Баяндама «Руханияттың кәусар бастауына апарар жол»


Сагиева Алия Сагиевна
Ақтөбе қаласының Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

 Өзін-өзі тану пәні – бұл білімнің жаңаруы,оның рухани – адамгершілік мәнін анықтауы,барлық пәндердің жалпыадамзаттың негізгі құндылықтарын біріктіруі болып табылады. Оқу білімдерін меңгертумен қатар,педагог тұлғаның руханит-адамгершілік дамуына жауапты екендігін ұмытпаған жөн. Мұғалімнің басты борышы өскелең ұрпақтың рухани әлемін тәрбиелеу болып табылады. Мұғалім баланың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарады, әлемге деген дұрыс қатынасқа дағдыландырады,мінез-құлқын түзетуге үйретеді, қоршаған ортаға қатысты ізгілік, құрмет, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерімен өмір сүруге баулиды.

Өзін-өзі тану өнегелі өмір сүріп, аты тарихқа алтын әріппен жазылған рухани ұстаздардың өмірлері мен нақыл сөздері арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетін ашып,ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге, рухани көзқарастарын қалыптастырады. Адамды жігерлендіріп, алға қойған мақсатқа ұмтылдырады.

Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзінде қолдану арқасында ғана нәтижелі болады.Ұстаздың жүрегі риясыз таза махаббатқа толы болса, онда оқушылардың көкірек көзін аша алады. Дегенмен, жіті бақылап айналадғы дүниеге көкірек көзімен көз жүгірткен жан төңірегіндегі барша құбылыстан, адамзат игілігі үшін жаратылған әрбір дүниеден махаббаттың, үлкен сүйіспеншіліктің ізін көрері ақиқат. Махаббатсыз тірі пенденің өмір сүруі, тіршілік етуі әсте мүмкін емес. Кез келген адам баласының жасаған әрбір іс-әрекетінің астарынан не асып тасқан зор сүйіспеншілік пен махаббатты, не оның тапшылығын байқайды. Махаббатқа бөленіп өскен әрбір жан үлкен жүректің, зор мейірімнің иесі болуы шарт. Әсіресе, бүгінгі рухани құндылықтары құлдыраған, ізгілік пен мейірімге барынша зәру ХХΙ ғасыр қоғамына ең керегі осындай кең жүректі жандар.

Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бойында бар жақсы қасиеттерді дамытады, жаман әдет пен теріс қылыққа жол бермеу, жаны таза, көңілі кіршіксіз, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті мәселе.

Адами қасиеттің барлығы ізгіліктен бастау алғанда ғана Абайдың айтып өткен «Толыққанды адам» қалыптаспақ, яғни оның айтуынша: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». Осындай қасиеттері бар адамдар адамгершілігі жоғары, ізгі болады.Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай,сонымен бірге оған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына дарытады. Балаларын қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы рухани-адамгершілігіт мол азамат етіп өсіру-ата-ананың ең маңызды міндеті. Отбасында, мектепте жүргізілген саналы тәрбиенің нәтижесінде тәртіптілікке үйренген, соған дағдыланған бала ер жеткенде халықтың мақтаныш ететін азаматы болады.

Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу-әркімнің міндеті немесе адам туралы білім Ордасына апарар жол. Біздер яғни адамдар тіршілікте әр түрлі болып келеміз, сол себептен өмірде ынтымақты өмір сүру үшін «Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп» Абай айтқан сөзін әрбіріміз өмірлік қағида ретінде ұстану қажет. Ол қағида тек өзімен-өзі күресуді яғни көп еңбекті қажет етеді. «Өзіңді-өзің тани білсең,бар тіршілікті тани аласың» деген емес пе көнелер.

Мейірімдлік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікі, мақтануды білмейді және істемейді. Осындай жағдайда ғана адамдар жақсы өмір сүріп, бір-бірімен тату тұрады және тыныш өмір сүреді.

Қорыта келгенде, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім өз өмірін жаңаша құрады, ғылымның көкжиегіне ұмтылады, өз бойына рухани-адамгершілік қндылықтарды дарытады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     С.А.Назарбаева «Өмір әдебі» Алматы 2001.

2.     Самопознание кz. Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *