Бастауыш сынып оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысында түзету – дамыту ортасын қалыптастыру


Дюсембаева Тлекеш Каримтаевна

Бастауыш сынып мұғалімі, дефектолог

Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Түзету мекемесіндегі білім беру жұмыстарының маңызды шарттарының бірі – пәндік дамыту ортасын дұрыс ұйымдастыру. Біз ұтымды ұйымдастырылған, түрлі сенсорлық тітіркендіргіштерге және ойын материалдарына толы табиғи жайлы жағдайды дамыту ортасы деп түсінеміз. Сайып келгенде, зияты бұзылған балалармен түзету-тәрбие жұмыстарын жүргізудің мақсаты – оларды әлеуметтік бейімдеу, жұмысқа орналастыру және олар айналасындағы әлеуметтік ортадан қол үзіп қалмаған жағдайда, өмірге әрі қарай бейімдеу. Балалардың танымдық мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, олардың бойына ержеткеннен кейін олар өздеріне-өздері қызмет көрсете алатындай, тұрмыста және арнайы өндірістік цехтарда қарапайым жұмыстарды атқара алатындай, мүмкіндігінше отбасында және еңбек ұжымында өмір сүретіндей, тіршілік ету үшін қажетті дағдыларды дамыту.

Пәндік-дамыту ортасын ұйымдастыру мақсаты – балаға қызметтің әр түрлі түрлеріне белсенді қатысу үшін қажетті материалдардың барлығын ұсыну. Нақтылап айтатын болсақ, дамыту ортасының мазмұны және түрі баланың өзі ұнататын, өзінің қажеттіліктерін немесе мүдделерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін, өз бетімен атқаратын қызмет түрін таңдауына түрткі болады.

Тәрбиелеу қызметіне сәйкес дамыту ортасын толықтыру және құру балалар басқаға беру немесе өзі алу, басқалармен бөлісу немесе өзі әрекет жасау, құрдастарына көмек қолын созу немесе айналып өту сияқты адамгершілік сапаларын таңдау алдында тұрған кездегі жағдайды құруға бағдарланған. Орта ынтымақтасу, өзара жағымды қарым-қатынас орнату, ұйымдасқан тәртіп, ықыласты қатынас үшін негіз қалыптасатын, орталық болып табылады.

Әрбір қызмет ортасын ұстау ең әлсіздің «өзекті даму аймағына» сәйкес келеді және сыныптағы ең күшті оқушының «жақын даму аймағында» болады.

Жалпы бастауыш сыныпта 39- оқушы оның ішінде 29 оқушы I-бөлімде, 10 оқушы II-бөлімде оқытылады.

ӘБ мұғалімдері баланың дамуына ықпал ететін, ахуал тудыруға тырысады, бұл ретте аймақтандыру қағидасын сақтайды:

→ Оқу аймағы;             → Ойнау аймағы;       → Оңашалану аймағы.

Оқу аймағы.

2-ші бөлімнің сыныптарында оқу аймағын ұйымдастыру кезінде біз дәстүрлі отырғызуға жол бермейміз, парталарды балалар бірінің артында бірі отырмайтындай түрде орналастыруға тырысамыз.

Ойын аймағы.

Тәжірибелік өмір аймағында соның көмегімен бала өзін-өзі және өзінің заттарын күтуге үйренетін, материалдар орналасқан. Жиектемедегі ілгектерді (түймелерді, сыдырма ілгектерді, айылбастарды, түйреуіштерді, бауларды, ілмектерді) пайдалана отырып, бала өз бетімен киінуді; басқа ыдысқа ақтаруды, құюды (күрішті, суды), ауыстырып салуды (бір ыдыстан екінші ыдысқа), сілкілеуді (ішіне моншақтар немесе жармалар салынған, банкаларды, бөтелкелерді), көмуді/қазып алуды (жармадағы, құмдағы), сабын көпіршіктерін үрлеуді үйренеді;

Сенсорлы даму аймағына балаға әр түрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, салмағын, түсін, шуды, иісін, пішінін ажыратуды үйретуге, алдағы уақытта өзіне қажет болатын, өз тіндерімен таныс болуға көмектесетін, материалдарды орналастырамыз;

Оңашалану аймағы. Оңашалану аймағына орай балада босаңсу, мазасыздықтан арылу, күшін қалпына келтіру,өзін қорғалған ретінде сезіну мүмкіндігі пайда болады, өйткені көбіне, әсіресе «ерекше» балаларда оңашалану қажет болатын, сәттер болады.

Біз мектепте оқушыларды әлемді бүкіл сезім органдарымен тану, өз ойын шығармашылық тұрғыдан білдіру, өз бетімен зерттеу қызметіне ықыластандыратын, бай және саналуан пәндік, ақпараттық және құрал-саймандар ортасын құруға тырысамыз.

Сондықтанда, күрделі (кешенді) бұзылулары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары тұлғалық-бағдарланған болып табылады, материалдың мазмұнын кезең-кезеңмен күрделендіру арқылы, жүйелі түрде жүргізіледі, ересектердің көмегін біртіндеп азайта отырып, жақын даму аймағын ескереді.

Бастауыш сынып мұғалімдері түзету-дамыту ортасының икемді бейімделуін қамтамасыз ету үшін әрбір баланың даму динамикасына үздіксіз мониторинг жүргізеді.

Оқу жылының басында, ортасында және соңында толтырылатын, оқушылардың жеке жетістіктерінің парақтарын жүргізеді. Онда оқу, жазу, есептеу дағдыларының даму динамикасы бақыланады. Осы бақылаулардың негізінде:

Оқу жылының басында, ортасында және соңында оқу, жазу, есептеу дағдыларының даму деңгейіне мониторинг және

І және ІІ жартыжылдыққа жеке түзету бағыттары жасалады.

Бірінші жартыжылдықтың басына, соңына сыныптың үлгеріміне салыстырмалы мониторинг жүргізу оқушылардың оқу дағдыларын меңгеруінің толық картинасын алуға, даму динамикасын бақылауға, ойында қалатын аймақтарды айқындауға және тиісінше түзетуге көмектесу жолдарын белгілеуге мүмкіншілік береді.

Зияты бірқалыпты дәрежеде бұзылған, оқушылар оқитын сыныптарда, мұғалімдер:

Ғ – 71 сыныбы оқушыларының даму деңгейін анықтау үшін бақылау-диагностикалық тексеріс жүргізеді, оған старттық, бақылау және қорытынды диагностика кіреді;  Ғ – 71 сыныбы оқушыларының даму деңгейін анықтау үшін бақылау-диагностикалық тексеріс жүргізу кезінде барлық мамандармен кешенді тексеріс іске асырылады: дефектолог-мұғаліммен, логопедпен, психологпен, сынып тәрбиешісімен. Әрбір ұстаз даму динамикасын дамудың келесі жүйесі бойынша бақылайды:

Тәрбиеші:

→ Жалпы хабардарлық және әлеуметтік-тұрмыстық бағдар;

Мұғалім:

→ Өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларының қалыптасуы;

→ Сенсорлық эталондарды қабылдауы;

→ Ұсақ моторикасының дамуы;

→ Көру-моторлық үйлесім;

→ Кеңістіктік қабылдау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *