Мен таңдаған мамандық

Темирова  Беибут  Шугаевна
қосымша білім педагогы
КМҚК «балалар мен жасөспірімдер сарайы»

Ең қиын мамандық – адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти

 

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ “Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда” деп бекер айтпаса керек.

“Мамандық” сөзі латын сөзінен шыққан, “жұрт алдында сөйлеу, жариялау” дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр – түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.

Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.

Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Біреу бала кезінде ғарышкер болуды армандайды, біреу ұшқыш, ал біреу аспаз… Бірақ өмірде бәрі де біз ойлағандай бола бермейтіні де бар. Кейбіреулердің мүмкіндігі тілегіне сай болмай қалады, қалаған оқуына түсе алмайды, отбасылық жағдайлар әсер етеді. Ал кейбіреулер бұрынғы арманынан әп-сәтте бас тартады, саналы түрде. Мамандықды дұрыс таңдау үшін армандап қана қоймай, әрекет етуге көшкен дұрыс.

Дұрыс таңдауың – сенің жарқын болашағыңның кепілі. Сенің жарқын болашағың – еліңнің кемел келешегі.

Қазақстан республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау-білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар, оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын бөлек–бөлек тұрғылар да бар мұндай жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу–білім беру процесінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез келген пән бойынша оқу бағдарламаларын жасаушыларға оларды неғұрлым жандандырудың логикалық – психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру мәселесі қойылады. Бұл курсты оқыту ерекше жағдайы, оның логикалық негіздерін байланыстыру қажеттілігімен де, адамның онтогенетикалық даму заңдылықтарын оқыту психологиясы тұрғысымен де анықталады. Жаңа оқулықтар, бағдарламаларды жасауда негізгі қиындықтар бірнеше объективті факторларды: психиканың бейнелендіргіш және реттегіштік қызметін, психологиялық феномендерді сипаттаудағы көпнұсқалықты, курстың субъект–субъектілік әрекеттестікке көшкендегі педагогикалық процеске қатысушылардың бәрінің де психикалық дамуына ықпал етіп, әсіресе студенттердің психикалық дамуы мен бағдар алуына пайдалы әсер етуін де қамтиды.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Л.С.Выготский қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті: «оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді».

Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов зерттеулері дамытпалы оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады .

Л.В.Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше принциптерге: қиындықтың жоғарғы деңгейінде оқыту принципі, теориялық білімдердің жетекшілік принципі, оқушының өз оқуын ұғыну (рефлексия), оқушылардың дамуын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Л.В.Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі: оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі .

Тұлға – белгілі бір даму деңгейіндегі кемелді дамыған санасы бар, мінез- құлық салыстырмалы түрде тұрақты, сондай –ақ өзінің қалыптарын және әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуге қабілетті адам.

Айтылғанға орай тұлға қандай да бір керемет жетістіктермен байланысты болуы міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам – тұлғаның негізгі және анықтаушы белгілері мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі меңгеру, активтілік, басқа адамдармен дұрыс қатынас жасау.

Индивид – жеке тұлға бір адам. Даралық – бұл адамның өзіндік ерекшелігі. Даралық қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері, бір адамда өзгелерден ажыратып тұратын қасиеттер. Даралық белгілі бір деңгейде тұлғаны басқалардан ажырататын мәнді ерекшеліктермен ажыратылады. Бұл адамды ынта қабілеттіліктер, мінез – ерекшеліктері. Адамның жекелеген қасиеттеріне негізінен оның кәсіптік жарамдылығы бағынышты. Адамның даралық ерекшеліктері индивидтің даму барысында қалыптасады. Осы процесс кезінде нерв жүйесінде, ақыл – ой сезімде және жігерде ынтада, бейімділікте қабілеттер, дарында, темпераментте, мінез – құлықта өзгешеліктер байқалады. Бұл ерекшеліктердің бәрі адамның мінезіне, яғни оны оқудағы және жұмыстағы жетістігі мен сәтсіздігі бағынатын тұрақты психикалыө қасиеттерге ықтимал. Адам дамуына бірнеше белгілі факторлар әсер етеді. Мұндай факторлардың бір тобы биологиялық факторлар тобы деп атауға болады. Оған тұқым қуалаушылық факторлар, туа біткен қылықтары жатады. Даму факторларына екінші тобы әлеуметтік факторлар деп аталады. Және оған өмірдің қоғамдық шарттары өмір сүріп отырған орта және мақсатқа бағытталған тәрбие жатады. Әрбір ересек адам күрделі ішкі құрамы бар тұлға. Жасөспірімге мамандық ұсынғанда оның қандай да бір жеке қасиетіне емес, қайта тұлғалық қасиеттеріне сүйенгені дұрыс. Жеке адамның дамуына туа біткен және әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Тұлғаның әр түрлі қасиеттерін қалыптастыруда тұқым қуалаушылық факторлардың және қоршаған ортаның рөлі бірдей емес, сондықтан тәрбие жолымен нені жасауға болатынын әрдайым есте сақтаған жөн.

Кәсіби бағдар жұмысының нәтижесі оқушыларда қалыптасқан кәсіби таңдаудың болуы. Сондықтан кәсіби бағдарда басқару тетігі жеке адамның кәсіби таңдауын дамыту арқылы іске асады.

Бұл дамудағы бірінші кезең жеке кісіге қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік жағдайдың әсерінен болатын, өз мақсатын белсенді түрде іздеу кезеңі.

Екінші кезең – өмірдегі өз орнын таңдау және өз мақсатын толық, терең түсіну.

Үшінші кезең – өмірлік құндылықтарды жеке тұлғаның жүзеге асыру кезеңі.

Мамандық таңдауда ықпал ететін күштер жеке адамның барлық шағын қамтып отырғанда ғана тиімді болады. Жас жеткіншектердің мамандық таңдау – өзінің кәсіби бағдар іс – әрекетінің субъектісі ретінде анықталады. Оқушының мамандық таңдауы табысты аяқтау үшін оған кәсіби қажетті қасиеттер болуы шарт. Кәсіби қасиеттер дегеніміз – сол таңдаған мамандығына орай психикалық, физиологиялық және физикалық түрдегі әзірліктің бар болуы және сол мамандық талап ететін шарттарға икемді таныту.

Мамандық таңдау процессінде кәсіби сана – сезім көп әсер етеді. Жеке кісінің өз мақсаттарына, ұстаған идеясына ойлаған құндылықтарына өз мүмкіндіктерінің сайма – сай келгені дұрыс.

Сана – сезімнің нақты формасы, өзін – өзі бағалауы. Бұл қасиет ішкі реттендірудің басты шарты болып табылады. Сол арқылы оқушы қай кәсіпті таңдайтынына зер салып әрекет етеді.

Жоғарғы сынып жасындағы оқушылар үшін жетекші іс – әрекет білім алумен қатар болашақ мамандығына қажетті пәндермен білімге көп көңіл бөле отырып жұмсайды.

Оқушылардың барлық іс – әрекеттері өзара байланысты болса және оған ұйымдасқан психологиялық ықпал жасаса, ол өз мамандығын таңдау жолында кездесетін қарама – қайшылықтарды шеше алады. Оқушы жастардың кәсіби бағдар таңдауына тиімді басшылық жасау үшін белгілі бір көрсеткіштерді негіздетіп алу қажет.

Олар:

– кәсіп жайлы хабарлануы (таңдаған мамандығын оқып-үйренетін оқу орындарын, сол кәсіптің мазмұнын, экономикалық аймақтың мамандарға сұранысын білу);

– кәсіп таңдауынан қоғамдық маңызды мотиві (оқушы мемлекет мұқтаждығын ескеріп мамандық таңдауы);

– кәсіби қызығушылықтың қалыптасуы;

– белгілі бір кәсіпке арнайы қабілеттердің бар болуы (жараиылыстану ғылымдарына, қоғамды ғылымға, өнерге, спортқа, т.б);

– таңдаған мамандық бойынша өмірлік тәжірибесі (үйірмелерге, факультативтік пәндер тобына қатысуы, т.б);

– кәсіптік ойындарға қатысуы;

– кәсіптік икемділіктің нақты дәрежесі;

– денсаулық жағдайы (дәрігерлік көрсеткішке сәйкес кәсіпке жарамдылығы).

Оқушылардың кәсіби таңдауы әр сатыда әр қилы көрінеді. Сол себепті кәсіптік бағдардың психологиялық мәнін білу жеткіншектердің психологиясын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның даму сатыларын анықтауға мүмкіндік береді. Мамандық таңдау сатылары:

а) ізденіске бағыттаушылық (1- 4 сыныптар);

ә) субъективті құндылықтарға сүйену (5 – 8 сынып);

б) әлеуметтік негізде (9 -11).

Оқушыларда кәсіби таңдаудың қалыптасуы негізгі кәсіби шарттардың орындалуы болып саналады. Ол шарттарға мыналар жатады: таңдаған мамандықтың елдің кәсіби мұқтаждықтарына сай келуі, таңдаған кәсіптің оқушының ынтасына келуі, түлектердің өндірістік және қоғамдық белсенділігін жоғарылығы мамандығына қанағаттануы, өз икемділіктері мен мүмкіндіктерін қоғам мұқтаждығымен бірге қарастыруы, осы процесті көңіл – күймен сезінуі.

Оқу процесіндегі кәсіби бағдар мақсаты мен міндеті оқушының дүние танымдық көзқарастарымен қатар дамып, ұштасып отыру керек. Жасөспірімдердің кәсіби бағдар процесінің дамуында оқу, еңбек, қоғамдық саяси жұмыстар жетекші орын алады.

Ғылыми – техникалық прогресс жағдайдағы өндірістік күштердің жедел дамуы, өндірістің автоматтандырылуы мен жаңа технологиялардың өмірге енуі және нарық қатынастарына бейімделген қазіргі экономикаға зәру мамандарды даярлау күн тәртібіне қойылып отыр. Сол себепті жастардың кәсіби мамандық таңдау жолында қоғам мақсатты түрде ықпал ету қажет болып отыр. Ол маңызы бар шараға айналып отыр. Кәсіби бағдардың оқушылар арсындағы қоғамдық рөлінің ұлғайуы осы процесті басқарудың ғылыми жүйесін құруды талап етеді.

Кәсіби бағдарды басқарудың тиімді тәсілдерін дұрыс таңдау адамның еңбегіне деген қажетін анықтайтын мынадай факторларға тәуелді:

1.    Қоғамның әлеуметтік – экономикалық құрылымы;

2. Белгілі бір еңбек түрінің технологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің мазмұны;

3. Жас адамның бойындағы белгілі бір кәсіби бағдар негіздерін – қызығушылықта, икемділіктерді қабілеттерді дамытып, қалыптастыру үшін жеке кісіге психологиялық әсер ету.

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде қажет болатын білім беру, оны алдын – ала белгілі бір мамандыққа дұрыс даярлау, икемдеу. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептерде қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып,оны өткізіп табыс табуда. Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасалып, еңбек сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мектеп тек қана орта білім беру ғана емес, сонымен бірге жасөспірімдерге арнаулы еңбек сабақтарын көбейтуді қажет етеді. Мамандық таңдау үшін әртүрлі іс-әрекеттер процестерінде даму динамикасында негіздей қарауды талап етеді.

Ол іс – әрекеттер мыналар: танымдық, қоғамдық пайдалы еңбек, коммуникативті әрекеттер.

Мектеп оқушыларының кәсіби қызығушылықтары негізінен алғанда оқу іс – әрекет кезінде қалыптасады да, «күшті сынау», яғни өндірістік еңбекте бекітіліп кейіннен мамандық таңдауға айналатын икемділіктер дәрежесіне көтеріледі. Сонымен қатар жасөспірімнің санасында өзінің болашақ кәсіпкер мамандық иесі ретінде сезінуі, өндірістің әр саласында қызмет жасап жүрген адамдарға еліктеу мамандық таңдауын жетілдіреді. Бұл жұмыстар ортақ жүйе ретінде қарастыруды талап етеді. Кәсіби бағдар жүйесінің құрылымдық элементтері оң мақсаттарын орындауға бағытталған. Сонымен бірге әрбір элементті басқа дәрежедегі жүйе ретінде қорғау болады. Ол өз кезеңінде өз міндеттерін шешеді. Сатылық принципі көп дәрежелі және көп баспалдақты күрделі және үлкен жүйелерді қарастырады. Әрбір саты төменгі сатыны басқарады да бір мезгілде жоғары дәрежедегі сатының басқару объектісі болып табылады. Негізінен алғанда кәсіби бағдарды басқару мына үш сатыда жүзеге асады: әлеуметтік, ұйымдастырушылық, педагогикалық – психологиялық.

Әлеуметтік сатыда кәсіби бағдарды басқару қоғамдық масштабта жүзеге асырылады. Бұлар жекелеген шаралар мен байланыс құралдар арқылы жасалатын үгіт – насихат. Ұйымдастырушылық сатыдағы кәсіби бағдарды басқару оқу – тәрбие процесі үстінде жүзеге асады. Педагогикалық, психологиялық сатыдағы кәсіби бағдарды басқару сынып жетекшінің, кәсіби бағдар беруші мамандардың, мектеп психологтарының оқушымен тікелей қарым – қатынас жасауы нәтижесінде жүзеге асады.

 

 

Әдебиеттер

1.                Йовайша Л.А. Проблема профессиональной ориентации школьниклв. – м.: педагогика, 1983. – 128 с.

2.                Даулетова Н. Жаңа типті мектептердің басты мақсаты – кәсіби бағдарлы білім. Дарын, 2006 № 6. – 93 – 97 б.

3.                Қойшыбаева А. Педагогикалық мониторинг – кәсіби сапасын арттыру құралы. Педагогикалық кеңес, 2005 ж. № 4, № 6. – 7 – 9 Б.

4.                Абуова Б. Қазіргі кездегі жоғарғы кәсіби білім берудегі мәселелер. Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. 2007.  № 1 – 232 – 234 Б

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.