Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бастауыш сынып сабақтарында қолданудың тиімділігі


Симгалиева Рухия Аскаровна

Бастауыш сынып мұғалімі

БҚО, Орал қаласы, № 14 жалпы орта білім беретін мектеп

Бүгінгі Әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді.

Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз… Біз білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз… Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» («Егемен Қазақстан», 29 қаңтар 2011 жыл).

Білім игеру процесінің негізгі проблемаларының бірі ұстаз қызметімен байланысты. Мұнда мәселе мынандай сұраққа қандай жауап беруде болып отыр: «Ұстаз кім: «үйретуші» мен «білім көзі» ме, әлде «үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы» ма?

Бүгінгі күні білім жүйесі үйренуші (білім алушыға бағытталған) қағидаларды ұстанғандықтан, оқу/оқытуда басты тұлға шәкірт болып саналады. Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады.                                                                   Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері мынандай:                                       – ұйымдастырушы,                                                                                                             – менеджер (басқарушы),                                                                                                       – бағыт-бағдар беруші,                                                                                                            – қолпаштаушы.

Жаhандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуына, білім беру нәтижесіне, қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етеді. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.

Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай жақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрлі екендігін, әрі АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникация- лық технологиялардың бірқатар сипаттамалары анықталды. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалы мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына байланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады (KenneweII and Beauchamp, 2007).     АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиісті (Mishra and KoehIer, 2006) және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (KenneweII and Beauchamp, 2007). Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші (негізгі) деңгей, 110-111 бет].

Осы орайда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын- дағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.

Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлен- діре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.                                                                                                                       Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді.
1.Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.
2.Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.
3.Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның информатика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды.

Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т. с. с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық – бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады…
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану.
Қазақ психологы М. Мұқановтың пайымдауынша баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынандай екі түрлі түрткіден құралады. Бірінші – сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгелерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде өзгелердің оған қолданған шарасына өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсінуі керек.
Екіншіден, оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз – баланың өзінің ықыласы мен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан білуге болады.
Өзімнің іс тәжірибемде күнделікті сабақта ғаламтордан сөздік жұмыстар, автор туралы мәліметтер, сабаққа қажетті көрнекілік кестелер пайдаланып отырамын. Жаңа сөздердің түсіндірілуін, тақырыптық мақал-мәтелдерді ғаламтордан іздеп өзара жарысып тапсырманы бірінші орындауға тырысты. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Білім беру салаларында ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін, мазмұнын өзгертуге жол береді.

Жалпы, қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек сандық-ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын сабақтың тиімділігін арттыру үшін және жалпы болашақ қоғамға бейім құзіретті өкілдерді  тәрбиелеу үшін қолданғанымыз жөн. «Сұранысқа сәйкес ұсыныс болуы тиіс» дегендей, заманның сұранысына қарай, талабына сай мұғалім де жұмыстануы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *