«Сарыарқаның дәрілік өсімдіктері»


 Искакова Рымбала Марибаевна
 Биология мен химия пән мұғалімі
 КММ «№101 мектеп-лицейі»

КІРІСПЕ

Елбасымыздың «Қазақстан-2030» бағдаламасында «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы үшін күш салу керек… Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін» атап көрсетіп болатын ендеше Бұл мақсатты іске құрамдас бөліктерінің бірі оқушыларға әр түрлі бағдарламалар арқылы дәріс беру соның бірден бір қадамы деп білеміз.

Қазақстанның жер көлемі 2724,9 шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан. Осынау ұлан ғайыр өлкеде орманды, далалы, таулы, шөлді, шөлейтті және т.б табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін аймақтар бар. Әсіресе өсімдіктердің молдылығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып саналады.

Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Нәсір-Әл Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген, т.б.- да Шығыс ғалымдары қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе, дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Қазақ халық медицинасы көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғол, Тибет және Ауғанстан елдерінің халық медицинасымен байланысы одан әрі дамуда. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 %-ы өсімдіктен дайындалады екен.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.

Өсімдік табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз: ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілетін органикалық заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады.

Кейінгі жылдары медицина ғылымында шөптердің емдік қасиеттеріне, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу –фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы: “Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады”. Шындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз. Сол байлықтың бірі емдік шөптер. Олар біздің кең жазира даламызда, орманымызда, таулы аймақтарда, жайлау мен соры шығып жатқан жерлерімізде де кездеседі. Дәрілік өсімдіктердің құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам ағзасына еніп, әр түрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты. Әр түрлі өсімдіктердің емдік мақсатта жиналған бөліктерін ұсақтап турап, қоспа жасап, оларды емдік мақсатта қолдану ел арасында ертеден таралған.  Енді осындай байлықты қолдан игеру мүмкіндігі қандай? Дәрілік өсімдіктерді тани білу, оның ауруға ем мүшесін ажырату және тиімді пайдалану жолдарын атам қазақ ерте заманнан-ақ өз тәжірибелерінен өткізген.

Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала, електеле келіп, адам баласына орасан пайдасын тигізетін қарапайым, өз ауламызда немесе ауыл маңында өсіп тұрған дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа?! Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар, ерітінділер химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектен анағұрлым тиімді, денсаулыққа кері әсері аз болады.   Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы жағына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектердің 78%, ішек-қарын, бауыр, жүрек дәрілерінің   75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тыятын дәрілердің 65% тек өсімдіктерден алынады. Орман-тоғайлар, әр түрлі шөптер адамға қанша пайда келтіретінін түгел санап шығу мүмкін емес.

Өзектілігі: Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, жер шарында химия өндірісінің қарқынды дамуы, адамдар араксында әр түрлі дәрілерге аллергиялық реакциялардың көбеюі, химиялық дәрілердің кері әсерлерінің көп болуы, адамзаттың  өздерінің биологиялық таза өсімдік дәрілеріне сұранысын туғызып отыр. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктер зор маңызға ие болуда. Фитотерапия мәселелерінің өзектілігі артқандығы сондай, ғаламдық деңгейде медицина мен химияның дамуына ерекше ықпал етуде. Материалдарды баяндау үрдісінде оқушыларға мамандық алуда және ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану үшін, жалпы алғанда, медициналық экологиялық, географиялық, биологиялық білімдерін тереңдету, адам организміне әрекет ету жолдары туралы мәліметтердің ғылыми негізделген жүйесін айқын аңғаруларына мүмкіндік береді.

 

Мақсаты:

·         Дәрілік өсімдіктердің түрлерін анықтай білуге,  оларды тұрмыста пайдалана білуге үйрету, туған өлкенің өсімдіктер ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан тиімділігі, экологиялық тазалығы медициналық әсерін,  оқушылардың ғылыми – танымдық, тұлғалық, іскерлік қабілеттерін дамытып, жауапкершілігін арттыруға жағдай жасау.

 

Міндеттері:

·          оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру;

·          Әр түрлі ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелері;

·         дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері;

·         дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау – бақшаларда өсіруге баулу.

·         Емдік-шипалық өсімдіктердің қасиеттері, емге пайдаланатын мүшелерін және оларды пайдалану тәртібі, жинау мерзімі халыққа дәріптеу. Тіршілік ортасы, химиялық құрамы, өсімдік мүшелерінің халық денсаулығының әсерін түсіндіру.

·         Адамдар арасында кездесетін түрлі аурулар түрлері мен оларға қарсы дәрілік өсімдіктерді пайдалану жолдарын меңгерту.

 

Осы бағдарлама мектепте фармацевтикалық білім мәселелерінің орнын толтыруға тиіс.  Сонымен қоса Қазақстанның жекелеген аймақтары тұрғындарының денсаулық жағдайы мәселелеріне қатысты зерттеулердің де, бұрынғы КСРО мен ТМД елдерінде жүргізілген жұмыстардың да нәтижелері келтіріледі.

 

Күтілетін нәтиже

·      Курс меңгерілгеннен кейін оқушылар адам организмі және оның жекелеген мүшелеріне әр түрлі өсімдіктердің  әсері туралы жан-жақты мағлұмат алып, өмірде оны қолданысқа енгізе алады.

·      Экономикалық тиімді, экологиялық таза дәрі арқылы ұзақ жасау, адамдардың өмір сүру ұзақтығын көбейте алады. Салауатты өмір сүруге ұмтылады, медициналық жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық курсынан өтеді.

·      Болашақ биология, медицина және экология саласында еңбек етуге дайындығы бар оқушы қалыптасады.

·      Зерттеу  шығармашылық жұмыстары, танымдық іс-әрекеттері жетіледі.

·      Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.

·      Бағарлама курсынан алған білімдерін практикада қолдана алады.

·      Фармацевтикалық білім, білік, дағды қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

6 сынып  «Сарыарқаның дәрілік өсімдіктері»

Бейіналды қолданбалы курс (барлығы 34 сағат)


Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Әдісі
Пайдаланған әдебиеттер №
1
Кіріспе.  Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы
1

Дәріс
1
2
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама, олардың ерекшеліктері, таралуы
1

Дәріс
2
3
Айланшөп таран, қымыздық-горец
1

Іліктестірілген сабақ
7
4
Ақбоз тұңғиық – Кувшинка чисто-белая
1

Қосар сабақ
5
5
Ақезу бәрпі – Борец белоустый
1

Дәріс
9
6
Аққурай лакса – Мордовник обыкновенный
1

Іліктес-ген сабақ
1
7
Алқызыл долана – Боярышник красный
1

Қосар сабақ
4
8
Андыз тамыр – Айр болотный
1

Дәріс
8
9
Биік андыз – Девясил высокий
1

Аралас сабақ
9
10
Сарамандық жұмыс №1 Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктерді анықтау, жинау.
1

Сарамандық жұмыс
6
11
Биік тегеурінгүл-Живокость высокая
1

Бекіту сабағы
3
12
Дала қырық буыны-Хвощ полевой
1

Білімді ексеру және бағалау
2
13
Дәрілік жалбызтікен-Алтей лекарственный
1

Кіріктірілген сабақ
5
14
Дәрілік календула (Тырнақгүл) – Календула лекарственная (Ноготки лекарственные)
1

Дәріс
7
15
Дәрілік түйежоңышқа – Донник лекар-ный
1

Іліктестірілген сабақ
1
16
Дәрілік түймедақ – Ромашка лекарственная
1

Қайталау
2
17
Еркекусасыр папоротник-Щитовник
1

1
18
Сарамандық жұмыс №2 Дәрілік қасиеті бар өсімдікті қолдан өсіру
1

Сарамандық жұмыс
4
19
Ермен, Ащы жусан-Полынь Горькая
1

Іліктестірілген сабақ
8
20
Етжапырақ бадан-бадан толстолистный
1

Қосар сабақ
9
21
Жалаң жарықдәрі-грыжник гладкий
1

Дәріс
6
22
Жататан бидайық – Пырей ползучий
1

Аралас сабақ
3
23
Жылқы қымыздық (ат құлақ) – Щавель
1

Сарамандық жұмыс
2
24
Жіңішке жапырақ – Иванчай узколистный
1

5
25
Кәдімгі адыраспан – Гармала обыкновенная
1

7
26
Сарамандық жұмыс №3  Дәрілік өсімдіктерді анықтау, жинау
1

Сарамандық жұмыс
1
27
Кәдімгі арша – Можжевельник
1

Дәріс
2
28
Кәдімгі жапырақ – Пастушья сумка
1

Дәріс
1
29
Кәдімгі  мойыл-Черемуха обыкновенная
1

Ілік-ген сабақ
2
30
Кәдімгі мыңжапырақ-Тысячелистник о
1

Қосар сабақ
1
31
Кәдімгі өгейшөп – Мать и мчеха

Дәріс
4
32
Кәдімгі сарысояу(ошаған)– Дурнишник
1

Дәріс
8
33
Биология оқу-тәжірибе үлескісіне саяхат
1

Іліктестірілген сабақ
1
34
Қайталау. Қорытынды
1

Қайталау
2
7 сынып               «Сарыарқаның дәрілік өсімдіктері»

Бейіналды қолданбалы курс (барлығы 34 сағат)


Сабақ тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
Сабақ түрі
Пайдаланған әдебиеттер №
1
Кіріспе.  Сарыарқа даласының өсімдіктері. Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы
1

Аралас сабақ
1
2
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама, олардың ерекшеліктері, таралуы
1

Жаңа білім бекіту сабағы
5
3
Кәдімгі сарысояу(ошаған)– Дурнишник
1

Бекіту сабағы
4
4
Кәдімгі сары тұңғиық, дүңгіршек –Кубышка желтая
1

Білімді ексеру және бағалау
7
5
Кәдімгі сиякөк – Льнянка обыкновенная
1

Кіріктірілген сабақ
8
6
Кәдімгі таңқурай -Малина обыкнавенная
1

Дәріс
9
7
Кәдімгі түйежантақ – Верблю. колючка
1

Іліктестірілген сабақ
3
8
Кәдімгі түймешетен – Пижма обык-ная
1

Қосар сабақ
2
9
Кәдімгі шәңкіш-Калина обыкновенная
1

Модулдік сабақ
10
10
Сарамандық жұмыс №1 дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек дайындау
1

Сарамандық жұмыс
4
11
Кәдімі бақбақ – Одуванчик лекаственный
1

Жаңа білім бекіту сабағы
5
12
Киіз шоңайна – Лопух войлочный
1

Семинар
6
13
Киік оты -Зизифора бунге
1

Жаңа білім бекіту сабағы
9
14
Көктем жанаргүлі – адонис весенний
1

Бекіту сабағы
8
15
Қocүйлі қалақай —Крапива двудомная
1

Білімді ексеру және бағалау
7
16
Қанды шөп – Кровохлебка лекарственная
1

Аралас сабақ
2
17
Қара меңдуана – Белена черная
1

Жаңа білім бекіту сабағы
5
18
Сарамандық жұмыс №2 дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек дайындау
1

Сарамандық жұмыс
8
19
Қоңыр раушан – Шиповник майский
1

Білімді ексеру және бағалау
3
20
Қотыр қайың  – Береза бородавчатая
1

Дәріс
6
21
Құмдық салаубас-Цмин песчанный
1

Іліктестірілген сабақ
9
22
Қызыл мия, жалаң мия – Слодкая голая
1

Қосар сабақ
10
23
Қызыл таспа(Қаз оты) – Горец птичий
1

Дәріс
4
24
Сарыбас шайқурай -Зверобой
1

Іліктестірілген сабақ
7
25
Сасық меңдуана – Дурман обыкнавенный
1

Қосар сабақ
8
26
Сарамандық жұмыс №3 дәрілік өсімдіктерден дәрі-дәрмек дайындау
1

Сарамандық жұмыс
5
27
Сасық  маралоты – Василистник
1

Аралас сабақ
2
28
Тасшөп жебір- Чабрец маршаллиевский
1

Жаңа білім бекіту сабағы
3
29
Томар бояу кермек – Кермек Гмелина Түйежапырақ-ревень татарский
1

Бекіту сабағы
6
30
Түрліаяқ бөріқарақат- Барбарис

Тықыр жусан – Полынь гладкая
1

Білімді ексеру және бағалау
1
31
Tiкенді раушан – Шиповник иглистый

Үлкен  бақажапырақ —Подорожник

Кіріктірілген сабақ
8
32
Үлкен сүйел шөп – Чистотел большой

Үштармақ итошаған – Череда
1

Дәріс
7
33
Шалфей дәрі – Шалфей лекарственный
1

Іліктестірілген сабақ
2
34
Қайталау. Қорытынды
1

Қайталау
5
Нәтижені бағалау құралдары:

Курс барысында оқушыларға шолулық әдістер беріліп, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылады. Әрбір тақырыпты өткеннен соң оқушыларға реферат, баяндама, қосымша тапсырмалар беріліп, жұмыстары сыныпта қорғалып, талқыланады. Бұл оқушылардың өзіндік ізденуіне, шығармашылық қабілетінің артуына, сөйлеу мәнерінің жетілуіне және ұжыммен жұмыс атқара білуіне өз септігін тигізеді.

Сабақ түрлері:

Дәстүрлі  сабақтар

I.      Аралас сабақ;

II.      Жаңа білім бекіту сабағы;

III.      Қайталау сабағы; Бекіту сабағы;

IV.      Білімді тексеру және бағалау;

V.      Жалпылау және қорытындылау;

VI.      Кіріктірілген сабақ;

 

Дәстүрлі емес сабақтар

a)      Дәріс;

b)      Семинар;

c)      Конференция;

d)     Баспасөз конферециясы;

e)      Сынақ; ХХІ ғасыр көшбасшысы;

f)       Қоғамдық білім байқауы;

g)      Іліктестірілген сабақ;

h)      Қосар сабақ;

i)        Модулдік сабақ

 

Ойын сабақтары

Саяхат;
Жұлдызды сағат;
Ғажайыптар алаңы;
Ойлан тап!; Аукцион;
Бақытты сәт;
Сайыс;
Не? Қашан? Қайда?
КТК;
Оқыту әдістері:

Индукциялық(индуктивтік);

Ауызша;

Проблемалық ізденіс;

Өз бетімен  жұмыс;

Практикалық; т.б.

 

 

 

Қосымша №1

Әр түрлі аурулар түрлеріне пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер


Емдік топтары
Қолданылатын өсімдіктер түрлері
1
Паразитті құрттарды түсіретіндер
Дәрмене ,сарымсақ
2
Қақырық түсіретіндер
Ермен, жолжелкен, бұғымүк,пияз
3
Жүрек-қан тамыр аурулары
Көктемдік жанаргүл, алқызыл долана,сарымсақ,орман бүлдіргені,тамыр дәрі, қосүйлі қалақай,қотыр қайың,ақезу бәрпі
4
Асқазан-ішек аурулары
Еркек усасыр,дәрілік түймедақ, капуста, қара меңдуана, қоңыр раушан, жылқы қымыздық, тасшөп жебір,түйе жапырақ, жіңішке жапырақ, кәдімгі мойыл,қызыл мия, айлан шөп
5
Тыныс жолдары аурулары
Шытыра,айдаршөп,ащылау алқа,шықшөп,киікоты, дәрілік жалбызтікен, кәдімгі таңқурай,сасық меңдуана,үлкен сүйел шөп
6
Бүйрек және қуық жолдары
үлкен сүйел шөп, кәдімгі бақ-бақ ,тікенді раушан,далалық қырықбуын
7
Бауыр- өт жолдарыжәне  ұйқы безі аурулары
Далалық қырықбуын,таңқурай,

Сұлы,өгейшөп,ошаған, кәдімгі сиякөк,тікенді раушан, қотыр қайың,құмдық қалаубас
8
Тірек- қимыл мүшелері және жарақаттанғанда қолданылатын дәрілік өсімдіктер
Қара меңдуана,кәдімгі бақ-бақ, қоңыр раушан, дала қырықбуыны, қотыр қайың
9
Ішкі секреция бездері аурулары
Сарыбас шайқурай
10
Аллергиялық  балалар ауруы
Итшоған,кәдімгі мыңжапырақ, дәрілік түймедақ, қара қарақат
11
Тері аурулары
Қоңыр раушан, дәрілік шалфей,дала қырықбуыны, қышытқыш қалақай
12
Зат алмасуын күшейтетін дәрілік өсімдіктердің қолданылуы
Егістік қуаңдәрі,жалаң қызыл мия,бидайықң кәдімгі бақ-бақ
13
Шаштың түсуіне қарсы қолданылатын өсімдіктер
Шалфей дәрі, айыр,шоңайна,құлмпқ, өгейшөп
14
Ауыз қуысымен тіс ауруларына қарсы қолданылатын өсімдіктер
Шайқурай тұқымдасы, қотыр қайың, дәрілік шалфей, сарыбас шайқурай
15
Жүйке аурулары
Киік оты,қоңыр раушан,сарыбас шайқурай, дала қырықбуыны,дәрілік түйежоңышқа
16
Қабыну мен ісік аурулары
Сасық маралоты, қызыл таспа, айлан шөп, таран, тақыр жусан
Қосымша №2

Сарамандық жұмыс №1

Тақырыбы: Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктердің гүлінің құрылысымен танысу.

Мақсаты: Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктерді гүліне қарап анықтау, жинау.

Жұмыс барысы:

Жалбыз, бақ-бақ, қызыл мия өсімдіктерінің кеппе шөптерін жинау.
Бұл өсімдіктердің гүлінің құрылысымен танысу.
Қандай ауруларға қолданылатынын білу.
Өсімдік түрлері
Қандай ауруларға қолданылады?
1

2

3

4

Қорытынды:

Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктерді атау.
Өсімдіктердің ол жерде өсетін-өспейтінін білу.
Жалбыз, бақ-бақ, қызыл мия өсімдіктерінің суреттерін салу.
Сарамандық жұмыс №2

Тақырыбы: Дәрілік  қасиеті бар өсімдіктерді қолдан өсіру.

Мақсаты: Дәрілік қасиеті бар бөлме өсімдіктерін күту, баптау және көбейту әдістерімен таныстыру.

Жұмыс барысы: Алоэ.

Бөлме өсімдіктеріне қалемше дайындау.
Гүл ыдысына 3-4 см құм және оның бетіне қара топырақ салу.
Топырақты ылғалдап, қалемшені отырғызу.
Топырақ ылғасы құрғап кетпес үшін өркеннің бетін шыны ыдыспен жауып қою.
Өсімдікті мұқият күту.
Қорытынды:

Өсімдіктің өсімді мүшелерін жазыңдар.
Өсімдіктерді көбейту жолдарын атаңдар.
Сарамандық жұмыс №3

Тақырыбы: Жергілікті жердегі жемісіне байланысты дәрілік өсімдіктердің қайнатпасын даярлау ережесімен танысу.

Мақсаты:

Итмұрынның кеппе шөбін дайындау.

Итмұрынның жемісін анықтап алу.

Қайнату тәсілімен таныса отырып, оны даярлау.

Қорытынды:

Дайындаған қайнатпаны қандай ауруларға қолданатынын білу.

Блум таксономиясы

Тақырыбы: Сарыарқаның дәрілік өсімдіктер

Мақсаты: дәрілік өсімдіктердің құрылысы, олардың түрлерімен танысу, медицинада қолданылуы туралы жалпы түсінік.

Білу. Дәрілік өсімдіктердің құрылысын, дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін және ерекшеліктерін білу, күнделікті жұмыста әрбір ауруға дәрілерді қолдану, пайдалана білу.

Оқушыларға жаңа тақырыпты әңгімелеп, түсіндіру арқылы Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің мазмұны мен мәнін ашу. Бұл санатта айтылған мағұлматтарды еске сақтауымен іске асады. Белгілі бір фондлерден бүтін теорияға дейінгі мазмұнның түрлері туралы сөз қозғалады. Жалпы сәйкес келетін мәліметтерді есте сақтайды, еске түсіреді.

Түсіну. Дәрілік өсімдіктердің эволюциялық даму саласындағы оқу материалын бір түрден екінші түрге ауыстыру қабілеті көрсеткіш болады. Мысалы: бір тілден екінші тілге аудару. Оқушының материалды түсінуі.

Қолдану. Сабақтың тартымдылығын арттыруда жергілікті өлкетану материалдарын тиімді пайдалану, дәрілерін өсімдіктерді көктемде тамырланып, өсуі, жетілуі, күзде жинап, кептіріп, оқушылармен зертханалық, тәжірибелік, жұмыс жасау жүзінде әрбір оқушы өз санасына жеткізу керек.

Талдау. Оқу материалын құрылымына сай жүйелеп бөлуі. Бүтінді бөліктерге жіктеу, өзара байланысын анықтау, бүтіннің тұтастығын, принциптеріне сезіну. Оқудың нәтижесі интелектуалды жоғары деңгейіне көрінеді. Түсіну қолдану санатынан жоғары болуы оқу материалының мазмұнының ішкі құрылымын меңгеруде.

Топтау. Жаңашылдығы бар бүтінді құрастыратын дәрілік өсімдіктерді әр жерден жинақтай алу. Оған баяндама жасау, т.б. іс-әрекет жоспары мен жалпы өзара байланысты мәліметті жүйелеу. Осы санатта нәтиже дәрілік өсімдіктердің суреті мен мазмұнын шығармашылықпен жасау іс-әрекеті жатады.

Бағалау. Нақты мақсатқа жету үшін оқу материалының маңызын бағалауы. Берілген зерттеулер әдеби еңбектің нәтижесі оқушының талдауы өлшемдерімен айқындалады. Өлшемдері ішкі логикалық және сыртқы мақсатқа сай болуы. Оқушылар өлшемді өздері анықтауы немесе мұғалімнің тарапынан берілуі мүмкін. Аталған барлық санатқа сай және нәтижені өзі талдап, өлшемдермен дәлелдеуі.

 
Курстың басындағы сауалнама

Аты-жөніңіз.
Дәрілік өсімдіктер дегенді қалай түсінесіз?
Дәрілік өсімдіктерді үйде пайдаланасыз ба?
Дәрілік өсімдіктер медицинада, халықтық медицинада маңызы қандай?
Өзіңіз тұратын жерде қандай дәрілік өсімдіктер өседі?
Дәрілік өсімдіктерді сақтау жолын білесіз бе?
Дәрілік өсімдіктердің қайнатпасын даярлай білесіз бе?
Қайнатпа дегеніміз не?
Қайнатпа мен тұнба айырмашылығы неде?
Осы курстан қандай нәтиже күтесіз?
Курс соңындағы сауалнама

Осы курстан қандай әсер алдыңыз?
Бұрын таңдаған мамандыққа деген көзқарасыңыз өзгерді ме?
Курстан күткеніңіз ойыңыздан шықты ма, көзқарастарыңызға өз ықпалын тигізді ме?
Қандай сұрақтар қиыншылық туғызды?
Келешекте қандай тақырып бойынша курстық жұмыс жазғыңыз келеді?
Тест

1. Қазақстанның барлық жерлерінде өсетін бұта тектес, раушан тұқымдасына жататын

С витаминнің қоры.

а) долана, ә) итмұрын, б) алма, в) меңдуана

2. Адамның серігі, адам арқылы тарайтын, жол бойында өсетін дәрілік өсімдік.

а) қызылмия, ә) жалбызтікен, б) мыңжапырақ, в) жолжелкен

3. Улы жылан немесе улы жәндіктер шаққанда жапырағын емдікке пайдаланатын өсімдік.

а) жолжелкен, ә) итмұрын, б) меңдуана, в) уқорғасын

4. Көпжылдық қурай тектес өсімдік таулы аймақтарда өседі, тамыры емге қолданылады. Күз айларында ғана жинайтын өсімдік.

а) жабайы долана, Ә) сарымсақ, в) адыраспан, в) уқорғасын

5. Тянь-Шань тауларында өсетін бұта тектес бұтақтарында ұзын тікендері бар, жемісі, жапырағы, гүлі дәріге пайдалантын, таспа құрттарды түсіру үшін пайдаланады.

а) жабайы долана, ә) кәдімгі емен, б) кәдімгі өгейшөп,  в) дәрілік мелисса

6. Қоймалжың сары-қызыл хош иісті май алынатын дәрілік өсімдік.

а) қотыр қайың, ә) шырғанақ, б) жүгері, в)бақбақ

7. Дәрілік шикізат ретінде тамырын, шөбін гүлдеу кезінде жинайды, химиялық құрамында полисахаридтер кездеседі, сондықтан олар шырышты болып келетін өсімдік.

а) жолжелкен, ә) жүгері, б) жалбызбіткен, в) шайқурай

8. Гиппократ еңбектерінде тамырының емдік қасиеттері жазылған Қытайда «тәтті шөп», Грецияда «тәтті тамыр» деп аталатын өсімдік.

а) мия, ә) бәйшешек, б) қызғалдақ, в) айыр.

9. Жемісті тағам, дәрі, мал азықтық және сәндік, біржылдық шөптектес өсімдік, сабағының ұзындығы 5 м-ге жететін жатаған сабақты, жемісті қабақ өсімдік.

а) қарбыз, ә) қауын, б) кәдімгі асқабақ, в) сәндік асқабақ

10. Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі, жапырағы ойық жараны емдеуге қолданылатын, эфир майын өндіретін, балды өсімдіктер қатарына жататын өсімдік.

а) дәрілік қырмызгүл, ә) өгейшөп, б) сәлбен, в) итшоған
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер.

Проблеманың (мәселенің) шешімін табу құзыреттілігі

Аспект
І деңгей
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
Мәселені (проблеманы) сәйкестендіру, анықтау
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер туралы түсінігі – бір-бірімен айыр-машылығын көрсете отырып сипаттайды. Адам қажеттілігін қанағаттандыруға арналғандығын сипаттай алады.
Дәрілік өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін, жетістігін, негізгі қазіргі кездегі Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің орнын айқындай алады.
Дәрілік өсімдіктердің басқа өсімдіктермен салыстырғандығы анағұрлым тиімді екендігіне көз жеткізе алады, биологиялық құрал-жабдықтардың көмегімен дәрілік өсімдіктердің тұнбаларын дайындау әдістерін көрсете алады.
Әрекетті жоспарлау және мақсат қою
Биология ғылы-мының соңғы жылғы жаңалықтары мен ғылыми жетістіктері фармацевтиканың одан әрі дамуына негіз бола алатындығына көз жеткізе алады.
Дәрілік өсімдіктердің маңызын, дайындау әдісін жетілдіру, білі-мін кеңейту мақсатын-да – өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, қосымша білімін толықтыра отырып өздігінен білімді іздеп үйрену мүмкіндігін дамыта алады.
Дәрілік өсімдік-тердің келешегін қазіргі заманғы дәрілік өсімдіктердің міндеті, әдістерін, оларды сұрыптау, жинау, кептіру, іріктеу әдістерінің Қазақстандағы жетістіктері, даму болашағы туралы тәжірибе, зерттеу жұ-мыстарын жүр-гізіп, қорытынды талдау жасай алады.
Технологияларды қолдану
Топпен, жұппен жұмыс істейді. Журнал, оқулық-тағы мәліметтерге сүйенеді.
Дәрілік өсімдіктерді толық меңгеруде әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір бөлігін талдап алып, оның жоспарын жасайды.
Алған ақпарат көлемін ескере отырып,  қарапайымнан күрделі нысанға өзінің жинаған ақпаратын қолданады және әрекет жасайды. Өзінің теориялық білімін әрекет жасау арқылы қолдана алады.
Ресурстрады жоспарлау
Реферат, жобалардың тақырыбын таңдай алады.
Жоспарларды бұқаралық ақпарат құралдарынан іздейді (газет, журнал, оқулық, интернет т.б.)
Жинақтаған ақпаратын жүйелейді.
Қызметті бағалау
Өзі жоспарлаған жұмысына сала-уатты қорытынды жасап, орындаған жұмысын өзі бағалай алады.
Өз жұмысын мақсатына сәйкес бағалайды.
Өз жұмысының мақсатқа жетудегі тәсілдерін ұсына алады.
Өзіндік қозғалысын бағалау
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді әлсіз және күшті жақтарын көрсете алады.

Өз зерттеу жұмыс-тарының болашағы-на, жетістігіне қызығушылығын айқындай алады.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің келешегінің жетістіктері мен кемшіліктерін, себептерін көрсете алады.
Дәрілік өсімдіктер туралы мағұлмат алуда білім, білік тәжірибе т.б. мамандық таңдауға бейінді қолдану мүмкіндігін дәлелдей алады.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау
Дәрілік өсімдіктер туралы білімін кеңейиуге және алған қойған міндетін шешуде берілген ақпараттар-дың тізімін жасай отырып, нені меңгергенін және меңгермегенін көр-сете алады.
Дәрілік өсімдікті кеңетуге қойылатын ақпарат не туралы екенін талап ететінін атап көрсету.
Дәрілік өсімдіктерге қойылған міндеттеріне сәйкес ақпарат-тық ізденісті жоспарлайды. Дәрілік өсімдіктерді ақпарат-тық ізденісті аяқтағаны туралы өз бетінше және дәйекті шешім қабылдайды. Міндетті шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалайды.
Алғашқы ақпаратты бөліп алу
Дәрілік өсімдіктер туралы анықтама-лықтарды, энцикло-педияларды қолда-нады. Мазмұны бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар жасайды.
Дәрілік өсімдікте берілген ақпаратты қайнар көздерден іздеу қажеттілігін көрсетеді. Дәрілік өсімдіктерді ақпараттық ізденіс міндеттеріне сәйкес сипаттама береді.
Дәрілік өсімдіктерге қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі сұрақтар мен жауаптарды көрсетеді. Дәрілік өсімдіктер-ді ақпарат көздерінің әрекет мақсатына қарай қолдануды негіздейді.
Қайта алынған ақпаратты бөліп алу
Дәрілік өсімдік-терге бақылау жүргізіледі. Дәрілік өсімдіктерге сұрақ қоя отырып ақпарат алады. Дәрілік өсімдік көркем мазмұнды бөліп алады.
Дәрілік өсімдіктерге өз бетінше экспериментін жүргізеді. Мақсаты мен барысына және ақпараттық ізденістерді жүргізеді. Дәрілік өсімдіктерді сұрау арқылы жинаған ақпараттарын өз бетінше жоспарлайды. Қойылған міндеттерге сәйкес жоспар бойынша БАК-пен мониторинг жүргізіледі.
Дәрілік өсімдіктерде БАҚ өз бетінше мониторинг жүргізеді. Өсімдіктердің міндеттерін жоспарлап, мазмұнын мәтінінен алынған ақпараттарды жоспарлайды.
Алғашқы ақпаратты өңдеу
Дәрілік өсімдіктерге нақты ақпараттарды шешу жолдарын қарастырады.

Мыс: ақпараттардан аймақ туралы негізгі мағұлмат алады (мұражай, архив).
Сұрау арқылы жиналған ақпарат басқа ақпарат бөліп алады. Нақты сол аймақ бойынша алады.
Ақпаратты жоспарлайды.
Ақпаратты алғашқы өңдеу
Қоршаған ортаның қарапайым құрылымындағы жазбаша байла-нысудың стан-дартқа сай өзгереді.
Дәрілік өсімдіктерге, күрделі құрылымдарға жазбаша байланысудың стандартқа сай болады.
Дәрілік өсімдіктердің негізгі нәтижелерін жазбаша түрде ұсынады.

Коммуникативтік құзыреттілік

Аспект
І деңгей
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
Жазбаша қатынас
Қарапайым өсіміктер құрылы-мындағы өсімдіктердің суретінің салынуы және жазбаша байланысудың стандартты өнімдері нысанасында өз ойларын рәсімдейді. Көрсетілген, берілген дәрілік өсімдіктердің мәтінді рәсімдеу нормаларын сақтай отырып сұраған қосымша графада баяндайды.
Күнделікті адам өміріне өте маңызды дәрілік өсімдіктердің күрделі құрылымындағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері формасында өз ойын рәсімдейді. Күрделі құрылымды қажет етеді, тақырыпты баяндайды. Қосымша құралдарды сауатты пайдаланады.
Берілген ұсынылған, талап еткен ақпаратты өңдеу нәтижелерін шектелмеген нысандағы жазбаша түрде ұсынады. Талқылауға ұсынылған кезде айқындамаға қарсы немесе мәтінінің дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжатты құрады. Өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша мақсат орындалуы керек.
Көпшілік алдында

сөз сөйлеу
Емдік қасиеті бар, Қазақстанда жиі кездесетін шөптесін өсімдіктер туралы баяндама жоспарын дайындайды. Көпшілік алдындағы баяндаманың нормасы мен шегін сақтайды. Әр адам өз баяндамасының мағыналық блоктарын ерекшелеу үшін үзілістер пайдаланады. Нақтылау мен түсінуге берілген сұрақтармен жұмыс жасайды.
Әр адам өз баяндама-сының мағыналы блоктарын ерекшелеу үшін қисындық байланыс құралдарын пайдаланады. Вербальды емес немесе көрнекі материалды пайдаланады.
Дәрілік шөптесін өсімдіктердің тақырыбын дамытуға берілген сұрақтармен жұмыс жүргізеді. Байланысы мен мақсаты аудиторияны берілген мақсатына сәйкес сөйлеу жанры мен мазмұнын анықтайды. Тақырыппен, сабақпен байланысу міндеттеріне пара-пар материалдарды өз бетімен дайындайды және оларды сауатты пайдаланады.
Диалог
Қазақстанда өсетін жергілікті дәрілік өсімдіктердің монолог, диалог, пікірталаста нақты бағалау ақпаратын, мазмұнын қабылдайды.
Монолого, диалог, топ нақты бағалау ақпараттың мазмұнын толық қабылдайды.
Өсімдіктердің диалог байланысу үздіктерін түзетеді.
Өнімді топтық қатынас
Оқушы топтық талқының іс-әре-кетіне өз бетімен ілеседі.
Өз бетімен топ алдында қойылған міндетке сәйкес талқылау ережелері мен сұрақтары туралы келіседі.
Оқушылар пікірталас шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады немесе топтық нәтижеге қол жеткізе алмау себептер-ін жинақтайды.
 

 

Қорытынды

Осы жұмысты қорыта келгенде, “ Қазақстан –2030” бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экология- экономикалық қатынасымыз бен жанашырлық көз қарасымыз керек. Сондықтан бұл ғылыми-шығармашылық еңбекте көрсетілген жергілікті жерлерде өсетін дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың эстетикалық, экологиялық, медициналық мәні өте жоғары. Бұл еңбек арқылы жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктерді қорғауға үлкен үлес қосамын,-деп ойлаймын. Ауылымызда әлі зерттелмеген, оны жергілікті тұрғындар тек арамшөп ретінде түсініп келе жатқан дәрілік өсімдіктер жетерлік. Ауылымыздағы дәрілік өсімдіктерді жинап, құрамына қарай дәрі- дәрмектік қасиетін дәріптей алсақ, оны жергілікті халық пайдаланар еді.

Емдік шөптердің көбі – үйіміздің жанында, бау – бақшамызда, жол бойларында кездесетін арамшөптер. Бірақ біз оларды мәдени өсімдіктердің жауы ретінде ғана білеміз. Олардың шипалық, емдік қасиетіне мән бермей келеміз. Өсімдіктер де сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр.”- деген халық даналығы бекер айтылмаған. Сондықтанда емдік шөпті тамырымен қопарып жатқанда ертеңіміз де, келер ұрпақта есімізде болсын.

Туған өлкенің әрбір өсімдігін зерттерп білу, оны және табиғатты қорғау, ал табиғатты қорғау ондағы адамзатты, ғаламшарды қорғау деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       Беспаев С. Б, Лященко Н. В. Дары гор, степей и пустынь – Алма – Ата, Кайнар, 1990
Доброхотова К. В, Чудинов В. В.

2.       Қазақстанның дәрілік өсімдіктері – Алматы, 1963

3.       Доброхотова К. В, Писарев А. А. Целебные растения вокруг нас – Алма – Ата «Қазақстан», 1980

4.       Герман Э. В. Растение и наше здоровье – Алма – Ата, Кайнар, 1987

5.       Көкенов М. К, Әдекенов С. М. т. б Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы «Ғылым» баспасы, 1998

6.       В.С. Анисимова, Е.П Бруновт, Л.В. Реброба «Адам  анатомиясы, физиологиясы   гигиенасы  бойынша  өздігінен  істейтін жұмыстар.  «Мектеп» Алматы.1980 ж

7.       «Биология, химия  және география» журналы №1-1997-№6 2002 ж

8.       «Атамекен» газеті №1 –2003-№6 2006.

9.       Биология, география және химия. № 6. 2002 жыл.

10.   Денсаулық журналы.№ 5. 2000 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №3

Глоссарий

Сарыарқа даласының дәрілік өcімдіктері

1. Айланшөп таран, қымыздық-горец почечуйный

2. Ақбоз тұңғиық – Кувшинка чисто-белая

3. Ақезу бәрпі – Борец белоустый

4. Аққурай лакса – Мордовник обыкновенный

5. Алқызыл долана – Боярышник кроваво – красный

6. Андыз тамыр – Айр болотный

7. Биік андыз – Девясил высокий

8. Биік тегеурінгүл-Живокость высокая

9.Дала қырық буыны-Хвощ полевой

10. Дәрілік жалбызтікен-Алтей лекарственный

11. Дәрілік календула (Тырнақгүл) – Календула лекарственная (Ноготки лекарственные)

12. Дәрілік түйежоңышқа – Донник лекарственный

13. Дәрілік түймедақ – Ромашка лекарственная

14. Еркекусасыр папоротник-Щитовник мужской

15. Ермен, Ащы жусан-Полынь Горькая

16. Етжапырақ бадан-бадан толстолистный

17. Жалаң жарықдәрі-грыжник гладкий

18. Жататан бидайық – Пырей ползучий

19. Жылқы қымыздық (ат құлақ) – Щавель конский

20. Жіңішке жапырақ – Иваншай – Иван – чай узколистный

21. Кәдімгі адыраспан – Гармала обыкновенная

22. Кәдімгі арша – Можжевельник обыкновенный

23. Кәдімгі жапырақ – Пастушья сумка

24. Кәдімгі  мойыл-Черемуха обыкновенная

25. Кәдімгі мыңжапырақ-Тысячелистник обыкновенный

26. Кәдімгі өгейшөп – Мать и мчеха

27. Кәдімгі сарысояу(ошаған)– Дурнишник обыкновенный

28. Кәдімгі сары тұңғиық, дүңгіршек –Кубышка желтая

29. Кәдімгі сиякөк – Льнянка обыкновенная

30. Кәдімгі таңқурай -Малина обыкнавенная

31. Кәдімгі түйежантақ – Верблюжая колючка

32. Кәдімгі түймешетен – Пижма обыкновенная

33. Кәдімгі шәңкіш-Калина обыкновенная

34. Кәдімі бақбақ – Одуванчик лекаственный

35.  Киіз шоңайна – Лопух войлочный

36. Киік оты -Зизифора бунге

37. Көктем жанаргүлі – адонис весенний

38. Қocүйлі қалақай —Крапива двудомная

39. Қанды шөп – Кровохлебка лекарственная

40. Қара меңдуана – Белена черная

41. Қоңыр раушан – Шиповник майский

42. Қотыр қайың  – Береза бородавчатая

43. Құмдық салаубас-Цмин песчанный

44. Қызыл мия, жалаң мия – Слодкая голая

45. Қызыл таспа(Қаз оты) – Горец птичий(Спорыш)

46. Сарыбас шайқурай -Зверобой продырявленный

47. Сасық меңдуана – Дурман обыкнавенный

48. Сасық  маралоты – Василистник  вонючий

49. Тасшөп жебір- Чабрец маршаллиевский(тимьян)

50. Томар бояу кермек – Кермек Гмелина

51. Түйежапырақ. Татар рауғашы-ревень татарский

52. Түрліаяқ бөріқарақат- Барбарис разноцветножковый

53. Тықыр жусан – Полынь гладкая

54. Tiкенді раушан – Шиповник иглистый

55. Үлкен  бақажапырақ —Подорожник большой

56. Үлкен сүйел шөп – Чистотел большой

57. Үштармақ итошаған – Череда трехраздельная,

58. Шалфей дәрі – Шалфей лекарственный

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *