«Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану»


 Кенжебаева Зухра Куанышбековна
 учитель казахского языка и литературы ГУ«Атбасарского отдела образования» Ново-Александровская средняя школа № 2

    Қазақ тілі  сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.   Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс – әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.
Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.
Бұрынғы беріп жүрген дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда  алдыма қойған мақсаттарға жетудің жеңіл жолын тапқандай болдым.   RWСТ  бағдарламасына дейін: Сабақта оқушылардың білім деңгейін бақылау, назарда ұстау үнемі мүмкін бола бермейді, өйткені сабаққа тұрақты қатысып отыратын балалар саны 5-6 ғана, көпшілігі оқта –текте іске араласады. Барлық оқушыға бірдей тапсырма беріледі. Оны жақсы оқитын оқушылар тезірек орындап , қалғандары  дайын жауаптарды қайталайды. Сондықтан көпшілік оқушыны орташа деңгейде білім дағдылары бар. Мұғалім дәстүрлі сабақтың әр кезеңінде жаңа материалдарды жеріне жеткізе түсіндіруді мақсат тұтады. Оған бар шеберлігін салады. Өте жақсы карточкалар , көрнекіліктер қолданады, иллюстративті –баяндау әдістерін көп пайдаланғандықтан  оқушылар «апай не айтады» деп отыруға дағдыланған. Оқушылар сабақта негізінен репродуктивті әрекетпен айналысады. Мұғалім әр түрлі тәсілді қолданылады. Сабақта оқушының тілдік қарым –қатынысқа түсуі тек сұраққа жауап беру шеңберінде жүзеге асады екен. Жауап кейде қысқа беріледі. Оқушылардың бір –бірімен диалог құру сәттері , мұғаліммен пікірлесу кезеңдері сирек байқалады. Оқу материалын негізінен жаттап айтып беру, талап етілетіндіктен пайымдау, тәжірибеде аздау көрінеді.көрнекілік, проблемалық сұрақ, әңгімелер , шығармашылық жұмыс, тыс сабақтар, ойын сабақ, саяхат сабақ өткізуде тәжірибе. Сабақтағы оқушылардың көңіл-күйі мұғалімнің көңіл-күйіне тәуелді сияқты.Мұғалім алғашқы кезде балаларды сабаққа  қабылдауға даярлау,қызықтыру жұмысына жете мән бере бермейтіндігі анықталды. Сабақта өте жақсы тәртіп     қалыптасқан.Оған мұғалімнің қажырлы еңбегі арқылы қол жеткендігін байқау қиын емес. Оқушылардың ата-аналарыментығыз байланыс жасау да өз нәтижесін бергенге ұқсайды. «Тәртіп» -ұғымы тыныш отыру, қол көтеріп сөйлеу, негізгі  мәселеден ауытқымау деп қабылданатын сияқты. Сынып оқушылары ішінде балалармен араласын  кете алмайтын, бұйғы оқушылар бар екен. Олар үшін коммуникативті , интерактивті әрекеттер қажет –ақ. Кейін: Мұғалім жұмысындағы жаңалық оқушыларды топтар бойынша отырғызудан бастайды. Топтардағы тапсырмаларды орындауға әр бір топ мүшесінің үлес қосуы шарт. Бұдан мұғалім әр оқушының білім алуға бағытталған іс –әрекетін бақылауға , мөлшерін анықтауға мүмкіндік алады. Оқушылар жұмыстарына арналған портфелді зерттеу, олардың ойлануында, дамуында ілгерілеудің бар екенін көрсетеді. СТО  бағдарламасының идеясын, философиясын түсінгенін байқадық. Оқушыларға стратегияларды ұсына отырып , жаңа ақпаратты өз бетінше меңгертуге жұмылдыруға әрекеттенеді. Сабақтың бұрынғы алгоритмін өзгертіп, үш кезеңнен тұратын модельге көшкен. Дегенмен , кей сабақтарында уақыт жетпей жатады. Сабақ өткізу мәнерінде көп өзгерістер бар. Семинарда  үйренген стратегияларды  әр кезеңнің  мақсат –міндеттеріне сәйкес таңдануға үйренген. Бірден сәтті шыға бермегендері де кездесті. Өз сабағына жасаған талдауында мұғалім қай жерде олқылық кеткенін айта алады. СТО стратегиялары арқылы оқушылар білім алу үшін әрекет етуге үйрене бастайды. Оқу әрекетіні компоненттері: Жаңа білімнің қажеттілігін сезіну, ынта –ықыласының аууы, құралдарын белгілеу, жаңа мазмұнды меңгеру,оны қолдана алу, дұрыстығын дәлелдей алу, бәрі ретімен шешіліп жатады. Сабақтағы басты өзгеріс – оқушылардың жаппай тілдік әрекетке түсуі , өз ойын айтуға еркіндік берілгендігінің нәтижесі көп ұзамай –ақ көріне бастады. Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.  Оқу –тәрбие үрдісінде қолданып жүрген технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» .  Осы технологияның барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары , қиялдары , елестетуі , дарындылықтыр жеке, жұппен , топпен жұмыс істеу, әр түрлі ортада бейімделуі артады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары

·         Балаға ізгілік тұрғыдан қарау;

·         Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

·         Баланың танымдылық күшін қалыптастыру және дамыту;

·         Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

·         Баланың танымдылық және  шығармашылық  икемділігін дамыту;

·         Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез -келген  мазмұнға сыни тұрғыдан қарап , екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға , саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған  ойлау . Бұл деңгейдегі

ойлау жас балалардың  да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайы өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып ,белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында  ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Қызығушылықты ояту –үйрену процессі, бұрынғы біліетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы ен біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту , ми қыртысы арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызымет ететін «Топтастыру », «ББҮ», «Болжау», «Ой ашар», т.с.с әдістерді қолданамын .

Қызығушылықтың екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену –ен жарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс –әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту , бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –бірте қадажасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап , оны байырғы білімімен  ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған  бағдарламаның екінші кезеңі  мағынаны тану . Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның ішіндегі қолданып жүрген «ДЖИК СО –I» , «ДЖИК СО –II» , «Әлемді шарлау», «Кубизм », «ББҮ»,т.б ДЖИК –СО –ұжымдық оқыту әдісі . Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқыланады. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл –стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы –тәртіп орынайды. Сондай –ақ мұғалімді , мектеп қызыметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.Шынында да, «Әлі жаза да, оқи да білмейтін балалар мен RWСТ стратегиялар бойынша қалай жұмыс жасауға болады?» деген сұрақ  мені де толғандырады. Маған бастапқыда RWСТ әдістері оқу мен жазу дағдылары  қалыптасқан оқушыларға ғана болып көрінеді.Көптеген педагогтар мен ғалымдар : «Оқуға жаңа үйреніп жатқан оқырмандар кейбір дағдыларды  басқа жағдайда тез игеретіні н іс тәжірибе көрсетіп отыр, сондықтан оқуға үйретуді белгілі дәрежеде мәтінді міндетті оқытудан тыс жүргізуге болады», -дейді. Бұдан нені аңғаруға болады?Бұдан балалардың оқуға деген кейбір қабілеттерін мәтінді  оқытпай –ақ дамытуға болады деген сөз! «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз  ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

• шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Сын тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Мына бір сызбаға назар аударайық.

Күнделікті  д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері  Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді  Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді  Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды.  Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады.  Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады  Жауап береді
Сто  технологиясы    с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері    Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды  Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды  Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады  Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды. Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді  де   оңтайлы  жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.  Шығыс даналығы  “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме?  Сондықтан  мақсат пен мазмұн  мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған  қазіргі жағдайда  бұл стартегиялардың маңызы зор. Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.  Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ  тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.

Соның ішінде толғануды тиімді  етуге  лайықталған “Венн  кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты  стратегиялар   әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала  қолданылады. Мәселен:  “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы  сөз ойлап табу  оқушы үшін үлкен  ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.

Қорыта айтқанда,  оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.

Болашақтың бәсекесіне қабілетті  ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *