Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі


 Темірғали Жансая Хамитқызы
 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
 №60 жалпы білім беретін орта мектеп

Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптастыру – бүгінгі күннің талабы болып отыр. К. Ушинский «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болуы керек [1,7 – бет].

Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ.
Александер  оқытудағы әңгіме – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың  мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. [1,27 – бет].

Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Диалог репликалардан құралады, оның бәрі –сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогте ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер –бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.). Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогте кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Диалогтік әдіс қазақ тілі сабағында өте қолайлы әдіс, себебі бізге балалардың қазақша сөйлегені керек. Диалогтік оқыту дегеніміз   мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады. Сабақты диалогтік оқытуды пайдалану  оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің  өсуіне үлес қосатыны сөзсіз. Қоғамдық пәндерде бұл әдістің жоғары деңгейде жүзеге асатыны белгілі. Соның ішінде қазақ тілі сабағында диалог әр сабақта кездесіп отырады. Сабақ барысында диалогтік оқытуды жүзеге асыру мақсатында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды қолданамын.Астана тақырыбы бойынша сабақ өткізгенде «Астана қандай қала?», «Кім Астанада болды?», “Кімнің Астанаға барғысы келеді?” деген сұрақпен бастаймын. Оқушылар бар мүмкіндігінше жауап береді. Топтастыру стратегиясы бойынша «Астана» сөзі жазылған ментальді карта арқылы екі топқа бөлінген оқушыларға «қандай ассосация береді соны жазыңдар» деп жазғызамын. Олар ментальді карта жасауда «әдемі қала, жаңа қала, Елорда, Хан шатыр, Бәйтерек, Пирамида» деген сөздерді қамтиды.
Осы ментальді карта толтырып болғаннан кейін осы сөздерді қазақ тілінде айтайық деп сөйлеуге жетелеймін. Oқушылар екі топта осы сөздерді қазақ тіліне аударып, қазақ тілінде сөйлемдерді құрайды. Оқушыларға тіл тосқауылын жеңу мақсатында сұрақ-жауап қойылады. Топ ішінде астана туралы өзара диалог құрастырады.

Сабағымда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрaқ қоюдың сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты  техникаларын пайдаланамын. Грамматикалық ережені қайталауда оқушыға сынақтан өткізу сұрағы қойылады. Мысалы:сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің  айырмашылығын  aйта аласың ба?  Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде  оқулықтардағы дайын диалогтарды оқу, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру әдістері де көп көмегін тигізеді. Интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы  диалогтарды өз сабағымда жиі пайдаланамын. Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Оқушылар жұптасып сабақтағы өткен жаңа сөздерді қатыстырып 2 минуттық диалог құрастырып әкеледі. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар  беріп отырамын. Диалогті аударуда Никита  кішкене қиналды, осы жерде оқушылар арасында қайта бағыттау сұрақтары арқылы басқа оқушыларға қайта бағыттаужүргізіледі. Мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» т.б.

Диалогтік оқыту арқылы мен:

•  oқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырамын;

•  оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтаймын;

•  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;

•  оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;

•  оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;

•  әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беремін;

Қaзақ тілі сабағында да оқушылар постерді қолданады. Оның тиімді жағы оқушы қиялын  ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі.

Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық  жеткізе білуге, мәнерлі,мағыналы  сөйлей білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігін өз көзіммен байқадым. Келесі оқу жылында диалог, сұрақ жауап сияқты әдістерді әр сабағымда қолданып, тапсырманы күрделендіріп беремін. Тек қана екі -үш оқушыны қатыстырып қана қоймай барлық сынып бірдей жұмыс жасайтындай етіп тапсырмаларды дайындауым керек екен.

Жоғарыда аталып кеткен ғалымдардың пікірі бойынша оқушыны сөйлету, диалогқа түсіру үшін сұрақтар қою, тапсырмалар беру кезінде болады дегендей, осы топтасып істеген жұмыстардың өзі оқушыларды сөйлету, өз ойларын еркін қорғауға, дәлелдеуге тиімді екенін көре бастадым.

Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.Диалогтік оқытудың  оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 ж. 7-27-б.

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *