Шуағын төккен, төртінші көктем


Ізмұханова Айғаным Қанатқызы

Байғанин ауданы, Кемерши селосы Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің 4 класс оқушысы

Бүгін біз үшін ерекше күн болды. Себебі, төрт жыл бойы тәлім – тәрбие алған  бастауыш сыныппен қоштастық. Балалардың барлығы әп –әдемі. Кешке ата – аналар, ұстаздар, қатарлас сынып оқушылары қатысты.Кеш шымылдығын  сыныптың қыздары «Шашу» биімен ашты. Одан әрі бағдарламаға сай жүргізушілер кезек алып, алғашқы бөлімде төрт жыл бойы білім берген ұстаздарға арнап, «Ұстазға арнау» өлең шумақтарын жолдады.Өлең шумақтарының соңғы жолдары төрт жыл бойы  жанымыздан табылған, екінші анамыздай болған сынып жетекшімізге арналды.Апайға деген қимас сәттен көзімізден жас та шықты.Екінші бөлімде  оқушылардың жүрек жарды ән – шаулары ата – аналарға арналды. Ақбаян екеуміз әжелерімізге арнап «Сағындым әже» әнін жолдасақ, Назерке анасымен шығып «Анажаным » ән орындады. Бұдан кейінгі арналған ән бойымыздағы мейірімділікті, кішіпейілділікті,сыйластықты  көрсету мақсатында  Мерейлім мен ағасының орындауында  «Аға мен қарындас» әніне  берілді. Бағдарламаға сай  төрт жыл бұрын тәрбиелеген балабақша тәрбиешісі Мұхтарова Шайжан апаймыз, МАД тәрбиешісі Камаладинова Назгүл апаймыз, сынып жетекшіміз Еңсегенова Жаңылсын апаймыз  оқушылармен флешмобқа шықты.Кеш соңында ата – аналарға, мектеп әкімшілігіне, қатысушы ұстаздарға сөз кезегі беріліп, сынып жетекшіміз қорытындылады. Кеш өзіме ұмытылмастай әсер қалдырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *