Өндірістік  оқыту үрдісі және оның арнайы ерекшеліктері

Ищанова Эльмира Сергалиевна,

өндірістік оқыту шебері

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» МКҚК

Оқыту үрдісінің  негізгі мақсаты – білім мазмұнын меңгеру. Бұл оқыту бағдарламасындағы нені оқыту керек және неге үйрету керек деген сөз. Білім беру мазмұнында кәсіби техникалық білім беру негізінде білкті жұмысшыларды дайындау мақсатында әлеуметтік мақсаттар көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты оның келесі құралдарын анықтайды: формасы, әдіс, тәсілдері, ұйымдастыру түрі, материалды-техникалық құралдары.

Оқыту үрдісі үшін негізгі үш байланысты қызмет қарастырылады: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.

Оқыту үрдісінің  барлық негізгі компоненттері тығыз байланысты. Оқыту мақсаты білім мазмұнында анықталады. Білім мазмұны оқытушының оқыту формасы мен әдісін (педагог әрекеті) және оқытуды (оқушының әрекеті) анаықтайды. Оқыиу мен оқу тығыз байланыстағы бірлескен әрекет.

Өндірістік  оқытудың  мақсаты  –  анықталған мамандық бойынша  оқушының бойында негізгі  кәсіби шеберлікті қалыптастыру;

Өндірістік  оқытудың негізі – бұл оқу-тәрбиелік мәселерді шешу жолындағы оқушылардың өндірістік еңбегі.

Өндірістік оқытудың мазмұны – оқылатын мамандық негізінде оқушыларға білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Өндірістік  оқыту үрдісі – теория мен практиканың  тығыз байланысы.

Практикалық білік  пен дағды даму, тереңдетілу және кеңею барысында қалыптасады. Өндірістік оқыту теориялық оқытуға қарағанда небәрі күрделі және кең ауқымды. Соған байланысты, өндірістік оқыту шеберінің ақпараттық қызметі, басқаруы, бағыт беруі және нұсқаулық қызметі оқытушымен салыстырғанда ауқымды.

Өндірістік оқытудың өз дәрежесінде өтуі оқыту құралдарына, материалды-техникалық базаға және оқушының оқу өндірістік әрекетіне байланысты.

Өндірістік  оқыту негізінде қалыптасқан негізгі  түсініктер:

Білім негізінде  оқушылардың пән туралы түсінігін, табиғат және қоғам заңдылықтарын, педагогикалық үрдіске бағытталған өзіндік білім және өмірлік тәжірибе түсініктерін қарастыруға болады.

Білік – бұл  оқушылардың ақылды түрде әңбек  әрекеттерін орындауға, мәселеге байланысты орнықты нәтижеге қол жеткізуге  дайындау.

Дағды – бұл  кейбір компоненттерді көп орындау, қайталау нәтижесінде автоматты түрде жоғары дәрежеде орындайтын біліктіліктің бір түрі. Басқаша айтқанда, дағды – бұл білімдерді автоматты түрге жеткізу.

Өндірістік  оқытудың формасы – бұл оқу – тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру әдісі, оқушылардың оқу өндірістік әрекеттерін анықтау, осы әрекеттерге басшылық жасау және сабақ құрылымы.

Оқу үрдісін  ұйымдастырудың  негізгі формасы бұл тоқтаусыз сабақтың уақыты, оның мазмұны және оқытушы жағынан  оқушылар әрекетін бақылау.

Өндірістік  оқытудың негізгі талаптары:

  • Мақсаттың анықтылығы және мазмұнның анықтылығы;
  • Сабақ өтілетін оқушылардың тұрақтылығы және біртұтастығы;
  • Уақыты анық және белгіленген;
  • Өткізілудің жиілігі;
  • Ұйымдастыру анықтылығы;
  • Өндірістік оқытуда шебердің басқарушылық ролі.

Сабақтан тыс  өндірістік оқыту формасына сипаттама  бере отырып, осы аталған критерия-сипаттамаларды басқару керек.

Өндірістік оқытудың сабақ типтері

Сабақтар өткізілу әдістемесіне және ұйымдастырылу түріне байланысты классификацияланады.

Жалпы дидактикада  оқу үрдісі сабақ формасына байланысты негізгі дидактикалық мақсаттары анықталады: жаңа білім беру сабағы, білімді  қорытындылау және сабақты қорытындылау, қайталау сабағы және т.б. өндірістік оқыту  сабағында да дәл осылай классификациялауға болады: алғашқы білімдерді қалыптастыру, дағдыларды қалыптастыру, күрделі білімдерді қалыптастыру. Бірақ бұл бөліну өндірістік сабақтың шынайы талаптарына жауап бере алмайды. Әдетте өндірістік сабақта оның нақты дидактикалық мақсаттарын анықтау мүмкін емес, оны кешенді орындау арқылы анықтайды.

Мазмұны бойынша  өндірістік сабақтар мынадай типтерге бөлінеді:

Еңбек әдістері мен операцияларын оқу сабағы;

Кешенді жұмыстарды орындау сабағы;

Бақылау сабағы.

Бұл өткен сабақтың нақты әдістемесін анықтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік  оқыту сабағы теориялық оқыту  сабағына қарағанда жеңіл және негізгі  үш элементтен тұрады: кіріспе нұсқау, негізгі бөлім (оқушылардың өзіндік  жұмыстары және жаттығулар, шебердің ағымдағы нұсқауы), қорытынды ағым.

Өндірістік сабақтың осы элементтер жүйелі түрде жүруі маңызды.

Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формасы.

Өндірістік оқытудың сабақтық формасы оқыту шебері өз тобымен бірге оқу шеберханасында, оқу өндірісінде өткізіледі. Өндірістік оқытудың негізгі формалары:

Оқушыларды оқу ұжымында оқыту;

Оқушыларды білікті жұмысшалар ұжымында оқыту;

Оқушыны жеке дара білікті жұмысшыға бекіту;

Өндірістік саяхат;

Үй тапсырмасын орындау;

Өндірістік оқытудың ұйымдастыру формасы.

Өндірістік сабақтың өту түріне, шебердің оқыту іс-әрекетіне байланысты өндірістік сабақтың ұйымдастырылу түрі анықталады.

Өндірістік  оқытудың негізгі ұйымдастырылу  формасы:

Фронталды-топтық – шебер барлық оқушылармен бір уақытта жұмыс жасайды. Сабақтың мақсаты: барлық топ оқушыларына ортақ.

Топпен-оқытушы (шебер, білкті жұмысшы) бөлінген топпен бір уақытта жұмыс жасайды. Әр топтың оқу өндірістік мақсаты болады.

Жеке-дара оқыту жеке өткізіледі.

Оқу өндірістік саяхат

Жоғарыда біз  оқу сабақтарының типтері (толық, жаңаны үйрену, білім, білікті қалыптастыру, бағалау) мен түрлерін (дәріс, практика, зертхана, зертханалық-практикалық, семинар, бақылау) қарастырдық. Сонымен бірге бірден бірнеше сабақ типін қамтитын түрлер де бар. Солардың ішінде ең көп тарағаны – оқу-өндірістік саяхат.

Бұл сабақ өз ішіне жаңа білімді оқу (кіріспе саяхат), жан-жақты толықтыру (қорытынды, толық саяхат) және кейбір өндірістік сабақтар барлық білім, білік, дағдыларды қалыптастыра алады. Сонымен саяхат – бұл оқушылардың таңдаған мамандығын жан-жақты түсініп, танып, заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап көруге арналған өндірістік сабақ түрі.

Оқу саяхатының негізгі мақсаты – студенттерді құбылыстарды, заттарды, үрдістер мен олардың байланысы, кәсіби танымдық қызығушылық, болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіндегі бейімделу үрдісін қысқарту және де өз жетістігіне сенімділігін арттыру. Сонымен оқу саяхатының маман дайындаудағы орнын бағалау қиын.

Оқу саяхатын тиімді ұйымдастыру өте күрделі, себебі ол теориялық сабақпен салыстырғанда  аудиторияда емес, еркін түрде  сыныптан тыс өткізіледі.

Саяхатты өткізу және ұйымдастыру әдістемесі үш этаптан тұрады:

Бірінші – дайындық, екінші саяхат өзі және үшінші қорытынды. Енді олардың әр қайсысына толық  тоқталайық.

Дайындық этапы  келесі элементтерден тұрады:

саяхаттың мақсаты мен міндетін қою;

Лайықты түрткіні құрастыру;

Өткізілетін саяхатты жоспарлау;

Мазмұнын іріктеу;

Саяхат кезінде орындалатын жұмыстарды, жеке және топпен бірге орындалатын жаттығуларды дайындау;

Көрнекті құралдармен қамтамасыз ету (көрсету құралдары).

Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Мұның бәрін оқытушы сабақты бастар алдында оқушыларға түсіндіреді.

Нақты саяхат. Саяхатты бастамас бұрын студенттерге сабақтың мақсаты, міндеті, жоспары, орындалатын жұмыстар және өз-өзін ұстау туралы тағы бір  рет қайталау керек. Саяхат барысында  оқушыларға болатын үрдістер және жаттығулар туралы түсіндіріліп отыруы керек. Саяхат барысында келесідей әдістер қолданылады: оқыту, түсіндіру, диалог және шығарма.

Саяхаттың алдында оқушыларға объектілермен танысуға біраз уақыт  берген жөн. Саяхат біткеннен кейін  де біраз уақыт беру керек (жазып алуы, сурет салып алуы үшін).

Қорытынды этап. Саяхат біткеннен  кейін студенттер өз бетімен немесе оқытушының жетекшілігімен жинаған  материалдарын өңдеп, қорытынды сабаққа дайындалады (баяндамалар, суреттер, ұсыныстар, түсіндіру, көргенін талдау т.б.).

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.