Қабдеш Жұмаділов «Тағ­дыр» романындағы тарихи шындық


Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ.к

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 Ха­лық  жа­зу­шы­сы  Қаб­деш Жұ­ма­ді­лов­тің «Тағ­дыр» ро­ма­ны – отар­лау өк­тем­ді­гі құр­сау­ын­да­ғы ұлт тағ­ды­рын, азат­тық кү­рес­тің ауыр жол­да­рын ар­қау ет­кен шы­ғар­ма. Тұ­тас ха­лық­тың айда­һар бас, са­мұ­рық шең­гел алып екі им­пе­рия­ның аш­көз пи­ғыл, аш­қа­рақ ын­ды­ны­на жұ­ты­лып, сұ­раусыз құр­бан бол­ған оқ­шау ба­қыт­сыз­ды­ғын, ше­ка­ра­ның ар­ғы бе­тін­де қал­ған «жа­бық» та­рих­ты жа­зу­шы кең бай­ып­тап, асық­пай аң­лай­ды.

Ке­сек-ке­сек төрт бө­лім­нен тұ­ра­тын шы­ғар­ма ар­қауы –
ХІХ ға­сыр­дың соң­ғы ши­ре­гі­нен ХХ ға­сыр­дың ал­ғаш­қы он жыл­ды­ғы­на шейін­гі ел өмі­рі­нің 20 жыл­дан ас­там уа­қыт бе­де­рі, 1884 жыл­ғы Ре­сей-Қы­тай ше­ка­ра бө­лі­ні­сі оқи­ға­сы, аяр сая­сат жат­пи­ғыл адам­дар ара­сын­да­ғы аң­ды­су­лар ауқы­мын­да сыр аша­ды.

Шы­ғар­ма­да­ғы ор­та­лық тұл­ға – ож­да­ны тап­тал­ған тұ­тас ұлт. Ар­ғы та­ри­хы ай­бын­ды, ар­тық ту­ған қа­сиет­те­рі ас­пан ас­ты, жер үс­тін­де аңыз­ға ай­нал­ған өр көш­пен­ді өк­сік­ті, үміт­сіз, ауыр бір бұл­дыр шақ­тар­ға, оқ­шау дағ­да­рыс­қа тап бол­ған.

Қы­тай елін­де, Шың­жаң ұй­ғыр ав­то­но­миялы ауда­ны, Тар­ба­ға­тай айма­ғы­ның Шәуе­шек қа­ла­сы ма­ңын­да дү­ниеге кел­ген Қаб­деш Жұ­ма­ді­лов көз көр­ген жай­лар­дың ар­ғы та­ри­хын көп де­рек жиып, жү­рек­тен өт­кен ақи­қат­тар­ды, қи­лы қа­ре­кет, алуан оқи­ға сі­ле­мін елеп-ек­шеп, құ­ты тұн­ған ана тіл­ден әсер да­ры­тып, ха­рак­тер ашып көр­кем туын­ды­ға тұ­тас­тыр­ды.

Шы­ғар­ма­да­ғы Дә­ме­жан, Кү­де­рі, Смай­ыл, Құр­ман­дай ақ­са­қал үл­кен­дер, ақ­көй­лек жас адам­дар, бәй­біше ана­лар, аяулы жар Би­бі, бас­қа­ның ба­қыт­сыз­ды­ғы­на куә­гер Ши-ам­бы, Ли Шан­сың, Бал­ка­шин сын­ды бей­не­лер, Қаб­деш Жұ­ма­ді­лов­тің өт­кір, аяу­сыз шар­пы­су­лар, та­был­ған ойлы сөз ора­лым­да­ры­мен үйі­ріп әке­те­тін жа­зу ма­шы­ғы қа­зақ про­за­сы­ның жанр­лық өсу ба­ғы­тын­да­ғы қа­лам­гер­дің өзін­дік қол­таң­ба­сын ай­қын­дай түс­ті.

Қор­ған­сыз елі­нің ер­те­ңін қам­дап, оты­рық­шы­лық­қа бейім­деп, оқу­ға тар­тып, етек­тен тарт­қан руіші­лік ки­кіл­жің­дер­мен алы­сып жү­ріп жат­бауыр үс­тем­дік қор­лап өл­тір­ген ар­тық  ту­ған ер Дә­ме­жан – ке­сек көр­кем тұл­ға.

Жа­зу­шы адам-пен­де­нің жан құ­бы­лыс­та­рын сәт­ті бар­лап, тал­дайды. Әң­гі­ме үс­тін­де ба­ға­ды, әре­кет, қас-қа­бақ қи­мыл­да­ры­нан сыр ау­лай­ды, пи­ғы­лын аң­лай­ды.

Тұ­та­сып жат­қан ру­лы ел­дің да­на­сы мен да­ра­сы, ұры­сы мен қа­ры­сы, ба­ты­ры мен бағ­ла­ны, ана­сы мен ай­маң­дай аруы, ба­ры мен жо­ғы, мұқ­таж-мұ­ңы мен сән-сал­та­на­ты ба­рын­ша ке­ңі­нен тар­тыл­ған шы­ғар­ма­да ха­лық тағ­ды­рын за­ма­ны­мен, ке­зең ауаны­мен алып ши­ры­ға тол­ғайт­ын Әуе­зов дәс­тү­рі­мен са­бақ­тас қай­ыр­лы бір үр­діс бой кө­тер­ген.

Жа­зу­шы кейіп­кер­ле­рі – әр­қи­лы әлеу­мет­тік дең­гейде­гі жан­дар. Ав­тор олар­дың жү­ріс-тұ­рыс, әдеп-иба, айт­қан сөз, ойла­ған ой, қор­ша­ған зат­тық әле­мін сәй­кес алу­ға сақ қа­рай­ды, елеу­лі көр­кем­дік мән бе­ре­ді.

Жа­зу­шы бір ора­лым­мен-ақ ха­рак­тер ашып ке­тіп оты­ру тә­сіл­де­рі­не бейім. Іш  жы­лы­майт­ын іш­ме­рез Ыс­қақ­тың бір қы­ры бы­лай­ша ашыл­ған: «Бір­де­ме­ге шұ­ғыл кі­ріс­кен­де шы­райы сұр­ла­нып, екі кө­зі шоқ­тай жа­нып ке­тер еді».

Қап­та­ған қа­лың қол­дай қа­тар­ла­са кө­рі­ніп оты­ра­тын ел адам­да­ры­ның қал­пы, аң­ды­суы, ар­ба­суы, аң­ғал­ды­ғы, ақ пейілі қа­ғыс қал­май қа­тар алы­нып оты­ра­ды. Оқи­ға­лар сі­ле­мі кө­ңіл сер­піт­кен көр­кем көк жор­ға жүй­рік тіл­мен көм­ке­ріл­ген жа­зу­шы қа­ла­мы ту­ған өл­ке­нің бар кө­рі­ні­сін, құш­тар те­ңеулер­ге сый­ғы­зып әс­пет­тейді. То­лып, жөң­кі­ліп аға­тын, сұ­лу­дың кө­зін­дей мөл­ді­рі­ген қа­ра су­ла­ры. Ас­пан кө­гі­не ілі­ніп қал­ған кү­міс қо­ңы­раудай боз­тор­ғай­лар. То­ған­ның кө­мейін сүйір ті­лі­мен бір жа­лап алып, ар­на са­ла ақ­қан су.

«Тағ­дыр­дың» ті­лін­де қа­зақ сө­зі­нің жа­сам­паз сұң­ғы­ла сұ­лу­лы­ғы, өмір­шең өрі­сі қа­нат қа­ға­ды. Бір­қан­ша то­сын атау, тың тір­кес­тер шы­ғар­ма­ға шы­рай қос­қан. Бақ­күн­дес, мат­қа­пы­да қол­ға тү­су, опа­лы, тө­пе­лі әре­кет, жал­тар­тып кү­ле қа­рау, қайт­ып кел­мес, бел­гі бер­мес алыс са­пар (өлім – Қ.М.), ар­ман мен үміт­ке жүк­ті жиыр­ма­сын­шы ға­сыр­дың ба­сы, өк­сік ата ес­ке ала­тын жоқ­тау жыр­лар, таң арай­ын­дай ша­пақ атып тұ­ра­тын сұ­лу нұр­лы жүз, сай-са­ла­ны сүр жам­бас­тай кер­тіп жеп, ана омы­рауына жар­мас­қан нә­рес­те­дей тау тө­сі­не өр­ме­ле­ген мал, миы ба­сы­на, ба­сы ты­ма­ғы­на сый­мау, піл сау­ыр­лы Тар­ба­ға­тай…

Жа­зу­шы Ақ пат­ша­ның ше­ка­ра бө­лі­ні­сі­нен кейін­гі пи­ғы­лын үйі­рін қайы­рып әкет­кен ша­қар ай­ғыр­ға те­ңей­ді: «Қа­зақ­та бұ­рын: қыз таң­дау, қо­ныс таң­дау бол­ған, ен­ді мем­ле­кет, им­пе­ра­тор, пат­ша таң­дау дә­ре­же­сі­не кө­те­ріл­ді..»

Қа­лам­гер та­ла­пай­ға түс­кен қа­зақ ки­ген кеп­ті та­рих­тың жүз­де­ген, мың­да­ған жыл­ғы тіз­бе­гін көл­де­нең тас­тап оты­рып нақ­ты­лы адам тағ­ды­ры ауқы­мын­да көр­сет­кен, аяу­сыз ашы­нып, қа­сі­рет сиясы­мен айып­тап жа­за­ды.

«Тек қо­жай­ын­дар ауыс­ты да, құл­дар бұ­рын­ғы қал­пын­да қа­ла бер­ді».

«Ер аза­мат­ты атып-асып құрт­қан­мен, ана­лар ұл та­бу­ын тоқ­тат­қан жоқ».

Ке­ше­гі тек­ті­лер­дің бір асыл сы­ны­ғы Дә­ме­жан опат бол­ға­ны­мен, қа­зақ қақ бө­лі­ніп айда­ла­да қал­ға­ны­мен, ро­ман­да бой кө­тер­ген ұлт­тың ру­хы, оның бол­мы­сын­да­ғы жа­ра­сым мен жа­сам­паз­дық өк­сік­ті күн­дер­дің де өте­тін­ді­гі­не үміт жал­ғайт­ын­дай.

Ға­сыр­лар бойы мыз­ғы­ма­ған ел­дік салт­қа қауіп тө­ніп ке­ле жат­қа­ны­на жа­зу­шы Отын­шы ба­тыр­дың асын мақ­сат­ты түр­де то­ғыс­ты­ра­ды. Ол да­ла ғұр­пын тү­ген­деп, тауы­сып су­рет­тейді. Алыс­ты жиып, ата­лы жиын­ға ұлас­ты­рып Ас бе­ру, қыз ұза­тып, ке­лін тү­сі­ру, сы­ба­ға сақ­тап, сар­қыт та­ра­ту, сый­лас­тық пен шы­найы пейіл­дің ба­ға жет­пес ра­ха­тын се­зі­ніп ғұ­мыр сү­ру… бар­лы­ғы ұлы өмір­дің ұлт­тық ұс­тын­да­ры. Бас­қа жұрт қа­зақ­тың екі мың жыл бойы мыз­ғы­ма­ған қал­пы­на то­сыр­қай қа­райтыны да рас еді.

«Өле­тін же­рін» біл­мейт­ін аң­ғал­ды­ғы бол­ға­ны­мен, қам­сыз жұрт­тың мез­гі­лі­нен не ер­те, не кеш туа­тын, өмір­ге екі кел­мес есіл Дә­ме­жан­дай» ұл­да­ры бар.

Шы­ғар­ма­да ту­ған жер­ді көк­сеу аң­са­ры ұлт­тың та­ри­хи жа­дын қоз­ғау мақ­са­ты­мен ас­тас­қан. Он-сан­да­ған қо­ныс, жер атау­ла­ры ыж­да­һат­пен, бай­ып­ты ата­лып оты­ра­ды. Ру­лы ел­дің ішін­де­гі сөз ұс­та­ған, қа­ру асы­нып қар­сы шап­қан кі­сі­лік­ті жан­да­ры бой кө­те­ре­ді.

«Тағ­дыр» – ты­ны­сы кең, тың туын­ды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *