Жоба тақырыбы: «Нұр емдік сауықтыру санаториясын электр қуатымен қамтамасыз ету»


Қарағанды қаласы КММ «№101 мектеп-лицейі» 8 сынып окушысы

Ахметов Айбар Жанатбекұлы,14 жас

Жетекшісі: Искакова Рымбала Марибаевна

биология және химия пән мұғалімі

Бағыты:  Салауатты табиғи орта -«Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі

 

Секциясы: Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау

 

 

 

 

Жоба  жетекшісі: Искакова Рымбала  Марибаевна,

биология  пәнінің  мұғалімі,          №101мектеп –лицейі

 

 

 

 

2016 жылы

 

 

МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе ………………………………………………………………………………………….3

II.Зерттеу бөлімі…………………………………………………………………………4-10

1.«Нұр»  демалыс  орны…………………………………………………………………..4

2.Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние………………………………. 5

  1. Жер – біздің асыраушы анамыз ……………………………………………………6

4.Ауаның ластануы…………………………………………………………………………..7

5.Қазақстандағы туризмнің дамуы…………………………………………………8-9

II.Қорытынды………………………………………………………………………………..10

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………11

Қосымша …………………………………………………………………………………..12-20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жобаның мақсаты: Болашақтағы   Қазақстан   Республикасының  аумағында  емдік  сауықтыру  санаториясының  макетінің  жобасын қорғау. Жобаны  шынайы түрде   зерттеп, саралау.Келешекте демалыс орнын жүзеге асыру нәтижесінде халықтың денсаулығын нығайту. Қазақстанның табиғатын тиімді пайдаланып, халыққа қолайлы жағдай жасап, халық денсаулығын нығайту. Туған жеріміздің қоршаған ортасын таза ұстап, экология жағынан таза, табиғаттағы адам құндылықтырына қажет қор заттарды қорғап қалу және тиімді пайдалану.

 

Жобаның өзектілігі: Адам – еліміздің басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды.Сондықтан адам денсаулығын сақтап,зерттеп білудің мәні өте зор. Қоршаған ортаны келер ұрпаққа сақтап қалу адамзат үшін өте маңызды. Сондықтан осы сәттен бастап альтернативті энергия көздерін пайдалану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

“Нұр” демалыс орны

Макет ландшафт түрінде көрсетілген, бұл жерде табиғи нысандармен қатар (ағаштар, бұлақтар, көгал және т.б.), ғимараттар (үй, шағын ғимарат) бар. Макет табиғи материалдардан(ағаш, тас және т.б.), сонымен қатар арзанқол материалдардан (қағаз, пластмасс, және т.б.) жасалған.

Жоба макет түрінде көрсетілген және ағаш дөңгелек түрінде жасалған (дөңгелек құрсауына магнит бекітілген). Дөңгелек айналған кезде магниттік өріс арқылы электр заряды пайда болады. Электр заряды өзгерістен кейін электр қуатына айналып “Нұр” демалыс – сауықтыру санаториясын магнит өрісі арқылы пайда болған электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Берілген кешен келешекте экономика жағынан коп тиімділік көрсетеді, жылдың әр мезгіліне байланысты бұл нысанда 200 – 500 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бір уақытта 400 адамем қабылдап демала алады. Ал жылына 10 мың адам демалады.

2017 жылы Қазақстан Республикасында “ЭКСПО-2017” халықаралық көрме өтеді, соған байланысты бүкіл әлемнен қонақтар келеді, сол қонақтарды осы “Нұр” сауықтыру емдік кешені құрметпен қарсы алуына болады. Сонымен қатар қонақтарға экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл  бағдарламада Астанаға жақын архитектуралық тарихи, мәдени, спорттық кешендерге саяхат жасауға болады.

Келешекте осы жобаны шынайы түрде жүзеге асыруға болады деп армандаймыз. Менің  арманым орындалады деп сенемін.

“ ЭКСПО-2017” халықаралық көрме қатысушыларына сәттілік тілейміз.

 

 

Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние

Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

«Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп санаймын».    М.Монтень.

Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа    немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.

Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер – біздің асыраушы анамыз

Жер – біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Иә, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп.

Оларды атап айтатын болсақ:

Ауаның ластануы,

Судың ластануы;

Планетаның радиоактивті элементтерімен ластануы,

Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері,

Радиоэкология;

Мұнай өндірісі;

Семей атом полигоны;

Байқоңыр аумағы

Балқаш аумағы т.б.

 

 

 

 

Ауаның ластануы

Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы қалалардың үстін 2000-2500 м биіктікте газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микроптар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе адамдарды тұмау әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды.

 

 

 

 

Қазақстандағы туризмнің дамуы

Туризмнің  айрықша түрі болып табылатын халықаралық  туризм қазіргі кезде жедел дамып келеді. Халықаралық туризм  үлесіне шамамен  дүниежүзілік жалпы жиынтық ішкі өнімнің  және жалпы жұмыс істейтін  халықты  10 пайызына тиесілі,кейбір елдерде  бұл көрсеткіш жоғары болып келеді. Жалпы шетел туристерін қабылдау  жөнінен Еуропа  жетекші орын алады.

Тау шаңғысы

Теңізде айналып жүзу

Қазақстанда туризмнің канат жаюына мүмкіндік мол. Қазақстанның  14 облысының  әр қайсысы  қонақтарды көрікті көріністерімен , халқымызды   бай  мәдениетімен  хабардар  ететін  ежелгі  ескерткіштерімен таңқалдыра алады.

Туристер  700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады.  Туризмді дамытудың    2007-2011 жылдарғы   арналған мемлекеттік бағдарламасы

аясында көптеген жұмыстар атқарылды.  Тау шаңғы туризмін  Алматы, ШығысҚазақстан облысында дамыту көзделіп отыр.

Атап айтар  болсақ:  Изумрудный Алтай   демалу – сауықтыру  кешені,  Алтай Альпілері  демалыс орны,   Рахман қайнарлары   демалыс сауықтыру орны т.б. Маңғыстау  облысындағы   Кендірлі  демалыс орны, Астана қаласы,Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Түркістан, Бурабай, Балқаш,  Алакөл т.б. туристік орталықтар  жұмыс істейді.   Жалпы туризм  саласын  одан әрі дамытып- өркендету  кеңейіп отыр.

 

 

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Сауран қалашығы

Қаратау жотасы

Шерғала

Шарын  шатқалы

 

Емдік сауықтыру орындары халықтың ұлттық игілігі болып табылады. Олар халықтың демалуы мен емделуіне арналған және де қатаң түрде қорғауға алынған табиғи обьектілері мен өзіндік ерекшелітері бар аймақ болып келеді. Көптеген табиғи факторлардың шипалы қасиеті менерте заманнан белгілі;су емшілік жорамалдары мен құрастырылған және де олар балнеологиялық курорттардың минералды суларының прототиптері тектес болып келген. Ол судың емдік қасиеті туралы құлақ қағыстар көптеген аурушаң адамдарды өздеріне назар аудару мақсатында шет аймақтарға тез қарқын мен таралуда «Ғажайып» бұлақтар мен басқа да емдік факторлары емдік құпиялардың негізі бола тұрып кей бір жағдайларда діни мәдениеттің қағидасы ретінде саналып келді.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ойымды қорытындылай келе,”Нұр сауықтыру емдеу санаториясы” жобам бойынша халыққа пайдасы тисе деп ойлаймын.Келешекте аумағын үлкейтіп республикалық,халықаралық деңгейде бүкіл әлемге танытқым келеді.Мұғалімнің қолдауымен келешекте осы жобаны шынайы түрде жүзеге асырып ,халыққа пайдасы тисе деймін.

Менің болашақтағы арманым, қазақ халқы шет елдерге барып ем қабылдағанша, Шаңырақтағы менің жобаммен салынған шипажайда ем қабылдаса деймін…

“ХХІ ғасырда біз «шыны әлемде» өмір сүріп жатырмыз. Бұл әлем – мөлдір және нәзік. Мұнда тас лақтыруға болмайды. Оны сақтай білу керек.  140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі –  ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту. Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығымызды ешкімнің шайқауына жол бермейміз. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық – этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау”.

Осының арқасында біздің әр алуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Ә.Т.Қанаев, З.Қ.Қанаева, Экология Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2008
    2. Ж.Ж.Жатқанбаев, Экология негіздері, Алматы, 2004
    3. А.Т. Қуатбаев Жалпы экология: Оқулық / Алматы : Дәуір, 2012. (МВА)
    4. Ұ.Б.Асқарова, Экология және қоршаған ортаны қорғау, Алматы, 2007

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *