«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ


Райымбекова Галия Капаровна
Жезқазған қаласының №11 жалпы орта білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Елбасының Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел», – деді Президент Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.Мәңгілік Елді өнегелі ұрпақ қана мәнді ете алады. Олай болса, білімді ұрпақ тәрбиелеуге баса назар аудару қажет[1].

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының білімді, дені сау және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру [2].

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Елбасы өз баяндамасында: «…Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр», – деп негізгі құндылықтарға тоқталып өтті. Ол әр заматтың ойы, сөзі және ісі үйлесімде, бір болуын қамтамасыз ететін – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін білім беру үдерісінде бала тұлғасының дене бітімі және зияткерлік аспектілерін ғана емес, баланың жоғары рухани-адамгершілік табиғатын ашу қажет.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойында дамыту арқылы «Мәңгілік Елдің» ұрпақтарына рухани-адамгершілік білім беруді жүзеге асыру «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының басты мақсаты. Ол үшін педагогтің біліктілігін арттыру кустары педагогтің кәсіби-тұлғалық даярлығын қамтамасыз етуі керек. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру идеясының авторы – Сара Алпысқызы осындай мәңгілік сауалдарға жауап іздеуде: «Жалпыадамзаттық құндылықтарға, өзінің бастауыңа қайта оралуың керек. Қазіргі білім беру жүйесіндегі шектен тыс талаптарды емес, өмір әдебін қайта жаңғырту керек. Халық ерте заманнан осы құндылықтарды біліп, осы құндылықтармен өмір сүріп, руханилылықтың кәусарымен сусындап келді. Бірақ, кейінгі онжылдықтағы өмірдің аласапыран ағымында адам өзінің бастауын ұмыт қалдырды. Оған апарар жолды іздеу әр адамның міндеті екендігіне мен сенімдімін», – деген.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие үдерісімен, қосымша білім берумен тереңдете  кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол  білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды керек етеді [3].

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мұғалім жетекші рөл атқарады. Мектепті емес, мұғалімнің рухани жан дүниесін реформалау маңызды. Рухани-адамгершілік білім беру үрдісі мұғалімнің ойы, сөзі және ісі үйлесімді болғанда ғана нәтиже береді. Себебі, жақсы мінезді ұрпақ тәрбиелеуде баланың жанындағы адамдардың ізгілікті болуы маңызды. Бала бойына сіңірген нәрселердің барлығы үлкендердің үлгісі арқылы келеді. Аптасына бір рет қана оқытылатын өзін-өзі тану сабағының баланы рухани-адамгершілік тұрғыда байытуға шамасы жеткіліксіз. Оны бүгінгі күнгі адамдардың іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі айқындап тұр. Сондықтан, мектептегі оқытылатын басқа пәндердің мазмұнындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қажеттілігі туындап отыр. Ол – осы пәндерді, оқудан тыс іс-шараларды өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау негізінде пәндердің құндылықтық әлеуеттерін арттыру арқылы жүзеге асырылады [4].

Бағдарлама педагог іс-әрекетінің кәсіби саласын ғана дамытып, байытуға ғана арналмаған, ең алдымен, педагогтің өзін рухани-адамгершілік тұрғыда дамыту арқылы жас ұрпақтың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару, балаға бар мейірімін төге отырып, оның бойындағы барлық асыл қасиеттерінің оның ісінен көрініс беруіне дайындай білетін ізгі педагог дайындауға бағытталған. Осы ойды тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ, заманында “Ақындар атасы” атанған – Әбул-Хасан Рудакидің: «Өмір –теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», – деген керемет сөзі толықтырады.

Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ классиктері де айтып кеткен. Мысалы, Қазақтың ұлы ойшылы әрі ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға «Ар-ұждан ілімін» әзірлеп, оны барлық білім беру ұйымдарына міндетті пән ретінде енгізу жөнінде ұсыныс айтқан. Бүгінгі таңда Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы жүзеге асты деуге болады, себебі, Қазақстанның барлық жалпы білім беретін мектептерінде өткізілетін өзін-өзі тану сабақтары-ар-ұждан сабақтары болып табылады. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Бізше, адам өмірін түзетуге, барлық адамдар тату тұруға, негізісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек. Дүниеде бұл үшеу үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ… Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ» , деп жазып кетті емес пе. Ұлы кемеңгер педагогтың ойлары мен аталы сөздерінің айтылғанына ғасыр өтіп кетсе де, жаңа ғасырымыз білімді де, білікті жастарды қалап отырған шақта Ыбырай тәлімінің құндылығы күннен-күнге арта, мәртебесі биіктей түседі. Сондықтан мектеп тәжірибесінде ұлы педагогтің ізгілік педагогикасының қажеттілігін терең сезініп, оның мұраларын оқып-үйреніп, өмір тәжірибемде де пайдаланып келемін. Ізгі педагог Ы.Алтынсариннің  шығармашылығымен таныса отырып, оқылған шығарманы рухани-адамгершілік тұрғысынан, яғни  Бағдарлама ұстанымын өз тәжірибемде  қолданудың пайдасы зор екені байқадым.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі төмендегіше жіктеледі: Ақиқат. Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау.  Ақиқат дегеніміз – адам ойының шынайылықпен сәйкестілігі, яғни адамның ақиқат пен әділдіктің жолында жүруі. Сүйіспеншілік – адамның бүкіл адамзатты сүюі, мейірім шапағатын күнделікті тұрмысында бір-біріне деген достық, сыйластық, қайырымдылық жасау сезімдері арқылы көрсете білуі. Дұрыс әрекет – ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қорлықтан қашық болуы, ал қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, іс-әрекетпен озбырлық жасамау болып табылады. Адам біреуге қиянат жасаса, оның жүрегін кір шалды деген сөз. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.

Қорыта айтсақ, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұны қазақтың ұлттық мәдениетінен бастау алады десек, қателеспеген болармыз. Осы бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан кейін әлемдік, отандық Ұлы тұлғалардың өмірімен терең танысып қана қоймай, қазақ халқының тарихындағы тұрмыс-тіршілік әрекеттінің барлығы осы рухани-адамгершілікке негізделіп дәріптелгенін тани түстім. Барлығының астарында керемет философиялық ой жатқанын түсініп келемін. Кейде, осы бай қазынамыздың түптамырынан қайта жаңғыртатын тағы бір пән өмірге келсе деп ойлаймын. Себебі, біздің салт-дәстүрлеріміздің барлығы осы ізгілікпен өрілген «Алтын ереже» сияқты. Ізгіліктің кепілі десек те артық болмас еді. Әлемнің ең керемет деген өмірге пайдалы білімін игере отырып, өзіміздің рухани бай қазыналарымызбен, рухани-адамгершілік біліммен интеграциялау арқылы  «Мәңгілік Елдің» бақытты ұрпағын тәрбиелеуге болады.

Сөз соңын «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» деген Қаныш Сәтбаевтың сөзімен аяқтағым келеді

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Астана.2010ж.

2.  Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ .

3.  Мукажанова Р.А.,Омарова Г.А., Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе: учебно-методическое пособие для учителей.-Алматы:ННПООЦ «Бобек»,2013.-176 с.

4.  Ж. Мейір, Б. Игенбаева. Креативтік тәрбие. Оқу құралы. «Фолиант» баспасы, Астана-2009, -8 б.

Карл Густаев Юнг Сананың жеке тұлғалық төмен деңгейінен басқа сананың жоғары деңгейі (жоғары сана) бар екенін зерттеген. Білім беру, ойлау және түсіну үдірісі-олардың бәрі сананың ішінде болады. Санаға бес сезім мүшесі әсер етеді. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшелері арқылы түпкі санаға келіп түседі

Ашу-ыза, тойымсыздық, қорқыныш, қызғаныш т.б барлық эмоцияларымыз түпкі санада, яғни біздің ішімізде қалып қояды. Міне сонда біз ақпараттарды дұрыс қабылдай білуіміз керек екен.  Мысалы:  Мына суретке қарайық:  Біз не көріп тұрмыз? Әрине барлығы дерлік: «Мен қара нүктені көріп тұрмыен», -дейді. Бұл жауап адамның ессіз және бақытсыз болуының себебін көрсетеді. Суретке тағы бір рет қарайықшы. Дәл сурет мынадай:  «Үлкен ақ кеңістік, ортасында кішкентай қара нүкте». Мәселе біз басқалардың бойында тек қана қара нүктені ғанакөреміз, ал жан-жағын қоршаған ақ кеңістікті көрмейміз.

Мысалы, заманауи бұқаралық ақпарат құралдарын негізінен жағымсыз оқиғалар қызықтырады, ал жағымды оқиғалар туралы аз жазады. Сондықтан барлығынан да барлық уақытта да, барлық жерде де жақсыны көре білуге үйренуіміз керек.

Егер біз қызыл көзілдірік кигенде, бізге барлығы қызыл сияқты көрінеді. Бірақ барлығы бірдей қызыл емес қой, соған қарамастан біз оны қызыл етіп көреміз. Қабылдаудың бұл заңдылығын бейнелейтін қызық аңыз әңгіме бар.

Бір қалада әйелі мен ері тұрыпты. Әйелі терезеден көршінің ауласына қарағанды жақсы көреді екен, әр таң сайын:

– Осы біздің көрші кір жууды білмейді. Оның жуған киімдерін қарашы, түсі өңіп кеткен әрі бәрі кір!-деп, көргенін еріне айтып отырады . Ол күнде осы сөзді айтады екен. Осылай бір ай өтіпті. Бір күні күйеуіне жүгіріп келіп:

– Көршінің жуған кірлерін қара, тап-таза! Не болғанын түсінбедім. Қызық, қандай ұнтақпен жуды екен?-дейді.

Күйеуі күліп: – Әр күн сайын бір сөзді ести бергеннен жалықтым да, бүгін біздің терезені жудым. Терезе кір болатын, сондықтан жуылған кірлер таза болып көрінбейтін. Бүгін біздің тереземіз таза, сондықтан жуылған кірлер  саған ақ және таза болып көрініп тұр! –деп жауап береді.

Сананы тазарту.  Біздің санамызды қалай тазарту керек? Мысал келтірейік: Егер стақандағы судың бәрін бірден төгіп тастауға болмаса, ондағы лас суды қалай тазарту керек? Стақанды шүмектен ағып тұрған судың астына қою керек, сол кезде су бірте –бірте тазарады.

Шындығында, өкінішке орай, өазіргі оөушылардың санасы теледидар экранынан көрген, компьютердан алған, ақпараттармен ластанған. Бәз бірден бұл ақпараттарды жоя алмаймыз. Бірақ бірте-бірте бала санасын жалпыадамзаттық құндылықтардың нұрымен сәулелендіреміз. Біз осы құндылықтарды өмірмізге енгізгенімізде  теріс қасиеттер менэмоциялар өз күшін  біртіндеп  жояды.Сонымен қатар шүмектің астындағы стақандағы су сияқты оқушылардың санасы тазарады. Мінеки , бізд ісабырлылыққа   шақырып және эмоцияларымызды жеңдіретін практикалық тәсілімдер!

Адам ойы, сөзі, ісімен ішкі үйлесімдәләкке жетуі үшін  жалпыадамзаттық құндылықтар мынадай деңгейге сәйкес болуы керек.

Қиянат жасамау- рухани деңгей.

Ақиқат- интеллектуалдық  деңгей (ажырата алу деңгейі, ақыл-ой)

Сүйіспеншілік-менталдық деңгей (адамгершілік ойлар, сөздер)

Ішкі тыныштық-эмоционалдық деңгей (сезім)

Дұрыс әрекет- физикалық деңгей.

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік тәрбие деп біз тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында  оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін байытудағы мақсатқа бағытталған және үйымдастырылған оқу-тәрбие үдірісін айтамыз. Мектептің біртұтас білім беру кеңістігіне  және оның іс-әрекетінің  барлық түрлеріне интеграциялау  білім берудегі рухани-адамгершілік тәрбие  берудің  жаңа сатысы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *