Сценарий «Даярлықпен қоштасу кеші»


Куйекбаева Бейбитгуль Адилбековна
воспитатель » Школа №22″ г.Усть-каменогорск

Даярлықпен қоштасу кеш

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы білімдерін тексере отырып, өнерлерін тамашалай    отырып, алда тұрған міндеттерді орындай білуге, дағдыларын қалыптастыру. Үленді сыйлауға, тәртіпті бола білуге тәрбиелеу.

Барысы

Жүргізуші:   Көз салып қараңызшы бойларына
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Даярлықпен  қоштасу тойымызға.
Армысыздар ма  құрметті  оқушылар,ата-аналар,  ұстаздар және     қонақтар!

Жүргізуші:  Қадірлі жиналған барша  қауым,ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Даярлық  топпен қоштаспақшымыз.Даярлық  топты бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге  Бүгінгі  «Тілашар» тойымызға  хош келдіңіздер!

Айналайын балалар

Алдарыңда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар 1-шіге

Бір белестен өттіңдер,

Өсті, міне бойларың

Өсті ақыл,ойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Енді  балалар  сендер 1-сыныпқа  аяқ  басасыңдар. Сендер онда әліппемен достасасыңдар. Даярлық сыныбында қандай пәндерді оқыдық? Бәріміз айтып көрейікші.

(Сауат ашу, матаматика, тіл дамыту, экология, Көркем әдебиет, Сурет, мүсіндеу, жапсыру,құрастыру,денешынықтыру,музыка,айналамен таныстыру)

Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Ендеше даярлық сыныбында үйренген білімдеріңді қазір әліппеге айтып бересіңдер.

Әліппенің келуі .Қәнеки ортаға әліппені шақырайық.(Әліппе ортаға  шығады)

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

1) «Кім зейінді?» ойыны. Қорап шығады осы қорапты лақтырамын қандай әріп түссе сол әріпті атайсыңдар да, қандай әріп екенін айтасыңдар.Мысалы: «а» дауысты созылып айтылады. Дауысты болса Қызыл гүлдеріңді көрсетесіңдер. Ал дауыссыз болса көк гүлдеріңді көрсетесіңдер.

2)«Әріптер әлемі»  ойыны. Ендеше балалар сендердің білімдеріңді көре отырып, мен сендермен тапсырмаларды бірге орындайық деп келдім.Мен өзіммен бірге сиқырлы қорабымды ала келдім. Сиқыллы қораптың ішінде бірнеше тапсырмалар бар соны маған орындап берсеңдер болды.Сиқырлы қорабым ашыл, ішінен әріптер шашыл. (Отан сөзі)

3)Айым тақпағы: Отан

4) Слайд көрсету

Жүргізуші:  Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп.

Біздерге білім үйреткен,
Ұстаздарға көп  рахмет.
Хор Ән  «Мұғалім-ол біздің»

Жүргізуші: Біз әліппемен достасамыз ба? Әліппе қалсын ба?

Жақсы кітап Әліппе

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштасып

Әліппемен достастық.

(Жарайсыңдар  балалар!)

Жүргізуші:  Әліппемен ғана достасып қана қойған жоқпыз.

Ал енді балалар, бізге  тағы  біреу  қонаққа келе жатыр екен қарсы алайық! (Математика ортаға шығады)

Ал балалар санайық

Қосып және алайық

Дұрыс санап көрейік

Математик болайық

Тура және кері санау ойыны.Ортаға анасымен шығып санайды келесі бала шығып кері санайды.

Санамақ ойыны. Әлихан  санамақ:

Бір дегенім білім

Екі дегенім үнің

Үш дегенім елім

Төрт дегенім тілім

Бес дегенім батаң

Алта дегенім атаң

Жеті дегенім жерің

Сегіз дегенім серің

Тоғыз дегенім төрің

Он  дегенім оңың мен солың

Санай білсең осылай

Ашылады жолың

Жүргізуші:  Даярлықпен қош айтысып қаламыз,
Енді біріншіге  барамыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
 

Математик апай біздің балалардың тамаша көрінісін тамашалайық.

Көрініс. Оң мен сол (Әлихан мен Амина) (Әлихан-тақия кигізу,Амина-байлауыш кигізу)

Жүргізуші: Математика бізде қалсын ба? Математикамен  достасамыз ба? Математика  достарыңа не айту керек? (Оқушылардың жауаптары)
Жүргізуші: Ақ түйенің қарыны,

Жарылды күннің жалыны,

Нұрын шашып сылдырап

Ағылсын өлең бұлағы.

өздерінің   өлең шумақтарын арнау үшін бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Тақпақтар 

Алина:

Үміт гүлін бүрлеткен

Асыл кені дана ойдың

Орындаймыз құрметпен

Өсиетін Ыбырайдың

Жүргізуші: Ыбырай атамыз қандай өсиет қалдырды?

Маржан: Кел,балалар оқылық!

Топтың тақпағы Кел,балалар оқылық!  (хормен айтады Бір аллаға сыйынып)

Маржан: Өсіп ой мен санамыз

Өмірге жол саламыз

Білім қуған баламыз

Біз оқушы боламыз

Амина: Таудай  болсын талабың

Құтты болсын қадамың

Деп құттықтап ағайым

Сыйлады өз қаламын

Таудай болса талабым

Мен де өсіп толамын

Ағайымдай әрдайым

Оқуда озат боламын

Заңғар: Ұқсатпа мені басқаға

Есейдім алты жастамын

Қош айтып енді бақшаға

Мектепке жолды бастадым

Ақтоты: Оқушы болам зейінді

                 Өнерге іске бейімді

Қамқоршы болып қарттармен

Інілерге кейінгі

Темірлан: Еркесі едім атамның

                   Еркесі едім апамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым

Құралдарым бек менің

Міне менің мектебім

Тісім кетік болғанмен

Білетінім көп менің

Ән  «Ата-әже»

Нұрсұлтан: Жеткізген соң адам ғып

Біздерге тән адалдың

Өйткені енді мектептің

Оқушысы атандың

Әлинұр: Әділдікті жақтаймыз

                 Ізеттілік сақтаймыз

Осындай зор мақсатпен

Табалдырық аттаймыз

Фархат: Бой алдырар селтеңге

                Мен емеспін еркең де,

Әзір қалам бояуым

Әзір кітап сөмкемде

Мөлдір: Білімнің жаққан шырағын

                Кездессе қайда мұғалім,

Беремін сәлем ізетпен

Басымды иіп тұрамын

Дарын:  Мәпелеп ата-анамыз

Бақшада ұстаз тәлімгер

Айшықтап сурет саламыз

Тыңдап жүр әсем әнімді ел.

Нұртас: Әжептәуір бойымда

Сабақ қана ойымда

Оны ұқпас інім тек

Шақырады ойынға

Әли:   Құшағыңда жарқылдап,өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,алаңдауды білмедім.

Гүлге толы жан-жағым,асыр салып жүгірдім,

Өсті талап-талғамым,көп нәрсені ұғындым.

Алмас: Жуытар бойға  жамандық

Біз емес нашар балақан

Өнермен жастай атандың

Әнші де биші балақан

Мерей: Желкілдеп өскен көкпеңбек

Көктей боп көңіл көктем боп

Жеткізген бізді тәлімгер

Ұстазға алғыс көптен-көп

Арыстан: Жігерін төгіп қаншама

Ертегін шертер тамсана

Тәрбиеші апай,ата-ана

Рахмет баршана!

Жүргізуші: 

Ән  «Бау-бақша»

Жүргізуші:  Әр ұлттың әнін де биін де үйрендік.

Қадырова Мерей  Кәріс әні

Ән «Домбыра»  Амина

 

Жүргізуші: Жиналған қауым таң қалсын

                    Ән бимен шашу шашылсын
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.

Би  «Көбелектер»

Ағылшынша тақпақтар

Әлинұр: What a happy day today!
Boys and girls are very gay!

They dance and play.
What a happy,happy day!

Амина: My dear, dear mоmmy,

I love you so much!

I want you to be happy

On the 8th of March

Арыстан:  Mother loves coffee.

Father loves tea.

I love my teacher,

My   teacher loves me!

Әлихан:  Boys are silly.

Girls are smart.

I love you

With all my heart.

Маржан: Friends at school

                    Are big and small.

Friends at school

Are  best of all!

Жүргізуші:   Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Қонақтарға арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!

Ағылшынша ән

Ұлдар биі

Ән «Два веселых гуся»  (Амина,Алина,Мерей)

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:  Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

Ата-аналарға арналған «Ақ мамам» әні

Еркетайды сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әсел Альмухановнадай ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Жүргізуші:   Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Жүргізуші:Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *