Тарихи ұлы жеңіс


Құрал Диана Бекзатқызы
жалпы білім беретін №16 орта мектебінің 9 сынып оқушысы

Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып, соғысқа аттанған ата – апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бізді осы тәуелсіз бақытты күнге жеткізген батыр ата – апаларымыздың күш жігерінің арты екенін білеміз.

Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды – жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.

Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді…

Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61мемлекет жан жақтан атсалысты.

Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды.Ал Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Р Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды. Б. Момышұлы Ә. Молдағұлова М. Маметова Т. Бигелдинов М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қәзіргі тату өмірімізге бейбіт заманымызға қуанышты күнімізге жеттік.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті, Қазақ халқының алдында соғыс зардаптарын жою, экономикасы мен мәдениетін, өнер кәсіпті ауыл шаруашылығын, ғылым мен техниканы дамыту тұрды. Тарих тағлымына көз жіберсек қазақ халқы қаншама қиындықтарды басынан өткізіп, бәріне тойтарыс беріп, өзінің шабандылығымен төзімділігі мен парасаттылығын көрсете білді. Егеменді ел, тәуелсіз Қазақстан болып, көшбасшы болып, әлемге танылды.

Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 72 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар. Ұлы Отан соғысы – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз! Солай болғандықтан да өскелең жас ұрпақ, яғни сендерді біз аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз. Тарихта мәңгілік қалатын бұл күнді ұмытпалық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *