«Теңге – ұлттық табыстың кепілі» сайыс


Хамитова Ажар Асқарқызы
Орал қаласы Батыс Қазақстан облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының мектеп-интернат тәрбиешісі

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай егемен елдің айшықты таңбасы ретінде белгіленген төл теңгенің тарихын өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Білімділік:  Өз ұлттық теңгеміздің  тарихы туралы  мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру.  Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд -шоу қазақ ақшалар, кестелер.

Эпиграфы:

«Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін». (Н. Ә. Назарбаев)
1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8. 00 ден бастап енгізілді.

2-жүргізуші: Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды.                Де­генмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды, әлі де төтеп бере алады.  Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі. Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі.  Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінің бірі екені сөзсіз.

1.        1-жүргізуші:  Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі – төл валюта – теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның  дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
2-жүргізуші: «Жеңістерден көріну ұрандары
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі,
Өнерлерін ортаға шығармақшы!
Сахнамызда «Тиын» және   Табыс»қырандары!

(топтарды қарсы алу)

 

Әрбір топ  өзінің қоржынына дұрыс жауап  үшін берілген ақшаны жинайды.

Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.

I кезең:  «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты  сұрақтарға жауап беру:

-Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?
-Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?
-Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.
-Конституция қай жылы қабылданды?
-Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
-Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?
-Алғашқы рет жаңа әнұран қайда орындалды?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды

II кезең: «Әр елде  — өз валютасы ». Әр елдің дұрыс валютасын анықтау.

«Табыс» тобы үшін берілген қиынды кеспелер.

а) «Табыс»   тобына

Италия – лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда- сом

Ресейде -рубль

Германияда- марка,

Америкада- доллар.

б) «Тиын» тобына

Ұлыбританияда- фунт

Украинада — гривна

Қытайда — юань

Тәжікстанда — манат

Өзбекстанда — сум

Түркияда -лира

Латвияда – лат

Кореяда — йена

III кезең: Жағдаяттар  шешу . Топ болып талқылап, жауабын  сахналау керек:.

«Табыс» тобына-1-жағдай: Биылғы оқу жылында  қазақ  тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық  бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі.жыртық. Сен оқулықты  ұстағың келіңкіремей  тұр. Сенің іс-әрекетің

2-жағдай: Сен екі ініңді  бала бақшадан алып  қайттың. Інілерің  қарындары ашқандарын айтты. Сенде  тек 60 теңге бар.

Балмұздақ- 60 теңге,  3 алма – 60 теңге, 1қорап сағыз – 60

теңге

Қай затты алар едің?  Неге?

«Тиын» тобына – 1-жағдай: Сенің  былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің  келмей тұр. Жыртық болмағанмен, ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің  әрекетің…?

2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк  болады деді. Билет  бағасы – 300 теңге. Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?

IV кезең: «Менің қиялымдағы теңгем»:   ( өздері салып келген  теңгелерін қорғау.)

V кезең:  «Кім жүйрік» атты топ басшыларының сайысы.  1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс:

1.     Қазақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер

2.
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер- Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы – Тугрик
4. ҚР ең алғаш астанасы- Қызылорда  (Қамыс қала,  Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы- Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды?- V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар -Ақша
8. Грузия валютасын ата – Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы – Инвестиция.

Ақша көп жинаған  «Табыс» тобы жеңіске жетті.
2-жүргізуші: Біздің  Отанымыз  – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан  аса  ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса, Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!  Еліміздің экономикасын дамытушы,  жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз  боламыз.

Қорытынды (мұғалім сөзі):

Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да,  25  жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым!» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *