«Қазақстан -біздің ортақ үйіміз» танымдық сайыс

 Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Базар-шолан ауылының

«Балдәурен» бөбекжайының

  II-санатты тәрбиешісі

Кабашева Анаргуль Амирбекова

Мақсаты: Балаларға заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп патриоттыққа тәрбиелеу

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер және тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.Міне біз оғанда қол жеткіздік. Қазіргі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындару мақсатында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты  танымдық сайыс өткізіп отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз әнұранды орындап жіберейік.

Әнұран орындалады

«Балапан» тобы балалары мен ата-аналар додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.

(«Көк тудың желбірегені» әуенімен сайысқа қатысушылар ішке кіреді)

Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық

(әрбір кезең бойынша қатысушылардың алған ұпай сандарын санап отырады)

Жүргізуші:

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алға қойған мақсатың, ісің барда!-деп сайысымызды бастаймыз

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

I кезең «Бәйге»

II кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

III кезең «Тапқырлық кезеңі»

IV кезең «Жүзден жүйрік»

V кезең «Суреттер сөйлейді»

Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

Алдымен сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.

Таныстыру

I кезең «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ баға беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-деп, бәйге сайысына кезек береміз.

Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

Балаларға сұрақтар:

1.Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (Қызыл, сары, жасыл)

3.Бір аптада неше күн бар? (Жеті)

4.Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)

5.Біз қай облыста тұрамыз? (БҚО)

6.Қ Р Президенті? (Н.Ә.Назарбаев)

7.Тудың түсі қандай? (Көк)

8.Қ Р мемлекеттік тілі?

9.Рәміздерімізді ата?

10.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

11.Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

12.Ұлтымызды, дінімізді ата

Ата-анаға сұрақтар:

1.Тұңғыш президентіміз қай жылы, қай айда сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсанда)

2.Қ.Р рәміздері қай жылы қабылданды (1992 жылы)

3.Қай жылы, қай айда ұлттық валютамыз- теңге айналымға енді?(1993 жылдың 15 қарашасында)

  1. Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған? (Есіл өзені)

5.Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіз?

  1. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

2 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте-деп Қадыр Мырзәлі атамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық

Келді кезек жұмбақты шешуге,

Жауаптарын беруге екі тілде

Қазақ және орыс тілін білсеңіз

Жақсы баға шәкірт соған несібе

Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, оның шешуін екі тілде айту керек. (қазақша, орысша) Жұмбақ шешуін екі тілде айтқандар-5 ұпайға ие болады. Бұны сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1.Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю-медведь)

2.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе-верблюд)

3.Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады (мысық-кошка)

4.Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал (алма-яблоко)

5.Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды (балық-рыба)

6.Жеті қазынаның бірі, адамның досы (ит-собака)

Ата-аналарға мақал-мәтелдер

1.Отан-елдің анасы,ел-ердің анасы

2.Отан-алтын бесік

3.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

4.Ердің көркі елімен

5.Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.

6.Ел іші-береке, көп ісі – мереке.

7.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

8.Туысы бірдің, уысы бір.

9.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

10.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

3 кезең «Тапқырлық кезеңі»

Бұл кезеңде қатысушылар алдындағы  құрастырмалы ойыншықтарды пайдаланып, ой ұшқырлықтарын, шығармашылықтарың танытады. (әуен қосылады, әуен аяқталғанда жұмыстарын аяқтайды)

Жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді.

Жүргізуші: Біздердің сайыскерлеріміз дайын болғанша  биші қыздарымызға кезек берейік

Би: «Домбыра»

4 кезең «Жүзден жүйрік»

Бұл кезеңде балаларға, ата-аналарына қызықты ұйқастар оқимын олар соны табады. Әр дұрыс ұйқасқа 5 ұпай беріледі

«Қызықты ұйқастар»

1.Өрмекші құрды тұзақ

Менің ұлтым…/қазақ/

2.Аман болсын қарттар

Суықты болар…/қаңтар/

3.Құт-береке жауғыз,

Келе жатқан…/наурыз/

4.Ашытылған қамыр

Мерекелі…/мамыр/

5.Суда жүзер сазан

Айдың бірі…/қазан/

6.Биіктеуде жас қала,

Бас қаламыз…/Астана/

7.Менің досым салмақты

Бұрынғы астанамыз…/Алматы/

8.Тынықтырар түн

Қуаныш сыйлар…/күн/

Ұйқастарды шешу барысында біз «Қазақстан» сөзін шығарып алдық.

5 кезең «Суреттер сөйлейді»

Бұл кезеңде теледидардан ұлы тұлғалардың суреттері пайда болады сіздер соларды табуларыңыз керек әр дұрыс тапқан жауаптарыңызға 5 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлеріміздің білімдерін саралағанша, біз келесі кезекті әнге, биге берейік.

Би: «Сарбаздар»

Ән: «Атамекен» хор

Кімдер күшті, кім алғыр,

Әділ қазы көріңіз

Қара қылды қақ жарып,

Әділ баға беріңіз

Әділ қазылар сайыскерлерді марапаттайды.

Қорытынды:

  • Балалар, болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматша сендерсіңдер. Мерекеміз «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Сендерге әрдайым сәттілік тілеймін!

Тақырыбы:  «Қазақстан -біздің ортақ үйіміз» танымдық сайыс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *