Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту


 Косшыгулова Нуржамал Толегеновна
 Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.  Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді.  Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге дейін аз айтылып жүрген жоқ. Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.

Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе, алгебра, геометрия,тригонометрия әлеміне енген сайын басқа жаңа талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V,X, M, L, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз.Ал енді алгебрада латын,грек әріптерін үйренуге тура келеді.Міне,осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді. Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады, кейін жаңа жазулар мен сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар сақтау қажет. Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда,жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп,тәртіпке бейімделеді де,есептерді де алгаритм немесе логика бойынша тез,әрі сауатты шеше алады,сабаққа да ынтасы арта түседі.

Сауаттылық қызметі – алған білім, білік, дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Оқушылардың  танымдық әрекет амалдарын меңгеруін есепке алып, алгоритмдік есептерден эвристикалық типтегі есептерге көшу кезінде оқу-зерттеулік есептер көбейе түсетін өзара байланыс түрі өте тиімді.  Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады.  Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтары мен сауаттылығын дамыту.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні.  Мәтінді дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгеруі, шығарма авторының көзқарасын түсіну, мәтінді оқырман ретінде қабылдауға тәрбиеленеді, көркем-шығармашылық қабілеттері дамиды.  Сөз өнеріне деген қызығушылық, тілдік эстетикалық талғамы қалыптасады.  Сөйлеу әрекетінің түрлері жетіліп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани- адамгершілікке тәрбиеленеді.

Мәтінді оқу сапасы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп дағдысы қалыптасады.

«Қазақ тілі» пәні. Сөйлеу қызметінің барлық түрлерін меңгерген сауатты жазу және оқу дағдылары жетілген, шығармашылық қабілеттері мен тілдесімдік дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерінде қолдана білетін жеке тұлға қалыптасып, дамуына ықпал етеді.  Оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту арқылы тілдің құдіретін, эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетімен туралы білім алады.  Тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде қалыптасады.

Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып.

Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту, баланың бойында алған білімін өмірде қолдана білуге ерте кезден, балдырған кезінен дайындау деген сөз.

«Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы қажет.

Ендеше, дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін дамыту шарттары болып табылады.

Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасадыСондықтан бастауыш сынып үшін оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет.

Бұл ұстанымның мәні – бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне сай келетін, бiлiм деңгейлерiне лайықталған және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдардың қамтылуы.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады.

Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.

Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2016 ж.

2.     www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

3.     http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

4.     К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *