Бердимуратова Кульзира Жумабаевна


Аты – жөні: Бердимуратова Кульзира Жумабаевна

Қызметі :Бастауыш класс мұғалімі

Жұмыс орны:Ақтөбе қаласы №18 орта мектебі.

Санаты :Жоғары санатты

Өмірбаян

Мен Бердимуратова Кульзира, 1959 жылы мамыр айының 17 – сінде Қызылорда облысы, Құланды ауылында дүниеге келдім. 1966 жылы Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1976 жылы осы мектептің 10 класын бітіріп шықтым. 1976 жылы Қызылорда қаласында М.Мәметова атындағы қыздар педучелищесінің музыка бөліміне оқуға түсіп,  1979 жылы «музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы жылы еңбек жолымды Бершүгір орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастадым. 1980 жылы Шалқар қаласындағы № 1 қазақ орта мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып ауыстым.

1983 – 1989 жж  Гурьев педагогикалық институты. 1984 жылы Қайыр селосындағы (қазіргі Мөңке би ауылы) М Тәжин атындағы орта мектепке ауыстым. 1987 жылы отбасы жағдайына байланысты Мұғаджар станциясына көшіп келдік. Осындағы орта мектепте ұзартылған күн тобының тәрбиешісі және музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым.1992 жылдан бастап бастауыш класс мұғалімі болдым.1995 жылы Ақтөбе қаласы Кірпішті елінің № 18 орталау орыс – қазақ мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті және музыка пәнінің мұғалімі болып орналастым. Ол кезде бұл мектеп орыс мектебі, ең алғаш қазақ класы бастауыштан шыққан екен. Сол 5- класқа класс жетекші болып тағайындалдым.Осы класты 2000 – 2001 оқу жылында № 18 орта мектебінің алғашқы қазақ кластарының түлектерін 9 бітіртіп шығардым. Бұл – мектеп тарихында тұңғыш қазақ класының түлектері. 2002 жылы мамандығым бойынша бастауыш класс мұғалімдігіне ауыстым. Бүгінгі күнге дейін үш түлек жіберіп, қазір 3 – класс мұғалімімін.

Өзім туралы қосымша ақпараттар:

Мұғалімнің  аты-жөні Мақала тақырыбы, әдістемелік құралы Қайда, қай уақытта
Бердімұратова Гүлзира Жұмабаевна «Қос өнер әлемі»

«Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс»

 2010 ж. Арнайы курс

Әдістемелік құрал

«Инновациялық оқыту жағдайында шағын жинақты мектептерде сапалы білім беру» Республикалық баяндама

2011 ж

 Инновацияның жүйелі қызметінің бір  түрі- пәнаралық байланыс арқылы оқыту.

 

 

«Шығармашылық – дарындылық көзі»

2013 ж  обл. конф; «Пед.шеберхана-инновациялық тәжірибені тарату түрінің  тиімдісі»

Өрлеу журналы

*45 мин.интернет ресурс. сабақтары;

Математика «Білімді тиянақтау»

*электр.орта;*халықар. конкурс.грамота;

* «Әліппе –білім  бастауы» әдістемелік сабақ жазбасы жарияланды.

«Әдебиеттік оқу сабақтарын музыка өнерімен кіріктіре оқытудың тиімділігі»

2014 – 2015 жж

*«Пед шолу» журн. сабағы;

«Өрлеу»

Ihfourok. RU. Сайтындағы әлеуметтік желі

2014 ж. Әдіст. құрал

* «Жамбыл. Балаларға», «Алғашқы қар»әдебиеттік  оқу сабақтары жарияланды,Сертификат және алғыс хат.

«Жұрнақ пен жалғау» тақырыбында сабақ жарияланды.Сертификат пен алғыс хат.

«Білімді ел – мәңгілік ел»

2016 ж.Республикалық   «bilim-gilim.kz» порталына

 

2016 ж Халықаралық «bilimnur..kz»

2016 ж. Облыстық тамыз кеңесінің материалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *