«Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тілі пәнінін оқытуда Блум таксономиясының тиімділігі»


Абилдина Акбаян Кадирбековна

«ЖОББМ»КММ №4 , КМҚК № 10  «Ұшқын » бөбекжайы қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда қазақстандық қоғамның барлық саладағы көптеген өзгерістерге байланысты еліміздің білім беру жүйесіне де жаңа реформалар енгізілуде. Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейі жоғары ,әлеуметтік ортаға тез бейімделе алатын , дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Өскелең ұрпақ біздің  болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі өзге ұлт балаларын қазақ тілі пәнін оқытуда Блум таксономиясының тиімді жақтары өте көп. Блум таксономиясы білімді игеруге бағытталған алты қадам (білу, тану; түсіну; қолдану; талдау; жинақтау; бағалау) бойынша жүзеге асырылады.

Блум таксономиясына негіздеп құрудың тұлға құзыреттілігін  қалыптастыруда зор маңызға ие екенін ерекше атап өтуге болады. Бұл оқу тапсырмалары оқу үрдісін, жұмыс түрлерін тиімді басқаруды, сонымен қатар өз оқуын табандылықпен  жалғастыруды,  оқудың ұзақ кезеңінде ықыласты болуды  және оқудың мақсаттары мен міндеттерін сын тұрғысынан  ойлауды қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда  оқу  тапсырмаларының қорын  әзірлеу жұмысы  бізден Еуропалық біліктілік жүйесіндегі   іс-тәжірибені    үздіксіз оқып үйреніп,  қолданысқа енгізе білуімізді талап етері анық.  Ал оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну  –  оқытудың нәтижелі болуын қамтамасыз етудің жолы.

Балалардың өздік жұмысын тиімді  ұйымдастыру үшін Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар жүйесінің жоғарыдағы мәселелерге байланысты құрылу қажеттігі сөзсіз. Оқу  тапсырмалары  анық,  нақты  және  әр  балаға түсінікті және арнайы етістіктермен аяқталатынын да ескерген жөн.  Аталған оқу тапсырмаларында деңгейлік тапсырмалар жеңілден күрделіге дейін сатылана келе,  6 деңгейдегі тапсырмалар өмірлік жағдаяттарды шешуге, яғни тұлғаның алған білімін өмірде пайдалана алуға жетелейтіндей бағытта құрылу міндетін іске асыру маңызды. Мысал ретінде  Блум таксономиясы бойынша жүргізілген «Шалқан» ертегісінің мазмұнына құрылған тапсырмалар сипаты төмендегідей болмақ.

Блум таксономиясының бірінші деңгейі бойынша  оқу іс әрекетінің алғашқы бөлімінде(мотивациялық қозғаушы) ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, атауларын айтқызатын тапсырмалар орындау. Мысалға , «Сиқырлы текше» әдісі бойынша текшенің әр қырына кейіпкер суреттерін қарап ,айтқызу.

Таксономияның екінші деңгейінде ертегідегі  осы кейіпкерлердің қандай топқа жататынын ажыратып  көрсетеді.Оқу іс әрекетінің екінші бөлімінде(ұйымдастыру іздестіру)  қолдану деңгейінде ертегінің мазмұнына байланысты тапсырмалар  жасауға болады. Мысалға, шалқан бұл не? Ол көкөніс. Осыдан балалармен жыл бойы өткен тақырыпты қайталау мақсатында көкөністер мен жемістерді ажырататын тапсырмалар. Әрі қарай  ертегідегі отбасы тақырыбына  байланысты сөздерді қайталау, «Ертегідегі сүйікті кейіпкерім» тақырыбында сөздер мен сөз тіркестерін айтқызу. Баланы бағалау мақсатында «Кіс жоқ?» немесе «Артығын тап»  сынды тарсырма беру арқылы  білімдерін жинақтап, бағалауға болады.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда қазақ тілі пәнін  оқытудың сапасын арттыру оқытушылардың оқыту әдістерін ұтымды таңдауына тікелей байланысты. Оқыту әдістерінде қазақ тілін  сапалы оқытып үйрету мақсатына сәйкес іріктеуде мынаны ескерген жөн: материалды меңгеру біртіндеп, сатылай  өсу заңдылығымен жүзеге асады. Мұндай жағдайда білімнің нақтылы деңгейін қайта жаңғыртуға  бағытталған әдістерді іріктеу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *