғынға барып, көбелек ұстап алады да, оны алақанның ортасына салады. Асан данышпаннан сұрағысы келеді: «Менің қолымдағы көбелек тірі ме әлі өлі ме», – деп. Егер ол өлі десе, мен алақанымды ашам да, көбелек ұшып кетеді, ал егер тірі десе, мен алақанымды қатты қысамын, көбелек өліп қалады. Асан көбелекті ұстап алып, Ғалымға келеді: «Менің қолымда көбелек өлі ме, тірі ме?» – деп сұрайды. Сонда данышпан Ғалым былай деді: «Барлығы сенің қолыңда».Иә, өмірде кей кездерде келеңсіз оқиғалар болады, ештңе істегің келмейді. Онда данышпанның сөзін еске алыңыз  ” Барлығы сенің қолыңда”. Осы сөз бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын.   Оқушылар тыңдайды Бағалау парақтары таратылады
 «Миға шабуыл»1-ші тапсырмаМатематикалық диктант(ауызша) y=arctgx   қасиеттерін ата:   1)      Анықталу облысы2)      Мәндерінің облысы

3)      arctg(-x)=… 

4)      Функция бірсарынды…

y=arcсtgx   қасиеттерін ата:  

1)      Анықталу облысы

2)      Мәндерінің облысы

3)      arcсtg(-x)=…

4)      Функция бірсарынды…

Оқушылар тыңдайды,еске түсіреді Топ басшылары сабақ барысында, топтық және оқушылардың ұпайларын белгілеп отырады

Толығырақ…

One thought on “Математика сабағы “Кері тригонометриялық функцияларға есептер шығару”

  • 08.11.2018 at 22:59
    Permalink

    керемет

Leave a Reply

Your email address will not be published.