Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап берулерін қалыптастырып, дамыту


Бигалиева Самал Сабитовна
«№26 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұалімі

Зерттеу тақырыбым: Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап берулерін қалыптастырып, дамыту.

Зерттеу тақырыбымның міндеттері:

1.     Жоғары дәрежелі жауап қайтара алуға үйрету.

2.     Оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарға толығырақ өз ойларын жеткізе ала жауап беруге үйрету.

3.     Өз ойларын анық білдіруге үйрету.

Осы зеттеу тақырыбыма түрткі болған жағдай оқушылардың ойлауларының таяз болуы, көбінде кез-келген тапсырма немесе мәселе жөнінде қысқаша «Ия», «Жоқ» жауаптарының болуы, сыни ойлай алмау дағдысының басым болмауы. Осы проблеманы шешу үшін қандай зерттеу жұмыстарынан бастасам деген сұрақ мені мазалады. Зерттеуімнің нәтижелі болуы үшін топтық жұмыстарын ұйымдастырып, Блум таксономиясын ойлау әрекетімен құра отырып, сыни ойлау арқылы толымсыз жауаптан толық жауап беруге үйрету болды.

Себебі, оқушылар қойылған сұраққа толық жауап бере алмай, тек жабық сұрақтар аясында қалып қойып отырғаны өзімнің сұрақтар түрлерінің қандай болу керектігін білмейді екенмін. «Ия», «Жоқ» деген сұрақтарға қанағат етіп отырдым. Проблемалық сұрақтарға, толық қанды жауапты қажет ететін сұрақтарға кең көлемде жауап қажет екендігін өзімде қысқаша жауап беріп отырдым. Ең бастысы оқушы емес, өзімнің сұрақтардың түрлерімен танысып барып, оқушыларды толық өз ойын жеткізе алатындай жауап беруге үйретіп, жетелеп отыруым керек. Тағы бір себеп, 1 сынып болғандықтан ба деп ойлаймын. Болашақ әлі алды да. Сол себепті алі-ақ талай үйрену керек нәрселерді үйреніп үлгереді деп ойлаймын. Сыныпта жалпы 6 -7 жас аралығындағы балалар білім алуда. Жас ерекшеліктері әртүрлі болғаны да көп әсері бар екен. Көбінде кіші жастағылар көп сөйлемей, сабаққа көп қатыспай отырады. Сондай-ақ жасқаншақтық қасиеттері басым болады екен. Жыл басында мен үшін ең қиындық туғызған осы еді.

Бұған қоса оқушылардың ойлау әрекетінде қысқаша жауаптың болуы, кез-келген тапсырмаға сын тұрғысынан ой жүгірте алмауы, ашық сұраққа толық жауаптың болмауын бақылауға алдым.     Әр баланың өз байында өзіне тән жақсы қасиеттері бар. Бірақта « Бес саусақ бірдей емес» дегендей, әр балаға бірдей білім бергенменнен, олардың қабылдап, дарытулары әрқилы болады. Соған байланысты үш оқушының әрекеті арқылы жалпы өзгеруге болатынын байқап, алып отырмын.

Сондай-ақ көздеген жетістіккеде жетпей жатасын. Осындай қындықтармен кездесіп, оларды жеңу жолдарымен жұмыс жасай  бастадым. Жыл көлемінде осы мәселемен жұмыс жасап келемін. Яғни, балаларды көп сөйлетіп, өз ойларын жетік жеткізуге көп көңіл бөле бастадым. Осыдан шығу жолдарымен көп іздендім. Көбінде бала әзірге толығымен әріптерді өтіп болмай, тез оқи алмағандықтарынан, мен көбінде суреттік тапсырмалар көбірек беріп, оқушыларға қызықты етіп өткізуді өзіме талап етіп қойдым. Бұл әмбе баланың қиалын, ойлауын, сөйлеуін арттыра ма деп ойладым.  Мен биылдан бастап енгізілген «Жаңартылған білім беру» саласымен жұмыс жасап жатырмын. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс  жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді болып табылады. Осы бағытпен жұмыс жасау баланың түлға болып қалыптасуына көмегі зор деп білемін. Бұнда мұғалім нұсқаушы, ал бала оны қалыптастырушы болады. Яғни өз бетімен іздену жұмыстарының нәтижесінде бала бойындағы болу керек қасиеттер дамиды.Өмірмен байланысы өте көп. Бұрынғы дәстүрлі сабақ берудегі қатқан заңдылық жоқ. Барлығы өз еркімен жүзеге асып жатады. Топпен , жұппен және жекелей жұмыстар жүргізіледі. Осының нәтижесі, менің басты проблемамды жеңуге де көмегі зор екенін байқадым. Сонымен қоса әріптестерімнің, тәлімгерімнің, оқып жатқан курс тренирінің сабақтарына қатысып, өзіме керекті мағұлматтар жинай бастадым. Сұрағымның жауабын жан-жақты іздену арқылы табамын деген ой болды.

 

Тренирімнің сабағы.

 

Сыныпта үш оқушының іс-әрекетін зерттеуге ала отырып, алдымен оларға бақылау кестесін құрдым.

Бақылау түрі:
А оқушы – Мансұр
Б оқушы – Мөлдір
С оқушы – Ералы.
Білім деңгейі
Сабақ үлгерімі үздік оқушы.
Жақсы үлгерімдегі оқушы.
Нашар оқитын оқушы.
Ой-пікірі, өзіне сенімділігі
Өз-өзіне сенімді, кез келген уақытта ой-пікірімен бөлісіп, қиындықтан шыға алады.
Белсенділігі аз, ой-пікірімен көп бөлісе бермейді.
Өз-өзіне сенімсіз, өз ой-пікірімен мүлдемге бөліспейді.
Сабаққа қызығушылығы
Жоғары
Орташа
Төмен
Бойындағы қабілеті
Қабілеті бар, толықтай көрсетіп отырады.
Қабілеті бар, бірақ толық ашылмайды.
Қабілетін көрсете алмайды.
 

А – оқушы.                      Б – оқушы.                       С – оқушы.

 

Осы үш оқушыға басқа балалардан қарағанда көп көңіл бөліп, зерттеу жұмысымды бастадым. Олардың сабаққа деген қаншалықты ынталарының барын ескердім. С-оқушымның ата-анасы басқа қалада тұрады, Ералы ата-әжесінің қолында болғандықтан ба? Еркелігі көп, ата-әжесе баланың дегеніне көніп, айтқанын орындап отырады. Сол себепті, сабаққа деген үй тарапынан көмек аз.

Топпен жұмыс жасауда бала емін – еркін топ мүшелерімен қарым – қатынасқа түсе алады, ойын білдіре алатындығына көзім жетті. Яғни өз ойын жетік жеткізе алмайтын бала тобымен бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Белсенді баланың не істеп, қалай тапсырма мен жаттығуларды орындап отырғанына қарап, ол да ізденуге талпынатындығын байқадым. Әмбе топ басшысы үндемей отырған баланы қатыстыруға тырысады. Бұндай жұмыс жасауда баланың ойын білдіруге мен үшін көп көмегі болғандай. Қазіргі уақытта бала топ ішінде еркін сөйлеуге үйренді. Топпен жұмыс жасау кезінде қолданған әдістеріме тоқталатын болсам, «Жигсо», «Үлкен шеңбер», «Еркін әңгіме», «Сұрақтар шеңбері», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Уақыт шеңбері», «Т кестесі» сияқты әдістерді қолданып отырдым. Осы әдістерідің біріне тоқталадын болсам,  «Үлкен шеңбер», Мұнда топпен бірлесе жұмыс жасаудың тиімді үлгісі. Әр топқа талқылау керек проблема тақырыбы беріледі. Белгілі бір уақыт ішінде әрбір қатысушы топ ішінде жеке жұмыс жасайды, өз ойын жинақтайды. Сөйтіп уақыт аяқталған сон әрбір қатысушы өз ойларын ортаға салады. Ал қалғаны мұқият тыңдайды. Осы арқылы әр қатысушы қатысып, сөйлемей қалатын бала қалмайды. Бұл да бір  баланың ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жеткізе алуға көмегі өте зор. Топпен жұмыс жасағанда тиімсіз жақтары да байқалып отырды. Көбінде топ бір тапсырманы орындағанда дауға келіп, шу болып отырады. Бұл шу келесі топтың жұмыс жасауына көп әсері бар екен.

Бірінші сабақ.

Математика сабағында «Нәтиже сабақ» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабағымда ойлауды қажет етіп, өз ойларын жеткізе алатындай тапсырмалар болды. «Сұрақтар шеңберінде», «Сиқырлы ұяшық» сияқты әдістерді қолдандым.

 

Математика пәнінен ашық сабағым.

Сабағым жақсы өтті. Осы үш оқушымды зерттей келе А оқушы сабаққа өте белсене қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп отырды. Б оқушыдан толық қанды жауаптар ала алмадым. С оқушының сабаққа белсенді қатыспады, тіпті мүлдемге қатысып отырмады, тек жанындағы балага сүйеніп отырды.

Тақырыбы
Нәтиже сабақ
Білу
Өткен тақырыптарға есеп шығара алады.
Түсіну
-Есептердің шығару жолдарын.

-Берілген тапсырмаларды орындай алады.

-сабақты қорыта алады.
.Қолдану
Тапсырмаларға байланысты сұрақтарға жауап бере алады.
Талдау
Әртүрлі тәсілдер арқылы тапсырмаларды шығарып, талдай аладаы.
Бағалау
Әр тапсырмалар сайын бағалап, сабақ соңында қорытындысын шығарады.
Жұппен жұмыс жасау барысында  белсенді баланы белсені емес баланың қасына отырғыздым. Оның да нәтижелі көмегі болады екен. Топпен жұмыс жасаудан  гөрі жұппен жұмыс жасаудың нәтижесі бар сияқты. Яғни, топта қанша бала бар, соншасы роль атқарса,бұнда екі бала ғана рөль атқарады. Ойлауды, сөйлеуді қажет ететін тапсырмаларды берген кезде,екеуі өз араларында ғана талқылап, жұмысты орындап отырады. Белсенді бала белсенді емес баланы әр уақытта қолдап, алдыға жетелеп отырды. Оның қателіктерін жоюға тырысып отырды. Бұл жерде тек білім ғана емес, сондай-ақ достықты да нығайтады екен. Әсірес, жоғарыда айтылғанда топта шу көп болса, жұптық жұмыста шу аз, тапсырма нәтижелі орындалып отырады екен. Сол себепті мен көбінесе жұппен жұмыс көбірек жүргізіп отырдым. Бұның тиімсіз жақтарынан көрі тиімді жақтары көп екен. Ягни, жоғарыда айтылғандай бала 1 сынып оқушысы болғандықтан жұп кезіндегі отыруы талапқа сай және денсаулығына да зияны жоқ екен. Белсенді емес бала қасындағы балаға қарап талпынады. Сол сияқты сөйлеуді үйренеді екен. Менің көбінде беріп отырған суреттік тапсырмаларым, ертегіні жалғастыр, сурет бойынша әңгіме құрастыр сияқты тапасырмалар көп беріп отырдым. Түрлі әдістер арқылы жүргізіліп отырды.Атап айтсам: «Қар кесегі», «Вен диаграммасы», «Жұптық әңгіме». Мысал алып көрсететін болсам, «Жұптық әңгіме»әдісінде идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптық әңгіме өзін сенімсіз сезінетін оқушылардың өзін еркін ұстауына, өз ойын ашық білдіруіне көмектеседі. Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса ара-қашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ. Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданамыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелейміз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз (мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керсінше).Оқушыларға сұрақтар қойғызамыз. Сол қойылған сұрақ бойынша талқылайды. Әр жұпқа мақсат қойып алу керек.Мысалы, мынаған жауап бер. – деген сияқты. Осы сияқты көптеген әдістерді қолданып отырдым.

Екінші сабақ.

Дүниетану сабағындағы «Дәмді әрі пайдалы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Бұл сабағымды SWOT стратегиясы арқылы талдауым.

SWOT стратегиясы арқылы талдау

Күшті жағы
Әлсіз жағы
–         Қойған сұрақтарға ұтымды жауап берді.

–         Сабаққа өте белсенді қатысты.

–         Тәжірбиелер жасай алды.
–         Толық жауап беруі әлі де нашар.

–         Еркін сөйлеуге қиналды.
Мүмкіндігі
Қауптілігі
–         Ойларын еркін жеткізеді

–         Бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруге үйренеді.

–         Түйін ойды табуға үйренеді.
Кебір «с» деңгейіндегі оқушылар топтық, жұптық жұмыс кезінде белсенді оқушылардың көлеңкесінде қалып қойып отыр.
 

Зерттеу жұмысы.               Сергіту сәті.                  Видеоролик көру.

Жекелей жұмыс жасау баланың қалыптасуына өте көп әсері бар. Бұл дегенің бала әрдайым қадағалауымда болады екен. Бірден 10 баланы сабақ артынан алып қалмай, бір-бірден алып отырдым. Сонда бала білу керек білімін жетік қабылдап, нәтиже береді екен. Әрине 24 баламен жұмыс жасаудан гөрі 1 баламен жекелей жұмыс жасаудың білім сапасыда жоғары болмақ. Сол сияқты оз ойын қысылмай жеткізе алуына болады екен. Мысалы, сыныппен бірлесе отырып, талқылау керек ертегін талқылауда, кейбір бала қысылып, ұялып сөйлемей жатады. Ал жеке жұмыс кезінде бала айналасында ешкімнің жоқ екенін аңғарып, сөйлеу кезінде қысылмайды екен. Сұрау керек жерлерін сұрап та отыра алады екен. Бірақта тиімді жағымен бірге әрдайым тиімсіз жағы бірге кезігіп отыратындықтан, бұл жағдайдын да тиімсіз жағы бар екен. Бала білу кергін біліп, сөйлеуді үйреніп, өз ойын жеткізе алуды үйренгенімен, басқалармен қарым-қатынас кезінде қиындық тудырады екен. Бала өзгемен қарым-қатынасқа түскенде қиналады . Жасқаншақтық қасиеті басым болады екен. Сол себепі жекелей жұмыспен қоса топпен, жұппен жұмыстарды алмастырып, сабақта қолданып отыру керек. Көбінде жекелей жұмысты «С» деңгейіндегі балалармен жұмыс жасап отырдым. Жекелей жұмыс кезіндегі қолданған әдістерім; «ББҮ кестесі», «Ыстық орындық», «Сұрақтар бар қорап», «АӘБВ тестік тапсырма» Осындағы «А Ә Б В тестік тапсырма» әдісіне тоқтала кетсем, Сыныптағы оқушының әрқайсысына  А, Ә, Б, В әріптерімен жазылған карточкалар әзірлеу керек. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақ жазылады. Бала дұрыс деген сұраққа жауап береді. Бұл жерде әр бала бір-біріне қарамауы қажет. Барлығы толығымен тестік тапсырманы аяқтап болған сон ауызша жеке –жеке әр баладан бір-бір сұрақтың дұрыс жауабын сұрап отыру керек. Бұл жерде де бала сөйлеуге, тапсырманың дұрыс екендігін ойлауына және өз ойын жеткізе алуына көмек береді.

Осы сияқты көптеген әдістер сабақ барысында үздіксіз жүріп оырды. Атап айтып көрсететін болсам; «Өрмекші», «Еркін әңгіме», «9 ромб»,  «Серпілген сауал», «Қабырғаға қарап өз ойын айту». Бұл әдістердің барлығын жаңартылған білім берудегі арнайы курстарда мектеп ішінде өтіліп жатқан курстардан меңгеріп, үйреніп, сабақтарымызда қолданып жатырмыз.

Үшінші сабақ.

Сауат ашу пәніндегі  «Ақ тоқаш» мәтіні.

Тақырыбы
Ақ тоқаш
Білу
Мәтінің мазмұнын айтады.
Түсіну
«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша өз ойларын жазып, айта алады.
Қолдану
Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап бере алады.
Талдау
Х – стратегиясымен салыстырады. Т кестесі бойынша жақсы және жаман жағын талдайды.
Жинақтау
«Венн диаграммасы» бойынша ортағын табады.
Бағалау
Түйін сөзін табады, қорытындылайды.
Берілген мәтінді Т кестесі арқылы талдау.

Сәтті жағы
Сәтсіз жағы
–         Сабаққа деген белсенділіктері артты.

–         Толық жауап беруге дағдыланды.

–         Түйінін шығарып, өз ойларын жеткізе алуга бейім делді.
–         Топпен жұмыс жасау кезінде барлық балалар бірдей қатысып отырмады.

–         Тапсырмаларды «А», «Б» деңгейіндегі балалар орындап отырды.

Бағалау кезі                    Топпен жұмыс             Жекелей жұмыс

Сонғы сабағым алдынғы сабақтардан қарағанда сәтті өтті. Көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды, көптеген нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Осындай жұмыстар жасай отырып, жыл басынан салыстырғанда 1 сынып оқушыларына талап етілген, қаншалықты меңгеру керек екен нәтижелеріне, өз көздегеніме біраз болса да жеткендеймін.  Жыл басында бала жасқаншақ, сөйлеп, өз ойын жеткізе алмаса, қазырғы уақытта сол проблемаларды жеңіп, бала сөйлеп отыр. болса да қысылмай өз ойын жеткізе алып отыр.  100 пайыз осы проблеманы шеше алмасамда 80 пайыздайын шешкендеймін. Неге 80 пайыз-ақ десеңіздер, осындай проблемалары бар балаларымен тек мұғалім жұмыс жасап жатсада, ата-аналарынан еш көмек болмай жатыр. Қазіргі заман талабына сай барлығы жұмыс басты болғандықтан, көбі жас отбасы болғандықтан, оларға деп қойылған талап, тапсырмаларға көнбей, балаға деген көмек бермеуде. Сол себепті балаға қажет деген, беру керек деген білімі аз болып тұр. Мектепте айтылғанымен ол үйде қайталанып, отындалып отырмаса, кері әсер беруі әбден мүмкін. Сол себепті пайыздық көрсеткішім азық етіп тұр.  Әлі де көп жұмыс жасау  керек сияқты. Бұл жұмысты алда да жасай отырып жеңемін деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда үш сабақ беру барысында байқағаным сынып топпен жұмыс жасауға бейімделді. Талдауға үйренді. Қолданып жатқан әдіс-тәсілдерді толықтай меңгеріп, жұмыс жасауға үйренді. Бұрынғысынша қандай да бір сұрақ түрлеріне қатысты сұраққа толықтай жауап бере бастады. Сыни ойлауға жетелеп отырдым. АҚТ- ны жиі қолданып отырдым. Сабақты бағалауға үйреніп, қтналмай бағалай алатын болды . Сонда да «С» деңгейіндегі балалармен әліде жұмыс жасауды қажет етеді. Осы оқушыларға жекелей көптеп тапсырмалар беріп отыруым керк деп ойладым. Сындарлы оқыту арқылы әрбір тақырыпты өмірмен байланыстырып отыруға үйретуім керек.

Өзімде осы зерттеу барысында көптеген нәрселерді меңгеріп, болашақта да бұдан да қызықты, нақты айқын сабақ беріп отырамын деп өз-өзіме шарт қойып, жұмыс жасаймын деп ойлаймын.Алдағы уақытта менің педагогикалық ұстаным мен көзқарасым айқын, өзгерген мұғалім ретінде ұстаздық қызметімнің жаңа белесіне көтерілемін! Өз мақсатыма жете отырып, болашақта іс-әрекетіме оң әсерін тигізеді деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *