Техникалық және кәсіптік білімде оқытудың дуальді жүйесін енгізудің келешегі мен мүмкіндігі


Жетенова Айнұр Серікқызы

         Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» МКҚК

өндірістік оқыту шебері

Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялаудың басты мақсаты – қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу. Осы бағытта елімізде дуалды оқыту жүйесі енгізіліп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуалды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», – деді. Мемлекет басшысы колледждерде дуалды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеді. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.

Кәсіптік техникалық  кадрларды даярлау жөніндегі еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес білікті мамандарды даярлауда бизнес құрылымдарымен байланысты күшейту, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, мамандарға сұранысты уақыт талабына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне сәйкес болжауды жүзеге асыру, колледждерде дуалдық оқыту жүйесін еңгізу және сол үрдіске қатысу мақсатында  Білім  басқармалары, Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталықтары, кәсіпкерлер палатасы, «Кәсіпқор» холдингі сияқты ұйымдар бірлесіп жұмыс ретін құрды.

Дуалды оқыту жүйесі барлық кезеңінде өндірістік оқыту мен оқу орнында теориялық оқытуды біріктіреді. Оқыту процесінде колледжде, жоғары оқу орнында оқып жүрген білім алушы оқумен қатар болашақта еңбекке орналасуды шелеуге мүмкіндік беретін жұмыс беруші кәсіпорынмен ынтымақта болу керек – бұндай қарым-қатынас өндіріске деген білім, білік, дағдыларын, икемдіділігін байқатады.

Дуалды оқыту жүйесіндегі оқыту процесінің жоспары, кестесі жұмыс беру кәсіпорынның талаптарымен толығымен сәйкестену керек. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын, сондықтан өндірістің ерекшеліктері ескеріліп, білім алушының біліктілігін тәжірибе арқылы арттыру көзделеді.

Дуалды оқыту жалпы білім беру дайындығын кәсіби білім берумен үйлестіреді және білім берудің заманауи талаптарын орындайды.

Кәсіпорын білім алушының (практиканттың) барлық жағдайын жасауға, соған байланысты қаржыландыруға міндетті, сонымен қатар дәріс алушыға, мүмкіндіктеріне қарай ай сайынғы еңбек ақысын тағайындайды.Оқу орнымен жұмыс беруші тепе-теңдік негізінде қызмет етеді, өйткені алдында бір мақсат – білікті маманды, өзінің ісін жетік білетін кәсіби маманды даярлау.

Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білікті жұмысшы кадрлар мен орта буынды мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.

Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білікті жұмысшы кадрлар мен орта буынды мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.

 

Студенттің мақсаты:

1 Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу.

2 Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу.

3 Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.

Білім алушылар кәсіпорында болып жатқан нақты жағдаяттар және кәсіби міндеттер оқыту барысында тәжірибе жинақтау семинарларда талқыланады, дипломдық қорғау жұмыстардың тақырыбы жұмыс берушімен пікірлесіп белгіленеді .

Ғылыми-теориялық білім алуға арналған сағат саны аптасына 40 сағаттан аспау керек. Ғылыми-теориялық білім алуға 20-25%, практикалық білім алуға, тәжірибе жинақтауға барлық сағат санынан 75-80%-ы ұсынылады.

Кәсіби бағдарламаның жоспары мен құрамы жұмыс берушінің сұранысына негізделіп жасалады, білім алушының мамандығы мен біліктілігі ескеріліп, оқу мерзімінің ұзақтығы белгіленеді. Әр пән бойынша элективті курстардың сағат санын тапсырушымен оқыту мекемесі келісіп анықтайды.

Дайындау және қайта даярлау бағдарламасының қаншалықты игерілгенін емтихан анықтайды, оған білім беру мекемесінен, өндіріс орнынан және тәуелсіз эксперттер қатысады. Емтиханды жақсы тапсырғандарға біліктілігі туралы сертификат беріледі, алған мамандығы бойынша жұмыс істеу құқығына ие болады. Сертификатта кәсіптік оқуға байланысты кәсіби мамандықтың типі, оқытылған мерзімі, мақсаттары және бітірушінің білім, білік, дағды компетенциялары туралы тиісті мәліметтер жазылады.

Колледж түлектерін дайындауда білімді тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді түрде қатысып отырады.Жұмыс беруші мекеме өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, біліктілік, білімділік деңгейлерін сарапқа салады, бағалайды.

Әлеуметтік серіктестіктермен келісім шарттар жылда жаңартылып отырады. Оқу орнындары мен жұмыс берушілердің арасындағы келісімшарттардың негізгі белгілері:

– өндірістік тәжірибеден өту;

– оқу орындағы материалдық-техникалық базаны бекіту;

– түлектерді жұмыспен қамту.

Қазіргі таңда дуалды оқыту жүйесі терең даму үстінде. Дуалды оқыту жалпы білім беру дайындығын кәсіби білім берумен үйлестіреді және білім берудің заманауи талаптарын орындайды.

Дуалды жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларын, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады.

Дуалды оқыту жүйесінің ерекшеліктері:

  • бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады;
  • жоғары білімді, болашақ жұмысшы маман ретінде психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделеді;
  • «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді;
  • жұмыс берушінің оқушыға немесе студентке берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады;
  • өндірістегі соңғы қолданыстағы технологияларды біліп, заманауи талаптары мен сипаттамаларын жетік меңгереді;
  • бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан студент оны күнделікті көріп, игереді;
  • студенттердің оқуға деген ынтасы мен жігері арта түседі, болашақ мамандығының негізгі мақсаттары мен міндеттерін толық тұрғыдан түсінеді.

Қорытынды.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Біріншіден, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *