Сұрапыл соғыс азабы


Мутайхан Әлмубди

     Қарағанды қаласы 101 мектеп-лицейінің

6 «В» сынып оқушысы

Жетекшісі: Ахметова Гульденсин Елубаевна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

        Соғыс кімге ұнайды дейсің? Соғысты ешкім жақсы көрмейді. Соғыс- бұл қаншама адамның көз жасы, сан мыңдаған адамның жерге төгілген  қаны, көптеген адамның бақытсыз тағдырлары.Сондықтан да  әр адам бейбіт өмір сүргісі келеді. Бейбіт өмір – соғыссыз, тыныш өмір. Қазір міне, құдайға шүкір  бейбіт өмірде  өмір сүріп жатырмыз. Ал ата-бабамыз 20- ғасырда бейбіт өмір сүрді ме? Жоқ. 1941 жылы тәкәппар, зұлым фашистер тыныш өмір сүріп жатқан халқымызға тұтқиылдан шабуыл жасап, жерімізді басып алып, қаншама адамды қырды. Осыдан кейін мына қаншама жандардың пешенесін бақытсыз қылған сұрапыл соғыс басталып кетті. Көптеген ер-азаматтар соғысқа аттанды. Патриоттық сезіммен ұрыс даласына кіріп шайқасты. Көздерінде от жанары лаулап, ыза-кекпен фашистерді жеңді. Сан мыңдаған батырлар Отан үшін жанын берді. Олардың ойында бір-ақ  нәрсе  болды. Ол- Отанын азат етіп, соғысты тоқтату. Мысалға, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т. б. Батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Бұлар -халық  мақтанышы. Бұлар өшпес ерлік жасады.  Алайда Отан үшін жанын пида еткен батырларды да  ұмытпай, оларды да құрметтеу  керек. Және  тыл ардагерлерін де сыйлау керек. Осы тыл ардагерлері соғысқа қажетті қару-жарақтарды, азық-түліктерді дайындап, бала-шағасын асырап отырды. Егер бұлар болмаса, жауынгерлер аштан өліп немесе қарусыз соғысып өлер еді. Тыл ардагерлері соғысқа қатыспаса  да, үлкен ерлік жасады. Тыл ардагерлерінің маңызы біз үшін, жауынгерлер үшін маңызы өте зор. Соғыс бітсе де,  халық қатты қуанғанымен, жан жолдасын, асыл жарын, бауыр еті баласын, әкесін, туған-туыстарын жоқтап, тосуда болды. Соғыстан аман-есен келемін деген хаттарымен жақындарын үміттендірді. Бірақ бұлардың көбісі елге оралмады. Көбісінің жақындары қара қағаз алды. Қара қағаз жақсы ма? Әрине жоқ. Жақыным жақында келеді деп жүргендердің үміті үзілді. Қаншамасы бұл сұрапыл соғыстын азабын тартты. Осы сұрапыл соғыс еліміздің демографиясына үлкен әсерін тигізді. Атам қазақ қаншама зобалаң жылдарды басынан кешірді десеңші. Соғыс ардагерлеріміздің арқасында бейбіт өмірге қол жеткіздік. Енді ата-бабамыз алып берген тәуелсіз мемлекетте бір-бірімізбен тату өмір сүрейік. Елімді көркейтуде болашақта үлкен үлесімді қосамын деген ойдамын. Олардың ерлігі мәңгі жүрегімізде қалады. Біз осы батырларды мақтан тұтуымыз керек. Сондықтан да мен олармен мақтанамын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *