Ельбисинова Сымбат Кокошевна


ТАӘ:Ельбисинова Сымбат Кокошевна

Пәні: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны: Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ

Туған күні, айы, жылы: 1108.1974

Білімі: жоғары

Педагогикалық өтілі:  20жыл

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.

Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты- жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндағы   басты ерекшелік-ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізе білуіне, шығармашылық  әлеуметтік  толық іске асыруына ықпал етуінде.

Білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді. Сондықтан да мұғалімге ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді .  Осыдан білім мазмұнын байыту, оқу үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды іс жүзіне асыратын мәселе туындайды.     «Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, «Қалай оқыту керек?» деген сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік іздеу даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана отырып, өзінің нақты мақсатын қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әр мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбекке баулу керек.  Ғылыми деректер бойынша,  оқушы мәліметті есту арқылы -10%, көру арқылы-30%,  қарапайым әрекет арқылы-50%,  ал белсенді іс-әрекет арқылы-90%  естеріне сақтайды екен.  «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін» деген  көне қытай ғұламасы Конфуцийдің  нақыл сөзі де оқушының өзіндік іздену іс-әрекетінің маңыздылығын көрсетеді. Әрекет арқылы үйрету- қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді әдіс, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады.  Сондықтан да  әр сабақта әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, интербелсенді әдістерді қолданып, міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып және де мүмкіндік деңгейлерді ашуымыз керек. Осы орайда инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттырып, мектеп жағдайына бейімдеп, ең бастысы жүйелі қолдану абзал.

Егер оқушылардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол төмендегідей сипатын береді:

  • Оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады;
  • Оқушылар өз ойын еркін айта бастайды;
  • Өз бетінше ізденуге үйренеді;
  • Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға машықтана түседі;
  • Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алысады;
  • Өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді;
  • Оқушының білім сапасы артады;
  • Логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.

Ендеше, балалардың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудығң жаңа технологияларын тиімді пайдалану- ең маңызды іс . Оқыту барысында дидактикалық ойындарды, дамыта оқыту, білім беруді ізгелендіру технологияларын қолданған дұрыс. Осы орайда, денсаулық сақтау технологиясының пайдасы баланың жасынан өз денсаулығын күту үшін қажет. Қандай жағдайда болсын бала денсаулығы бірінші орында тұрады, баланың салауатты өмір жайлы білімін қалыптастыру және де не зиянды екенін білдіріп отыру-мұғалімнің міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Барлық сабақта оқушылармен тығыз байланыста болып, оқушыны басты тұлға ретінде, ал өзімізді  бағыттаушы ретінде екенімізді естен шығармаған дұрыс.

Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Оқушыларды  Отанды сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу-ұстаздың абыройлы парызы мен қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі  заманға лайық өзінің білім беру ісінде  рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет. Ең бастысы, 12 жылдық мектептің мұғалімі өзінің білімімен, зерделілігімен, салауаттылығымен, яғни барлық  ісімен үлгі болатын тұлғаға айналуы қажет. Сонда ғана оқушылырдың танымдық қабілеттерін жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен жетілдіріп, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастыра білген, бәсекеге қабілетті -білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *