Көктем

Омералинова Арайлым Багдатовна

   «Ескелді ауданы әкімдігінің Баиысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы»

КММ  5  «А» оқушысы

                                            Көктем

 

Бүршік ашып, жапырақ шашып,

Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып,

Шуағын бізге шашады.

 

Сан қилы әсер түстеніп,

Апыр-ай, неткен көрікті.

Ғажайы жасыл түске еніп,

Көктем де жетіп келіпті.

 

 

Шырайлы көктем

 

Жап –жасыл бағы жайнаған,

Өзен-көлі айналаң

Сылдырап аққан бал бұлақ,

Айналасы бау құрақ.

 

 

Көктем күні мөп-мөлдір,

Құйылғандай көктен нұр

Сан құбылып, құлпырар

Ауламызға еккен гүл.

 

Алғаш шыққан, көктем гүлі,

Ұқсайды балғын, балаға

Көрік беріп аулама

Сыйлаймыз барша  АНАҒА!

Leave a Reply

Your email address will not be published.