«Әкелер бізде қонақта» атты әкелер сайысы


Капбасова Нұргүл Күленқызы

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын № 16 «Балдәурен» бөбектер бақшасының дене тәрбие нұсқаушысы

Мақсаты: Балалардың  денсаулығын  нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын  арттыру.Балалар  мен  ата-аналарға  спорттық  ойындарды  орындата  отырып  спортқа  деген  қызығушылығын  арттыру.

Қажет құралдар: хоптар 3 дана, шеңберлер 3 дана, қапшықтар 3 дана, арқан 1дана, есеп жазылған қағаз 6 дана, 3 үлкен доптар, 24 кішкене доптар, доп салатын шелектер 3 дана,

 

Алдын ала жасалатын жұмыстар:  топтың атын, ұрандарын, төсбелгілерін дайындау,  киім үлгісін кию (ақ, қызыл немесе т.б жейде кию.)

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

 

Шынықсаң  шымыр  боласың

Сауығып  айдай  толасың,

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боласың!

Жеңімпаз  болу  оңайма?

Арман  болған  талайға

Болмасаңда  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

 

ІІ Негізгі  бөлім. Құрметті балалар, ата- аналар, қонақтар,  бала бақшада үлкен мереке. Бізде тәрбиеленуші балалардың әкелері  арасында «Әкелербізде қонақта»  атты спорттық жарыс өтпекші. Олардың балаларымен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшыл және қөңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Сіздерге  сәт сапар тілейміз! Көңілді  жарысқа «Толқын» және «Жұлдыз» тобының  бүлдіршіндері  мен  әкелері  қатысады.

 

Жарысқа  қатысушыларды  ортаға  шақырамыз.

Әр  таңды  бақытпен  атырамыз,

Өнерлі  ой  көгінде  бақылаңыз.

Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға,

Әкелер мен балаларды шақырамыз.

 

Сайысты  бастамас  бұрын,  сайысымызға  әділ  баға  беретін  әділқазылар  алқасымен  таныс болайық.

 

1………………………..

 

2…………………………….

 

3……………………………..

 

Сайысымызды  бастаймыз!

Ойын  мынадай  шарттардан  тұрады:

1.Таныстыру: топтың аты, ұраны

  1. «Жүйрік ат» эстафетасы

3.«Кім жылдам?» эстафетасы

  1. «Кедергілер алаңы» эстафетасы
  2. «Су тасу» эстафетасы

 

Музыкалық номер

 

  1. «Кенгуруша секірейік» эстафетасы

7.«Қол күресі» эстафетасы

  1. «Кішкентай күшіктер» эстафетасы

9.«Қапшықпен секіру»эстафетасы

  1. «Түрлі – түсті шарлар»эстафетасы
  2. «Арқан тартыс» ойыны

 

Музыкалық номер

Қорытынды  бөлім:         Жарыс заңы  ежелден

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол

Еңбектену , жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу  артта  қалады.

Бұл  сайыстан ренжімей

Тараса  бізге  жарады –

 

демекші  сайысымыздың  шарттары  бойынша   қорытынды  шығарып    жеңімпазды  анықтап, марапаттау  сөз  әділқазыларға  беріледі. Жарысқа  қатысушы  ата-аналар мен  бүлдіршіндерге  арналған  сыйлықтарын  табыс етпекші.

Қабыл  алыңыздар!

Уа,халқым  назар  аудар денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді,

Құр  айтпаған  ұлы  Абай  данамызда –

демекші  Құрметті қонақтар,  келгендеріңізге  көп-көп рамет!

1.Таныстыру (топтың аты, ұраны, төсбелгісі)

2.Жүйрік ат» эстафетасы

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына  қысып белгіленген межеге секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.

3.«Кім жылдам?»  эстафетасы

Ойынның шарты :  Үш топтың алдында, үш себет түрады оның ішінде  кішкене доптар салынған. Бірінші сайыскер доптарды алып белгіленген жердегі шеңбер ішіне шашады, ал екіншісі жинайды. Қай топ , тез жинап шықса, сол топ жеңген болып саналады.

  1. «Кедергілер алаңы»эстафетасы

Ойынның шарты :  баласы ортада шеңберді ұстап тұрады, әкесі өрмекшідей жорғалап кедергілерден өтіп шеңбердің ішінен өткеннен кейін 5 рет дене көтеру (отжимание)  жаттығуын жасайды, әкесі орнына оралғаннан кейін, шеңберді ұстайды, баласы да қайталайды бірақ  дене көтеру жаттығуынорындамайды.

  1. «Су тасу»

Ойынның шарты :  Топтың алдарында кішкентай шелекпен су тұрады, судың ішінде қасық тұрады. Қасықпен суды алып белгіленген жерді айналып, келесіге беру. Суды төкпей әрі уақытында келген топ жеңімпаз атанады.

  1. «Кенгуруша секірейік»

Ойынның шарты :  бірінші адам хопқа мініп, белгіленген жердегі есепті шығарып, орнына қайта оралады, келесісі әрі қарай жалғастырады.

Музыкалық номер:

  1. «Қол күресі»эстафетасы
  2. «Кішкентай күшіктер»

Ойынның шарты :  Әкелері аяқ арасын ашып жүреді,  баласы арасынан төрт тағандап өтеді.Қай топ уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.  Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады

  1. «Қапшықпен секіру» эстафетасы

Ойынның шарты:Баласы бір аяқпен секіріп барып белгіленген жерді айналып  қайтады. Әкесінің аяғында қап, осы қаппен секіріп белгіленген жерді айналып орнына барады. Қай топ уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.  Әділқазылар алқасы бағаларын жазып, ұпай сандарын жазып отырады.

  1. «Түрлі түсті шарлар»

Ойынның шарты: Ортада тұрған шарларды отырып жару

  1. «Арқан тартыс»ойыны

Музыкалық номер, жеңімпаздарды анықтағанша.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *