Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында үштұғырлы тілдің дамуы


Дырымбетова  Айжамал Пердебаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 Қарағанды қаласы №101 мектеп-лицейі

Қазақстан көпұлттық мемлекет, білі беру саласында көптілдік мәдениетті орнату қажет екені баршаға мәлім.  Осындай үштұғырлы тілдің дамуына әсер ететін жағдай ана тілі, әрбір ұлттың өкілі  өз тілін, ділін, мәдениетін сақтау керек.

Қоғамның жаһандану кезеңінде шет тілді оқыту адамды жаңа әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени болмысқа жақындатады. Қазіргі таңда тәуелсіздік кезенде дәстүрлі тілдік саясат пен тілдер жағдайды басқаша объективті қараудын күні туды. Қазақ, орыс және шет тілдерді меңгеру зайырлы қоғамда адам әрекетінің бөлінбес бөлігі болып саналады. Үш тілді меңгеру -қоғамдық келісімнің негізгі факторы. Еліміздің жетістігі – көпұлттық, көптілдік мәдениет.

Қазақстан Республикасында үш тілді қабылдау: қазақ – орыс- ағылшын тілідерді  тарихи қажеттілік, уақыттың талабының нәтижесі деп айтуға болады.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қоғамдық дамуына ықпал ететін. Орыс тілі-ғылыми – техникалық ақпараттың көзі, шет тілдер әлемдік қоғамдастықта адамның қабілетін танытады.

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауын елмен бірге тыңдап, көңілге тоқыдым. Егемен еліміздің тұрақты дамуына септігін тигізер, мемлекетіміздің жарқын болашағын көздейтін тарихи құжатта – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі жолындағы басым бағыттар нақтыланды. Бүгінде Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз байқуатты мемлекеттермен иық тіресе алатын деңгейге жетті.

Мерейлі істердің берекелі бастауы белгіленген аталмыш тарихи құжатта ең бастысы – ұлттық идеяның тұғыры айқындалып, қазақ тілінің мәңгілік тіл екендігі айтылды. Шынымен-ақ, қазақ тілі – ұлт тірегі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті.

«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың тұрмыста, қоғамдық орында, мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу негізгі ұстаным болып табылады.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:

–       шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;

–       қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;

–       қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

–       сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру;

–       тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

–       қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;

–       қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру;

–       тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.

«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытып, қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.

Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет:

– оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;

– оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;

– қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;

– мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет.

Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.

Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.

Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.

Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.

Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет. Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады:

– оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сөздерді дұрыс айту;

– кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;

– қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар;

– сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша шығармашылық тапсырмалар;

– жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін өзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар;

– рөлмен оқу.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.

2.     www.cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.

3.     http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

4.     К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *