«Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «Ең үздік портфолио – 2017» республикалық қашықтық конкурсының ережелері
Жалпы ережелер
- Осы Ереже«Ең үздік портфолио – 2017» республикалық қашықтық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру, өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртіптерін айқындайды.
- Конкурс тиісті бағыттарында 2017 жылдың 28 сәуірден 31 мамырға дейін өткізіледі. Жұмыстар 2017 жылдың 28 сәуірден 25 мамырға дейін дейін қабылданады.
Мақсаты:
- Портфолио арқылы өздерін ұсына алатын талантты педагогтар мен оқушыларды анықтау және мадақтау.
Конкурстың қатысушылары
- Конкурсқа ерікті негізде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының ұстаздары, әдіскерлері, кітапханашылары, қосымша білім беру педагогтары қатыса алады.
- Ұстаздардың педагогикалық тәжірибесі ескерілмейді.
- Қатысуы жеке немесе бірлескен мүмкін.
- Конкурсқа қатысу ақылы.
Конкурс бағыттары:
- Балабақша тәрбиеленушісінің портфолиосы
- Бастауыш сынып оқушысының портфолиосы
- Орта сынып оқушысының портфолиосы
- Жоғары сынып оқушысының портфолиосы
- Студенттің портфолиосы
- Педагогтың портфолиосы:
-
- мектепке дейінгі білім беру мекемесі
- мектеп
- ЖОО және ООО
- қосымша білім беру
Барлық конкурсқа жіберілген жұмыстар белгіленген қазылар алқасымен тексеріледі және бағаланады. Қазылар алқасының құрамына тәжірибелі педагогтар кіреді.
Бағалау критерийлері:
- тақырыптың сәйкестігі;
- тақырыпты толық ашу;
- мазмұны (жұмыс көлемі, қосымшаның бар болуы);
- ұсынылған ақпараттың дұрыстығы;
- ресімдеу сапасы;
- сауаттылық;
- ерекшелігі;
- шығармашылығы;
- одан әрі материалдың пайдалану мүмкіндігі.
Конкурсқа қатысу барлық қатысушылар үшін ақылы. Тіркеу төлемінің мөлшері 1 жұмысқа 1 қатысушыға – 500 – балаларға, 1500 теңге – ұстаздарға. Төлемеген қатысушылардың жұмыстары,қарауға қабылданбайды. Қатысу төлемі Конкурс ұйымдастырушының өткізу шығындарына жұмсалады және қайтарылмайды. Қатысушысының Конкурсқа қатысу үшін төлеу фактісімен осы ереженің және хатта немесе құжаттарда көрсетілген дербес деректерін өңдеуге шарттарымен келіседі.
Конкурстың қорытындысы
- Конкурс қорытындысы2017 жылдың 31 мамырда шығады.
- Тиісті бағыттарда І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жеңімпаздарДипломдармен , ал жұмыс жетекшілер қатысушыларды дайындағаны үшін Дипломдармен мапаратталады. Жеңімпаз санына енбеген қатысушылар білім беру саласында жемісті жұмыс істеген үшін және конкурсқа қатысу үшін Дипломдармен марапатталады.
- Марапаттау құжаттары конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін электрондық түрде 5 күннің ішінде жіберіледі.
- Дипломдарды баспа түрінде алу үшін 3000 тенге төлеп (қатысушылардың қалауы бойынша) Конкурстың ұйымдастырушыларға oqu.kz@mail.ru электрондық поштаға хат жіберуіңіз керек. Құжаттар Қазпошта арқылы жіберіледі. Дайындау және жіберу мерзімі – 10 күнінен аспайды.
- Конкурс нәтижелері oqu-zaman.kz сайтында жарияланады.
1-қосымша
«Ең үздік портфолио – 2017» атты
республикалық қашықтық конкурсына қатысу үшін өтініш
Қатысушының аты-жөні /жетекшісінің аты-жөні | |
Қызметі | |
Тобы/Сыныбы (балаларға) | |
Жұмыс орны | |
Жұмыстың тақырыбы | |
Бағыты |
Назар аударыңыз! Барлық мәлімет толық жазылады!
РЕКВИЗИТТЕР
«Кулимбетов» ЖК
«Оқу заман» қосалқы білімді сайты
- Банк реквизиті:
АҚ «Казкоммерцбанк»
Картаның нөмірі: 5578 3427 1520 1031
ЖСН: 910919450376
Алушы: Сарсембаева Асем Дауленовна
- QIWI кошелектің реквизиті:
Нөмірі +7 702 852 17 19