Түбір және туынды сөз (4-сабақ)


Сандибаева  Жаннат   Калидоллаевна

Батыс  Қазақстан  облысы  Бөрлі  ауданы Ақсай  қаласы 

№4  ЖОББМ-нің  бастауыш  сынып  мұғалімі 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөздерді сөз құрамына талдай отырып,негізгі түбір және туынды сөздерді салыстырып айыра  білуді және жұрнақтың қызметін  түсіндіру.

Дамытушылық: туынды сөздердің түбірін табуға үйрету;сөздік  қорларын дамыту.

Тәрбиелілік:оқушыларды  жұмыстың  мазмұндық түріне  байланысты  шығармашылыққа ,өнерге,мамандықтың  сырын  түсінуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:Қайталау  сабағы

Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «ЖИГСО 2» стр

Сабақтың  көрнекілігі:кесте,өнер қауымының  суреттері,мамандық  суреттері

Пәнаралық  байланыс:Әдебиеттік  оқу,музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі

1)Оқушылар назарын  сабаққа  аудару.

2)Психологиялық  дайындық.

Шаттанып,қуанып  көңілді күймен,

Сабақты  бастаймыз шаттық үнмен.

Жабырқауды да білмейміз,шаршауды  да

Қазақ тілін өткізейік  белсенділікпен!

II.Үй тапсырмасын тексеру.(1-2-оқушы оқиды.)

-Балалар,сіздердің  білімдеріңді  тексеру  үшін,ережені  қаншалықты  жақсы  білетіндеріңді  сынайын.Үлестірмелі  қималарда  жазылған  сұрақтарға  жауап  береді.

-Сөз  құрамы  нешеге  бөлінеді?

-Жұнақ  пен  жалғауды  қалай  бір-бірінен ажырата  аламыз.Мысал  келтір.

-Туынды  сөздің  ережесін  айт.

-Түбір сөз  қандай  болады?Дәлелде.

Оқушылардың  жауаптарын  қорытындылау.

-Олай  болса,күннің  жадысын  жазып, «Ынтымақсыз  іс бітпес»   мақалын   көркемдеп  жазудан  бастайық.Мағынасын  түсіндіру.

Шығармашылық диктант

Мен   бақыт…  баламын,

Ертең     …    толармын.

…..   болып  ер  жетіп,

Отанымды  қорғаймын.

Нүктенің  орнына  керекті түбір  сөз  бен   қосымшаларды  қойып жазу.

III.Жаңа сабақ.

-Балалар,біз  бүгін  түбір және  туынды сөз тақырыбына  білімімізді  жалғастыратын  боламыз.

Сонымен  түбір  дегеніміз   сөздің  мағыналы  бөлігі  болса,туынды  сөз  түбір  сөзге  жұрнақ  жалғану  арқылы жасалған  сөз.Мысалы:дәрі-түбір  сөз,дәрігер-туынды  сө,яғни мамандық иесі.Мал-түбір,малшы-мамандық иесі,біл-түбір сөз,білгіш-көп  білетін  адам,туынды  сөз.

Қызығушылықтар ояту.

1.     Венн диаграммасы арқылы бұрынғы алған білімдерін естеріне түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады. Әр  топқа  бір-бір  сөзжен  беріледі.Олар  осы  сөзден бірнеше  түбірлес сөз  жасауы керек.

 
Мағынаны тану.

Түбір +жұрнақ + жалғау. Осы сызба бойынша оқушылар мысалдар құрастырады.

IV. Оқулықпен жұмыс

1-Жаттығу.  Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнағын тауып белгіле.

Ақындық, композиторлық, әнші, ақылды,

2-Жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.  Сөйлемдергі ьуынды сөздерді тауып, сөз құрамына талда. Мамандық  ,өнер  туралы  әңгіме  жүргізу.

Өзіндік жұмыс

Түбір сөз
Туынды сөз
Туынды сөз
Түбір сөз
Таза

Бұғы

Өнер

Үлкендеу

Өнім

шегеле

Ойын «Кім тапқыр?»

Ойынның шарты: балаларға сөздер мен сөйлем жазылған топшамалар беріледі.Сол топшамадан сөзді бір сызықпен, сөйлемді екі сызықпен сызып шығулары керек.

3-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы. Туынды сөдерді теріп жаз.                                                                        Тәуелсіз   елім  бар

Жемісті  бауым  бар,                                     Жайдарлы  жерім  бар,

Шың – құзды  тауым бар.                             Өрісті   белім  бар.

Еңісті  ер  еткен                                              Ерлікке  баулитын

Жеңісті  қауым бар.                                        Егемен  елім бар!

Б.Исаев.

Шығармашылық    жұмыс:Тәуелсіздік туралы мәтін құрастыр.

V.Сергіту   сәті. «Біз  қазақтың  ұландары»  әнін  би  жаттығу  қимылдарын жасау.

4-жаттығу.  Сөйлемдерді түсініп оқы. Түбір, жұрнақ, жалғаудан құралған зат есімдерді теріп жаз. Сөйлемдердің мағынасын түсіндір.

6-жаттығу , Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді тауып, талдау жаса. Әбілхан Қастеев туралы не білесің? Әңгімеле.

Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі

VI.Білімдерін  тиянақтау.Тест  жұмыстарын  тарату.

VI.Үйге тапсырма.

5-жаттығу. Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз, Осы сөздермен сөйлемдер құрастыр.

Ереже жаттау.

VII.Белсенді  оқушыларды  мадақтау,бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *