Қазақ Тәуелсіздігіне — 25 жыл


Прманова Гүлназ Магимарқызы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайының тәрбиешісі

Ана құрсағынан шыр етіп дүние есігін ашып, кіндік қаным тамған жерім, менің елім –Қазақстан! Туған жері әр адамға ыстық, алыс кетсең сағынып, келсең мауқыңды басар, жүрегіңді елжіретер бір керемет қасиеті бар. Тәуелсіз Қазақстанымның өз тарихы ерекше. 1991 жылы 16 желтоқсанда күні көк туымыз желбіреп, тәуелсіздігін алып, исі

қазақ көз жастарын ақ орамалмен сүртіп қуанышты күнді қарсы алды. Міне содан бері 25 жыл болды яғни ширек ғасыр өтті. Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, қазақ халқы қырандай самғап, еркіндікте өз елін, өз жерім деп мақтанып шаттануда. Әрине ол ырас бұл біздің кемеңгер елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасы емеспе. Мен жаста болсам оны әбден түсінемін. Менің елім басқа елдермен терезесі теңесіп қалыспай қарыштап дамып келе жатқан жас мемлекет. Мен сол еліммен бірге жасап қарыштап алға баса беремін. Мен еліммен бірге мәңгі жасаймын. Қазақ елінің тәуелсіздігін алуы үшін менің ата-бабам аянбай қасық қаны қалғанша күресті, сонымен қатар желтоқсан көтерлісінің құрбандары осы қазақ елінің тәуелсіздігі үшін бар күшін салып жанын құрбан етті емеспе. Сол себебті қазақ

елі мәңгі жасауы тиіс. Қазақ елінің төрінде Елтаңбасы ілініп, көгінде көк туымыз желбіреп, кең далада әнұраны

шарықтап ойнағанда менің елімнен басқа бақытты ел барма? -деп басымды тік көтеріп маңғаздана болашаққа нық басамын. Қазақстанның әрбір азаматы осылай мақтануы тиіс. Себебі менің елім Тәуелсіз және ынтымағы жарасқан Нұр атамның Нұрлы жолына аяғын адаспай анық басқан ел. Қазақ елі мәңгі жасасын дегім келеді. 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті.

Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында бастау алған бұл шараға 4 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында ардагерлер, жастар және мемлекеттік емес ұйымдар мен этноұлттық бірлестіктердің өкілдері болды.

Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тартқан тауқыметі мен көрген қиындықтарын ақтөбелік өнерпаздар театрландырылған көріністер арқылы көрсетті. Бір сағатқа созылған қойылым барысында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы көрермен қонақтар назарына ұсынылды. Театрландырылған қойылымның «Ауыл» деп аталатын бірінші бөлімінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның көріністері, одан кейінгі жаугершілік кезеңдер, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру жылдары, қазақ жеріне жан-жақтан депортацияланған ұлттардың тағдыры көрсетілді. Ал

«Мәңгілік Ел» бөлімінде Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихы, осы уақытта жеткен жетістіктері, әлем аренасында танылуы сынды тақырыптар қамтылды.

Ауқымды шараға қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын мерейлі жылдың басталуымен құттықтады. «25 жыл мемлекет үшін көп уақыт емес, осы аз ғана уақытта Қазақстан өз аяғына нық тұрып, әлемге аты танылған мемлекет болды. 25 жылда талай өзгеріс болды. Қазақстан 70-тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі атанды. АҚШ-тың 41-ші президенті, үлкен Буш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында, оған деген халықтың сенімінің арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетті, әлемге танылды деген болатын. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Сондықтан осындай маңызды жылда өтетін шараларға, біз, ақтөбеліктер, өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді Бердібек Машбекұлы. Сонымен қатар, облыс басшысы Қазақстан Республикасының бүгінге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Бердібек Машбекұлының айтуынша, осы уақытқа дейін елімізде жалпы ішкі өнім де, экономикаға тартылған инвестиция да 40 есе артты. 1993 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1000 есеге дейін жоғарылады. Халықтың өмір сүру жасы 72-ге дейін көтеріліп, бала туу көрсеткіші 68 пайызға өсті. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 950 жаңа кәсіпорын құрылып, 250 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы жылдары елімізде ЕХРО көрмесі, Универсиада секілді маңызды шаралар да өтеді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудандарына үгіт пойыздары мен ақпараттық топтар жөнелтілді. Үгіт пойызына ақ жол тілеп шығарып салған Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев бұл шараға бастамашы болған «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының ақ туын тапсырды. Айта кетейік, үгіт пойызы қаңтар және ақпан айларында Ақтөбе облысының барлық аудандарын аралап шығады

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *