«Жеңіс туы желбіре !»


Бекей Светлана
воспитатель д/с №»1 «Айгөлек»

Тақырыптық  сағат  тақырыбы: «Жеңіс   туын  желбіре !»
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру.

БМ: батыр аталарымыз  бен  апаларымыздың  ерліктерімен таныстыру.

ДМ:  балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту
қабілетін дамыту.

ТМ: балаларды   ұлтжандылыққа,  отансүйгіштікке , елін, жерін сүйетін
батыл азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлардың  суреттері, интеррактивтік тақта .
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Барысы:

Кіріспе.

ҚР-ның әнұраны шырқалады.
Тәрбиеші: Жыл  сайын    9-  мамыр    жеңіс   күнін  атап   өтеді.Ұлы  Отан  соғысында   ерлік  көрсеткен   көптеген  Қазақстандық   батыр   ағаларымыз   бен апаларымыз  бар. Ол   ұшқыш  Талғат  Бигелдинов,  Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов  сонымен қатар  батыр қыздарысыз  Мәншүк  Мәметова, Әлия  Молдағұлова (  суреттерін  көрсетеді).

– Еліміз үшін   жанын қиған батыр ағаларымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздікті жариялаймын.

Барысы:

Балалар жеңіс күні туралы тақпақтар  айтады.
Әлім.
Жау қолынан жұлып алып

Жеңісті атам әкелді

Ақ бораннан аман қалып

Атам көрді  әкемді

Ислам.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылдға сән болып,

Жеңіс келді ,алақай,

Тоя  жейтін нан болып.

Аяулым

Ынтымақ  бар елде  гүлдесін,

Адамдар араз боп  жүрмесін,

Қызықпен көз ашқан балалар

Қанқұйлы соғысты көрмесін
Әлішер.

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Ендігі көп балаға.

Дияр.
Барша халық жеңіс  күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандасып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып

Балалардың амандығын ойлайды.

 

Тәрбиеші: Еліміз   өз батырларын ешқашан ұмытпаған.Олардың   құрметіне   ескерткіштер орнатып мұражайлар   ашылған.  Мектеп, көшелерге есімдер берілген.

Астананың  төрінде   биіктігі   метрлік    ұлы  Отан соғысында   от пен оқтың    ортасында  жүріп , елін  қорғаған    қаһарман   бауыржан Момышұлының ескерткіш  орнатты. ( слайд)

Ал  Ақтөбе  облысында      осы  мерекеде Әлия  Молдағұлованың  ескерткіші  орнатылды. (Слайд)

Ақын  ждазушымыз  Жамбыл  жабаев    баиырларымыздың   ерлігіне,  батылдықтарына  шығармаларын   арнаған.Жамбыл бабамыздың    он үш  метірлік  ескерткіші   елордамызда Есіл  өзенінің  жағасынан бой көтерген. (слайд көрсету)

«Жеңіс  күні»  деректі фильмнен үзінді.

Балалардың  назарын  соғыс  кезінен  үзінді  көрсетеді.

 

Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.

Сөздік ойын: «Мақалды  жалғастыр»

Ойын  шарты: иәрбмеші  мақал  мәтелді     бастайды, балалар жалғастыру керек.

Ойын барысы:   Қорқақ  мың  өледі

Батыр……(бір  өледі)

Жаңбыр жауса жер ырысы

Батыр  туса..(ел  ырысы)

Батыл  болмай,    (батыр  болмас)

 

Ән  тыңдату.

Тәрбиеші  балаларға    Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбындағы     С.Бәйтерековтың  «Әлия», Д.  Тухманов  «Жеңіс  күні»   әндерін  тыңдатқызады.

-Балалар   бұл  ән    қандай   батырларымызға  арналған екен ?

-Әлия  Молдағұлова,  Бауыржан    Момышұлына арналады.

-Әнде не туралы айтылада?

-батырлардың ерлік еңбектері туралы айтылады.

-Әнді  тыңдағанда  қандай   әсерде  болдыңдар ?

-Мұңды,жақсы…

Қимылды ойын:  «Жауынгер   – бала»

Ойынның шарты:  тәрбиешінің белгісін  мұқият  тыңдап  ,керекті құралды     дұрыс  таңдау.

Ойынның барысы:  тәрбиеші    ойын  алаңына   түрлі  ойыншықтарды   шашып  тастайды  балалалар   музыка ырғағымен   жүреді  тәрбиеші  «жауынгер» деген сөзді  айтқанда  балалар  жауынгерге қажетті ойыншықты , ал бала десе    кез келген ойыншықты    тауып   алу керек.

 

Қорытынды:

-Балалалар,  9- мамыр  қандай  мерекені  тойлаймыз ?

-9-мамыр Жеңіс күні

-Қандай   батырларды   білесіңдер ?

– Әлия  Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов  т.б

-Ендеше   мамырдан естелік  ретінде   «Құрмет   тақтасын   жасайық»

 

Тәрбиеші  балалармен  бірге  алдын ала дайындап әкелген    суреттерді, құжаттарды,  белгілерді  топтастырып  «Құрмет  тақтасын  »  дайындайды.

«Ел қорғауға әзірміз»  әнімен   тақырыптық сағатты аяқтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *