Мастар класс «Жапырақсыз ағаш»


Прманова Гүлназ Магимарқызы

«Балдырған» орта тобының  тәрбиешісі

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім беру аймағы:  Сурет салу

Тақырыбы:  «Жапырақсыз ағаш»

Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.Көктем мезгіліндегі жапырақсыз ағаштың суретін сала білуді үйрету. Табиғатты бақылап, өзгерістерін таба білуге үйрету. Айналаны көгалдандырып, күтіп ұстауға тәрбиелеу. Жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру. Эстетикалық талғамдарын дамыту,ойлау қабілеттерін, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілігі: ұн, су, крахмал, желім, ақ парақ, таяқша, қыл қалам, акрилді бояулар, пластмас ыдыстар.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

 

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Баланың іс – әрекеті

Жылулық шеңбер.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.
Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді айтып, қимыл – қозғалыспен жасады.

* Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар қараңдаршы сендер серуен кезінде даладағы ағашты көрдіңдер ме, қандай болып тұр? Ал енді мына суретті көрдіңдер ме, қандай ағаш тұр. Кішкентай бүршіктері бар ағаш тұр ия балалар. Бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Себебі қазір жапырақсыз ағашты акрилді майлы бояуды тамызу арқылы жапырақсыз ағаштың бейнесін саламыз. Қазір түсіндіремін, менің жасаған суретімді мұқият көріп алыңдар. Мына ыдысқа сұйықтық құйып алдық енді бетіне сурет салу үшін мына акрилді бояуды пайдаланамыз. . Клистр бетіне қыл қаламды алып қоңыр түске батырып , балалар ағашты қоңыр түспен салды. Балалар қызыға сурет салды.

ұзынша етіп тамызып аламыз, содан кейін тамған бояуды таяқшамен бір – біріне созу арқылы қосамыз. Енді бұтақтарын саламыз оныда тамызу созу арқылы жасаймыз.

 

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп – үлкен болып өседі.

 

Әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз. Балалар тәрбиешімен бірге қимыл – қозғалыспен жасады.
Көктем мезгілі

Ағаштарды көріп тұрмыз, ағаштардын жапырақтары енді бүршік атып келеді.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қимыл – қозғалыспен жасады.

Қорытынды: Балалар акрилді майлы бояуды тамызу арқылы қызыға орындады. Балаларды ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің соңында мадақтау. Балалар өздері салған суреттерін терезенің алдына кептіріп қойды
Балалар суреттерін салып болған сон көрмеге қойды.
Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптасады.

Меңгереді: Балалардың сурет салуда шығармашалықтары арта түседі.

Қолданады: Дәстүрден тыс су бетіне сурет салуды үйренеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *